Материалдар / «Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!» Жаңа жыл сценарий 2024-2025

«Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!» Жаңа жыл сценарий 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!» Жаңа жыл сценарий 2024-2025
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Бекітемін

Мектеп директоры










Тақырыбы:

«Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!»



Орындаған: -----------










Тақырыбы:

«Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!»

Мақсаты:

Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру, Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Жүргізуші:


Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым!


Жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді балақайлар, ата-аналар, ұстаздар, мерекелік іс-шарамыздың қонақтары! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жарқыра Туған жер, Жарқыра Қазақстан!» іс-шарасына қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір жанның арман- тілектері орындалсын!

Жүргізуші:

Кішкентай балақайларымыздың жаңа жыл мерекесіне арнайы дайындаған әндері мен билерін қабыл алыңыздар!

5 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!

5 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!

(Әндер мен билер орындалады)

Жүргізуші:

Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Қадірменді қонақтар, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді сезімі сергек, арманшыл саналы ұрпақты тәрбиеленуіне сүбелі үлес қосып отырған мектебіміздің көшбасшысы ------------------- сөз береміз.

(Мектеп директорының құттықтау сөзі)



Жүргізуші:

Біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық!

(Барлығы бірге Аяз ата мен Ақша қарды шақырады)

(Сахналық қойылым басталады)

Мыстан кемпір.


Бәрің жиналып менсіз қандай мереке тойламақсыңдар!

Шыршаларың бар екен, демек жаңа жыл ғой?

Сендер аяз ата мен ақшақарды күттіңдер ме?

Олар келмейді Аяз ата мені орнына жіберді

Қане бастаңдар мерекелеріңді!

Немесе барлықтарыңды сиқырлы ысқырығыммен

Тасқа айналдырамын куффф суфффф!

Әй жарайды, менің мына сыпырғышыма

Мына шыршадан қосып іліп қойыңдар!

Мен енді жылдам жететін болайын

Ал қандай ойын қандай би бар?

Мен бір билеп қалайын

Жаңа Кащейге Ақшақарды алып келемін деп сөз беріп едім.

Жаңа Жылда басын қосып үйлендірем бе деп едім.

Қызықтың бәрі осында екен ғой.

Енді мен сендермен бірге қала берейін.

Мен Кащейге келер жылы барармын!


Аяз ата

Уа жұртым, жиналған

Көңілдерің дүр маржан!

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан!

Аяз ата, Ақша қар,

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы,

Алдымызда күллі арман.

Мықтылығым мәлім ғой,

Өтіп кеткен жылдардан.


Ақша қар.

Армысыңдар ма, балалар,

Ұстаздар, ата-аналар!

Өздеріңді сағынып келдік

Жаңа жыл құтты болсын!

Келер жыл табыс береке бірлік әкелсін

Тарихи жыл болсын!


Аяз ата


Бәрі үшін бақытты да,

Қуанышты кезең болсын!


Ақша қар


Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын!


Аяз ата

Сен мыстан тағы да осында екенсің ғой

Бізден бұрын келіп балаларды қорқыттың ба?

Кәне кет бұл жерден!


Мыстан кемпір


Кешіріңізші Аяз ата, Ақшақар және балалар, сендерде мені кешіріңдерші! Мен сіздерден барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Маған осында қалып сіздермен жаңа жылды тойлауға рұқсат беріңіздерші өтініш.


Аяз ата


Балалар кешіреміз бе мыстанды? Мереке ғой. Өкпе реніш ескі жылмен кетсін.

Жаңа жылды тату тәтті қарсы алайық!


Мыстан кемпір


Рақмет аяз ата , рақмет балалар! Мен тәртіпті боламын! Сіздермен бірге жаңа жылды қарсы алатын болдым, алақай!


Аяз ата


Балалар біз жалғыз келмедік,

Өзімізбен бірге достарымызды ала келдік.

Қилы-қилы заман бар

Ескі жыл кетіп барады қараңдар!

О халайық, халайық,

Қош айтысып қалайық!


