Материалдар / "Жас ата-ана мектебі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жас ата-ана мектебі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
2157
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас ата-ана мектебі»

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын

бір шарт - жас күнде көрген өнеге.

Жүсіпбек Аймауытов

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі -

ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.

« Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А. С. Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;

Бір – біріне көңіл бөлу

Тыңдау

Сыйлау

Көзбе – көз қарау

Тиімді орынды таңдау

әзілді сезіну

ұрыс – керістен сақтану сияқты

Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;

Сиқырлы сөздер айту;

Баласының жетістігін айту

Сенімді болу

Көңіл - күйіне қарау

Намысына тимеу

Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)

Қарапайымдылық

Пікірін сыйлау

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;

Ата – аналар клубы

« Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық кеңес

« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »

Педагогикалық семинар

« Отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық кештер

«Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»

Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі

* Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады

* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады

* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды

* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады

* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді

* ата – аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады

Ата – анамен жүргізілетін жұмыс

Жұмыс түрлері :

топішілік ата - аналар жиналысы

балабақшаішілік ата – аналар жиналысы

ата – аналармен жеке кездесу

ата – аналар үшін ашық есік күн

мерекелік кештерге шақыру

ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

отбасылық жарыстарға қатыстыру

Негізгі міндеттері :

* тәрбиешінің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі

* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату

* ата – аналар ұжымын құру

* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру

Атқаратын қызметі :

* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

* ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру

Ата - аналарға арналған жұмыстар

Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі»

Мақсаты : ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі

2. балабақшада ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы ролі

3. алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету

керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар.

Барысы: «Ұстаз-бағбан, бала-гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.

Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс

- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?

- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?

1 . «Мен күнмін» ойыны.

Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері

- адамгершілік

- имандылық

- тәртіпті

- жақсы қасиет

- өтірік айтпайтын

- еңбексүйгіш

- қайырымды

- қарапайым

- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жігерлі т.б

ІІ. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады.

Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:

- менің жанұям менің бақытым

- мен папаммен, мамаммен бақыттымын

- мен мамамды өте жақсы көремін

- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын

«Менің жанұям» сурет көрмесін тамашалау.

ІІІ біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.

Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:

- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,

- алысқа кеткенін жақсы көремін

- маған папам көп ұрсады

- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді

ІҮ . Не себепті көңілі толмайды?

Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа , мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.

Ү. Жауапкершілік дегеніміз не?

Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата – ана жауапкершілігі.

Ата – аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?

Тәрбиеші:

- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар

- ата – анаға талап қойылады

- балаға да талап қойылады

Ата – ана

- мәдениетті

- жан – жақты

- уақыт бөле білу керек

- психологиялық көңіл күйі

- дүниетанымы

- ойлау қабілеті

- өзін — өзі тәрбиелеу

- мұғаліммен қарым – қатынаста болуы қажет

Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.

Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.

Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.

Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!