400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

жас ақындар үйірме

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас ақындарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Жас ақындар» арнайы курстың күнтізбелік жоспары

(әдебиет пәніне қосымша)

7» «Ә» сынып

Сабақ тақырыбы

Қажетті материал

Сағат

мерзім



1-тарауКіріспе (1 сағ)



1

Ақындық өнер-ауызша түрдегі әдеби шығармашылық

Ақындар М.Мақатаев А.Ақұнанбаев

1




2-тарау Ақындық өнер тарихы (4 сағ)



2

Ежелгі Ақындардың сарыны өнер

Қорқыт, Асан қайғы

1


3

Ақындықтың бастауы

Абай Жамбыл

1


4

Ұйқас түрлері


1


5

Қара өлең ұйқасы


1




3-тарау Өлең талдау ақындық шыңы



6

Шалыс ұйқсас

Ұйқастың түрлері

1


7

Арнау

Абайға арнау, Ілиясқа арнау

1


8

Айтыс пен ақындық

Балғынбек Имашев Ринат Зайтов

1


9

Өлең талдау

Абай өлеңдерін талдау

1


10

Тұрмыс-салт жырларындағы ақындық

Естірту,көңіл айту,жоқтау,жұбату т.б.

бата берудегі бейнелі ойлар

1


11

Поэмалардағы ұйқас түрлері


1


12

Батырлар жыры мен ғашықтық жырларындағы өлең құрылысы

Жырлардағы тәлімдік-тәрбие

1


13

Айтыстағы сөз оралымдары

Айтыстағы поэтикалық ерекшеліктер

1


14

Махамбет өлеңдері




15

Абай қарасөздерінің өсиеті




16

Шәкерім өлеңдері




17

Тіл көрнектілігі

Троп,метафора, кейіпиеу, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеулер



18

Сөздің дәлдігі-ой айқындылығы

Фразеология,термин сөздер,көп мағыналы сөз,синоним,омоним,антоним

1












Түсінік хат

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – Ақындық өнер. Қазақ ақындарының жалпы ақындық өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ ақындары сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.

Оқушыларды ақындық өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы ақындық өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.

7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің, ақындардың сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

«Жас ақындар» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай ақындардың айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 17 сағатқа негізделген, екі аптада 1


Курстың мақсаты:

*Оқушылар Ақындық өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру

*Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту

*Ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету

*Кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

*Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау

Курстың міндеттері:

*Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ақындық сөздерді анықтау

*.Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету

*.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

*.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

*.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

*.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.











Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:


*Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

*.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

*.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

*.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.

*.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».




Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:


*шешендік өнер тарихын;

*шешенге қойылатын талаптар;

*шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

*ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;

*қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.

*өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

*әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

*кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.









Әдебиеттер:


1.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №2, 2007.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал №11, 2007.

3. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.01.2025
239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі