Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылайөткізгішті құралдардың қолданылу принципін түсіндіру.

Міндеттері:

- металдардағы электр тогын тасымалдайттын бөлшектерді білу;

- металл өткізгіш бойынан өтетін электр тогының күшінің формуласын білу және қолдану.

3. Күтілетін нәтижелер

- металл, ерітінді, жартылай өткізгіш, газдар және вакуумнің құрамын түсіндіреді;

- техникадағы қолданылуына мысалдар келтіреді;

- әртүрлі орталардың қасиеттерін түсіндіреді: ток өткізуі мен вольт-амперлік сипаттамалары.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау фронтальды сауалнама (10 мин)


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. Студенттермен бірге бағалау критерийлерін айқындау.

  • Э лектр тогы дегеніміз не?

  • Қандай жағдайларда (шарттарда) ток пайда болады?

  • Электр тогы қандай орталарда өте алады?

Білімді бағалау критерийлері:

  • Сұрақтарға жауап береді.

3. Жаңасын баяндау әдісі. ауызша (9 мин)

Токты өткізуіне байланысты денелерді 3-ке бөлуге болады:

  • Өткізгіштер деп – еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері бар заттарды немесе ортаны айтамыз. Бұндай денелер токты жақсы өткізеді. (Металлдар, адамдар мен жануарлардың денелері, ылғалды жер, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі, газдар, вакуум және т.б.)

  • Диэлектриктер еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері жоқ заттарды айтамыз. Сондықтан диэлектриктер токты өткізбейді. (Фарфор, шыны, янтарь, резеңке, пластмасса, газдар, ағаш, капрон және т.б)

  • Жартылайөткізгіштер деп меншікті кедергісі өткізгіштерден аз, ал диэлектриктерден көп болатын заттарды айтамыз. (бор, көміртек, кремний, мышяк, германий, сурьма және т.б.)

Әртүрлі ортадағы электр тогы:

  1. Металдардағы электр тогы;

  2. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы;

  3. Сұйықтықтардағы электр тогы;

  4. Газдардағы электр тогы;

  5. Вакуумдегі электр тогы.

Әр орта үшін:

  • Токты тасымалдайтын бөлшектері;

  • Тасымалдаушылардың пайда болу әдісі;

  • Вольт-амперлік сипаттамасы;

  • Кедергінің температураға тәуелділігі;

  • Қолданылуы

Өткізгіштер деп – еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері бар заттарды немесе ортаны айтамыз. Бұндай денелер токты жақсы өткізеді. (Металлдар, адамдар мен жануарлардың денелері, ылғалды жер, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі, газдар, вакуум және т.б.)

Диэлектриктер еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері жоқ заттарды айтамыз. Сондықтан диэлектриктер токты өткізбейді. (Фарфор, шыны, янтарь, резеңке, пластмасса, газдар, ағаш, капрон және т.б)

Жартылайөткізгіштер деп меншікті кедергісі өткізгіштерден аз, ал диэлектриктерден көп болатын заттарды айтамыз. (бор, көміртек, кремний, мышяк, германий, сурьма және т.б.)


4. Материалды бекіту

Топтық жұмыс. (15 мин)

Есептер шығару.

«Фарадей заңы»

  1. Өткізгіштің кедергісі 20 °С температурада 25 Ом, ал 35 °С кезінде 25,17 Ом. Кедергінің температуралық коэффициентін анықтаңыз.

  2. Күміс өткізгіштің кедергісі қандай температурада өзінің 0 0С кезіндегі кедергісінен 2 есе көп болады? α=0,004 К-1

  3. Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау үшін жасалған тәжірибеде келесі мәліметтер алынды: өткізгіш токқа 20 мин қосулы тұрды, ток күші 0,5 А, катодтың тәжірибе жасағанға дейінгі массасы 70,4 г, тәжірибеден кейінгі массасы 70,58 г. Осы мәліметтер бойынша мыстың электрохимиялық эквивалентінің қандай мәні алынған?

  4. Алюминийді электр тәсілімен өндіргенде ток күші 40 кА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1 т алюминийді өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай? k=0.09310-6 кг/Кл

  5. Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты рафинадтауға жұмсалатын энрегия шығыны қандай болады? k=0.3310-6 кг/Кл

Білімді бағалау критерийлері:

  • Есептің шартын түзеді;

  • ХБЖ-ға келтіреді;

  • Есептің формуланысын түрлендіріп, жауабын табады.

5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия:


Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

6. Үй тапсырмасы. (1 мин)

§42 Жартылай өткізгіштегі электр тогы. Жартылай өткізгіш құралдар.

Жаттығу тапсырмалары.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11