Жас Абайтанушы интелектуалды сайысының сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас Абайтанушы интелектуалды сайысының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас Абайтанушы сайысының сценарийі. Сайыс үш кезеңнен тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

87083792995 нөмеріне жазсаңыз.

Сайыстың 2,3 кезеңдерінің

презентациясын, бинго билетін жіберемін.

Бағасы-1000 тг

Нақты алатын болсаңыздар жазыңыздар!

6-сынып оқушылары арасында «Жас Абайтанушы» атты танымдық сайысының сценарийі

Picture 1



Мақсаты:  Қазақтың бас ақыны, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс танымдық сайыс арқылы оқушыларға насихаттау.

Міндеті: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Көрнекіліктер: буклеттер, кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта, көңілді бинго карталары, лото шарлары

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы оқушылар! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың шығармаларын терең зерттеп, жан-жақты оқып жүрген 6-сынып оқушылары арасындаға “Жас Абайтанушы” атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті оқушылар!

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абрдраимова Маржан апай

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дюсенбаева Сымбат апай

  3. Кітапхана меңгерушісі Құдайназарова Айсұлу

Сайысқа қатысушылар: 6 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныбының оқушыларының құралған команда. Әр командада 4 қатысушы.

Енді сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайыс - білім, өнер, шығармашылық ізденісте болмақ. Сайыс үш бөлімнен тұрады.

  1. Үй жұмысы. Оқушылар алдын ала дайындап келген тақырыптарда тың мәліметтермен бөліседі. Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты ақпарттарды баяндауы бағаланады.

Бағалау кретерийлері:

  • Мәліметтің өзектігілі

  • Оқушының ізденісі

  • Оқушының өз көзқарасын жеткізуі

  • Сөйлеу мәнері



  1. «Көңілді бинго» ойыны. Әр командаға бір билет беріледі. Экранға шыққан сан қай топтың билетінде болса, сол топ сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап үшін – 10 ұпай. Егер топ мүшелері сұраққа жауап бере алмаса, әділ қазылардың шешімі бойынша бірінші қол көтерген команда сұраққа жауап беріп, 5 – ұпайға ие болады.



  1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдері бойынша сұраққа жауап беріп, өлеңін жатқа айтады. Сұраққа жауап берсе – 10 ұпай, өлеңді жатқа айтса – 20 ұпай иеленеді.

Әділқазылардың шешімі шыққанда кароке арқылы «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

Ендеше, әділқазы алқасының әділ бағасын білу үшін қазыларға сөз кезегін береміз.  Ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдраимова Маржан апайға беріледі.


Марапаттау: әділқазылар саралай келе, ұпайларын есептеп, ұпайы көп топқа "Жас Абайтанушылар" атағын беріп, «Үздік командалық топ» кубогы берілді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі