Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жарқын көңіл, жомарт күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 1-ші кіші топқа арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жарқын көңіл, жомарт күз!»

Тәрбиеші: Армысыздар, ардақты қонақтар! Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін «Жарқын көңіл, жомарт күз » мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той Қуанышты күн біліп қой! Күзгі бақта сыңғырлап, Алақанды соғып қой! Ал балалар тұрмайық, Қол соғайық тұрмайық. Күзгі бақта бүгінгі, Шырқап әнге салайық. Кішкентай бүлдіршіндердің орындауында «Көңілді ән» қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Өрік, шие, алма, алша, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, Сәбіз қоймаларға түседі. Айтыңдаршы балалар бүл қай кезде болады?

Балалар:Күз мезгілінде

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға қол шапалақтап « Күз ханшайымын» шақырайық.(Музыка ойналады. Осы кезде мерекелік көңіл-күймен залға «Күз ханшайымы » жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.)

Күз ханшайым:Армысыңдар ма, балдырғандар?! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріңе әкелдім, Күздің сыйын көз тартар.

Тәрбиеші: Көп рахмет сізге! Күз ханшайымы мына бүлдіршіндерге таратып берсек бола ма?

Күз ханшайымы:Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары керек. Өйткені күздің сыйлары : жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан балалар мен бір ойын ойнайын, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсетсе осы сыйлықты алуларыңызға болады.

Ойын:«Кім тез жылдам?»

Тәрбиеші:Күз ханшайымы сізге қарасам толып жатқан сырлар көп сияқты, сондықтан бізге арналған қандай сыйыңыз бар?

Күз ханшайымы: Менің жеміс-жидектерімде өздерін таныстыруға осында келді ( жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады.)

1.Дәмі аузыңнан кетпейді, Қызыл алма шырын бал. Көктей тісің өтпейді, Піскен кезде үзіп ал.

2.Мен маржандай шиемін, Күн сәулесін сүйемін. Жемістерім піскенде, Жерге басымды иемін.

3. Қауыннан да басқарақ, Қарбыздан да басқарақ. Семіріпті бақшада, Қандай болып асқабақ.

Тәрбиеші:Күз ханшайымы біздіңде балалар сізге арнап би дайындады. Би: «Бұлттар»

Күз ханшайымы:Балалар сендер өте тамаша ән айтып,би билейсіңдер екен.Сендерге көп-көп рахмет! Тәрбиеші:Күзгі бақтағы қонақтар! Айналайынн балалар, Мерекеміз бүгінгі, Естен кетпес күн болды. Бақыт тілеп бәрімізге. «Сау болыңыздар» деп,аман-саулық тілеп,мерекені аяқтайық.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!









«Өскемен қалалық әкімділігінің №9 «Арман» балабақша- бөбекжайы» КМҚК









Тақырыбы: «Жарқын көңіл, жомарт күз!»

«Еркетай»- 1 -ші сәбилер тобы





Топ тәрбиеші: Нургалиева Ш.С









2017 жы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12