Ақша қар


Құрметті достар!

Бізге жақсылықтармен толы болған,

Биылғы жылын шығарып салайық!


Аяз ата


Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан!

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын жаңа жылға берейік


Қыз

Сәлеметсіздер ме, достарым!

Сәлеметсің бе Аяз ата және Ақшақар!

Сәлеметсіңбе, досым!

Мен кешіккен жоқпын ба?

Мен сондай асықтым,

Сондай жүгірдім,

Кешігем бе деп қатты қорықтым!

Менің ең жақсы қасиетім,

Достарыма деген адалдығым.

Көргендерде көрмегендерде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып аңсағанбыз!

Жасыл шырша жанында қол ұстасып,

Жаңа жылды қосылып қарсы аламыз!


Ұл

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Әр қашан мерекелік көңіл болсын!

Кеудеміз күмбірлеген жылға толып,

Қане достар, күлкімен орта толсын!


Қыз

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!


Қыз

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайым.

Жанға шуақ бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!


Ұл

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым,

Құттықтап барға жинап арайын.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан таң шапағын.


Қыз

Жаңа жыл жаңа қадам жаңа бақыт,

Болашаққа сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт,

Келіп міне жатырмыз қауқылдасып.


Қыз

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!


Қыз

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік бірлік дәні орта ғасыр.

Құт болып береке бер, халқымызға,

Мерейін, мәртебесін, биікке асыр!


Ұл

Кел төрлет, жаңа жылым, құтты жылым!

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.

Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,

Жарқырап, әне алдыңнан шықты күнім,


Қыз

Жаңа жылым оң болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!


Ұл

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

12-іні күтер талмай тағаттары.

Ғасырдың 12-ші жылы келді,

Құстай ұшып қырау салған қанаттары.


Қызыл телпек


Сәлеметсіздер ме, балалар

Аяз ата ақшақар және

Менен ең жақын достарым!

Мен сіздерді барлықтарыңызды

Орманнан іздеп жүрсем осында екенсіздер ғой.


Аяз ата

Қызыл телпегім менің,

----ші жалпы орта мектеп оқушыларын

Жаңа жылмен құттықтау үшін

Осында жиналғанбыз


Қызыл телпек

Олай болса, Аяз ата, мен де оқушыларды

Балалар мен ата-аналарды ұлағатты ұстаздарды

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсы жаңа бақыт достарым!


Аяз ата, Ақшақар және менің қымбатты достарым,

Мен жолда кімді көргенімді білесіңдер ме?

Маша мен аюды көрдім

Мүмкін олар да осы жаңа жыл мерекесіне келе жатқан шығар.


Маша


Ух ты, опять новый год,

Мишка спить новерное.


Мишку надо разбудить


Мишка просыпайся,

Снежное утро,

Зимнии небосбод

Потихонечку приближается.

Время сказочных забот

Ждут забавы и развлечения с самого утро.

Зима увлекает опять наступает пора

Пригушки по снегу побегат

Снегами капает.

И крепость построить и снежный бой устроит,

И мы по горке ехать, санками кататься

Грубых воляться и зделать первый шаг на сколський лед

На лыжах твердых и всех побить рекорды

На снега катишь полеты.

Себя мы согреем ничаеных хокеем,

И прочитаем на снегурочку следы,

На снеге как в сказке слез кроем краской,

И станеть небывалым.


Маша


Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Сендерді бүгінгі жаңа жыл

Мерекесімен құттықтаймыз!


Аяз ата

Ал айналайын, жаңа жыл,

Келген қадамыңа нұр бітсін!

Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,

Мынау халайық, бәрі өзіңе аманат!

12-ай бойы бағып қақ , жақсы жыл бол дария нұр бол Жаңа жыл!



Жүргізуші:

Мерекелік кешті жалғастырамыз!

(Балақайлар өнер көрсетеді)

Жүргізуші:

Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Бүгінгі мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Сау-саламатта болыңыздар!

Жариялаған:
Нарбай Бекжұма
20 Желтоқсан 2024
123
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі