400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Жарқын елдің шамшырағы-жас маман

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жас мамандарға ба,ыт ретінде жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, әлемде болып жатқан өзгерістерге үн қосу үшін, тәрбиелеп отырған ұрпағымыз заманның ағымына сай өршіл де өнегелі, бәсекеге қабілетті білімпаз болуы керек. Осы ойымызды ұлы данамыз Абай:«Заманы, заманына қарай адамы»- деген сөзімен дәлелдегендей.

Мәңгілік елдің-мәңгілік ұрпағын әлемдік жаһандануға тәрбиелеу үшін, әрбір қазақстандық мұғалім-жарқын елдің шамшырағы бола білу керек, яғни заманауи мұғалім болу керек деген басты ұстанымды негізге алу керек.

Осы жерде туындайтын проблемалық сұрақ: «Жаңашыл, заманауи мұғалім қандай болу керек?».

Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру керектігін түсіндім, ол- «өмір бойы өздігінен үйрену». «Өмір бойы үйрену» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталады. Өмір бойы үйрену дегеніміз- тұлғаның әлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын болашаққа жету мақсатында өзінің білім,білік,машық,дағды, құзыреттіліктерін үнемі жетілдіру деген сөз.

Мектеп қабырғасындағы еңбек жолымды бастаған күннен бастап, ұстаз болудың ұлы жолын меңгеруге тырысудамын. Алған теориялық білімімді практикада қолдануға дағдыландым. Бірақ қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптың мазмұны жан-жақты өзгерді, себебі қазіргі таңда еліміздің барлық мектептері жаңартылған білім бағдарламасымен жұмыс істеуде. Бұл мәселенің пұшпағы маған де тиді. Оқушыларға әр пәннен сабақ бере жүріп, үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әреекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асатынын, яғни оқу үрдісін тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйретуге болатынын жақсы түсіндім. Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу мен оқытудың жеті модулін меңгергендіктен, жаңашыл, заманауи мұғалімге қойылатын ұстанымдар мен қағидалардың мазмұнын түсіндім.

Қазіргі таңда білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек және білімді өзі меңгеру үшін оқушы оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы мен бағалауы қажет. Осындай жолдар арқылы білімді игертуге болатынын байқадым. Оқушы өз қолымен жасағанын есте сақтайтынын, оған өзі жасағаны қызық екендігін әр сабағым дәлелдеп берді. Осы жерде қытай ғұламасы Конфуцийдің «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін» деген тұжырымы ойымды нақтылай түсті.

Әр сабағымды өткізгеннен кейін нақты мынандай қағидаға келдім: «үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал». Қазақ халқым дана халық, олай дейтін себебім, қазақта: «көре-көре көсем боласың» деген сөзі жоғарыда айтылған ойымды түйіндегендей.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі