Жарық
дүнием сен ғана...
Қазақтың
қара сөзін кие тұтқан,жүрегінің түбінен
терең қайнап шыққан асыл жырлары мен
қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген
қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали
Мақатаев 9 ақпан күні 88 жасқа толды.Ақын
ағамыздың өзінен кейінгі ұрпаққа берері
көп еді.М.Мақатаевты еске алу мақсатында
туған күніне орай И.Журба атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің 10 сынып
оқушыларының ұйымдастыруымен «Жарық
дүнием сен ғана...» атты әдеби сазды кеш
өтті.Әдеби кеш М.Мақатаевтың «Арыз жазып
кетейін» өлеңімен ашылды.
Жыл
керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың
артына қалдырған өшпес мұрасы жарық
жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия
сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей
өсіп, айшықтана түсуде.Себебі,өлеңдерінің
тәрбиелік мәні зор,жастар үлгі аларлықтай
мағынаға ие. Мұқағали поэзиясының
негізгі тақырыбы Отан, туған жер,туған
ел тағдыры,қоғамдағы өзгерістер,адамның
арманы, махаббат жайлы еді. Әдеби кеште
елуге жуық өлеңдері оқылып, «Аққулар
ұйықтағанда» поэмасынан сахналық
көрініс қойылды.Ана бейнесін 10 сынып
оқушысы Абылжан Назерке сомдап,сахнада
өз актерлік қабілетін жоғары деңгейде
көрсете білді.
Аз
ғұмырының ішінде бірнеше лирикалық жыр
жинағы мен дастандар жазып оқырмандар
қауымын тәнті еткен ақынның өлеңдеріне
Нұрғиса Тілендиев көптеген әндер
шығарды.Осындай әндерінен «Саржайлауым»,
«Есіңе мені алғайсын», «Отыздан асып
барамын», «Қайран жеңгем» т.б әндері
орындалды. Бұл керемет әндер кешті
жандандыра түсті. Әдеби кеш мектебіміздің
директоры Ә.Жүністің қорытынды сөзімен
аяқталды. Кешке қатысқан барша оқушыларға,
осы кешке мұрындық болған 10 сынып
оқушыларына алғысын айтты. «Ғасырдың
ақиық ақыны » атанған М.Мақатаев өлеңдерін
ешқашан ешкім өшіре алмас. Аз ғұмырында
артына өшпес із қалдырған М.Мақатаев
өлеңдері мәңгі жасай бермек деді. Әдеби
кеш көпшілік ойынан шығып,бір серпілтіп
тастады.
И.Журба
атындағы жалпы орта білім беретін
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Нарқыз Сарсенбекова.