"Жарысқа
шық жанұя" спорттық сайыс
2019
жылдың қараша айында КМҚК "№23
"Айналайын" бөбекжай балабақшасы,
"Жұлдызша" тобында "Жарысқа шақ
жанұя"- атты ата- аналар мен балалар
арасында спорттық сайыс өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ата
– аналар мен балалардың денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,
бағалы байлық екенін түсіндіру. Ата –
аналар мен балаларға сұлу да сымбатты,
денсаулығы зор, күшті болу үшін денені
шынықтыру, оларға спортпен айналысудың
қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Музыка тыңдау, билеу арқылы ішкі жан
дүниесін сыртқа шығару. Ата - ана мен
балалар арасындағы тығыз байланысты
нығайту болды.
Сегіз
бөлімнен тұратын спорттық шараға әр
қайсысы 3 адамнан құралған 3 команда
жарысқа түсіп, бақ сынасты. Сергіту сәті
биімен басталған жарыс қызықты да
тартысты өтті. Әр топ өзің атын, ұранын,
эмблемаларын таныстырып өтті.
"Барыс"
тобы: Серік Нұрисламның отбасы, әкесі:
Айтуганов Жанбота Серикович,
анасы:
Ахметбекова Загира Газизовна.
"Жас
қыран"тобы: Абулмажитова Саяның
отбасы,
әкесі:
Торгаев Саулет Абулмажитович, анасы:
Торгаева Гульнур Буркитоовна.
"Жалын"
тобы: Мергенбай Санжардың отбасы, әкесі:
Сагинтаев Бейбіт Мергенбаевич,анасы:
Жанабергенова Инжу Маралбеккызы бақ
сынасты. Барлық топтар жарысқа өте жақсы
дайындалған. Мүдірмей барлық бөлімнен
біздің ата - аналар мен балалар қалыспай,
берілмей өте жақсы деңгейте өтті.
Сегізінші бөлім, "Үй тапсырмасы"
барлық ата - аналар өте жақсы дайындап,
күздік пайдалы дәрумендердің пайдасын
айтып, жасаған жұмыстарын қорғап шықты.
Жарыс
мәресіне жетіп, әділқазы төрайымы КМҚК
"№ 23 "Айналайын" бөбекжай
балабақша басшысы, Касымова Айнур
Идрисовна, балабақшаның әдіскері,
Мартьянова Наталья Александровна,
мектеп алды тобының тәрбиешісі Арригони
Ольга Витальевна жарысқа шыққан
қатысушыларды құттықтап, салауатты
өмір салтын қалыптастыруда спорттың
алар орны ерекше екеніне айрықша тоқталып
өтті. Жарыс жеңімпаздарын мақтау
қағазымен, бағалы сыйлықтармен
марапаттады.
Мүмкіншілігі
шектеулі азаматтарды қоғамға қосу үшін
ат салысып жүрген "№23 "Айналайын"
бөбекжай балабақша басшысы, Касымова
Айнур Идрисовна және балабақша әдіскері
Мартьянова Наталья Александровна,
тәрбиеші Курманхожаева Венера Ахметбековна
және сайыстың өтуіне қол ұшын созған
балабақшамыздың ән күй сабағының ұстазы,
Вафина
Ляйсан Фирдаусовна,
тәрбиеші, Сарсенбаева Гульзат
Абдильдаеванаға алғысым шексіз.
"Жұлдызша"
тобының тәрбиешісі: Курманхожаева
Венера Ахметбековна