Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар! Кәнекей шеңберге тұрып табиғат жайындағы ұранымызды айтайықшы:
Табиғат Біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
біз әдепті баламыз!
Тәрбиеші:Балалар қазір күз мезгілі күн салқындай бастады, ал біздің жүрегімізде әрдайым мейрімділік пен жылулық! Сол жылулықты бір бірімізге алақанымзды ұстау арқылы таратайықшы. Жылулықты сезіндіңдерме! Олай болса осы жақсы көңіл күйімізді ешқашан жоғалтпайықшы
Тәрбиеші: Балалар! бүгін мен жұмысқа келе жатқанда біздің балабақшаға келіп тұрған хатты көріп топқа алып келдім. Олай болса ашып көрейік. Құрметті балалар! Сіздерге экология академиясының ғалымдары жазып отыр екен. Сіздерге жас экологтар болуға ұсыныс тастапты.
Хат
«Сіздерге экология академиясының ғалымдары жазып отырмыз! Біз өз академиямызда қоршаған табиғатты қорғаумен айналысамыз. Біз өзендердің, ауаның тазалығына қамқорлық жасаймыз, ормандарды қорғаймыз, құстар, жануарлар мен өсімдіктерді қорғаймыз. Сіздерге біздің көмекшілеріміз-жас экологтар болуды ұсынамыз. Ол үшін сіздер біздің тапсырмаларымызды орындауларыңыз қажет»
Тәрбиеші: Балалар, сіздер тапсырманы орындауға және "жас экологтар" атты құрметті атағын алуға келісесіздер ме ? (балалардың жауабы).
(тәрбиеші балаларға эмблеманы көрсетеді)
Тәрбиеші: Міне, Экология академиясының эмблемасы. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін сіздер Академия эмблемасының бір бөлігін алып отырасыз, егер сіздер барлық тапсырмаларды орындасаңыздар, онда сіздерде Академияның толық эмблемасы құрылады.
Тәрбиеші: олай болса бастайық
1.«Табиғат дыбысы»
Тәрбиеші балаларға орман бейнеленген экранға жақындауды ұсынады.
Тәрбиеші: суретке қараңдаршы, біз қайда тап болдық?(орман)
(орман дыбысы қосылады)
Көздерімізді жауып орманды елестетейікші!
Қандай сезімде болдыңыздар?
(балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Осы ормандағы барлық құстарды, жануарларды қорғауымыз керек. Өйткені олар табиғаттың бір бөлшегі. Олай болса мына орманда шашылып жатқан қоқыстарды жинайық. Балалрға «шашылып жатқан қоқыстарды» арнайы шелеке салуды ұсынады.
-Жарайсыңдар! Тапсырманы орындадыңдар! Олай болса сендерге эмблеманың бір бөлшегін берейін.
2.Дидактикалық ойын : «тірі-өлі табиғат»
Тәрбиеші балаларға тірі және өлі табиғат бейнеленген суреттер жиынтығын береді, балаларға осы суреттер ішінен тірі табиғаттың суретін таңдауға тапсырма береді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Бұл тапсырманы да сәтті орындадыңдар, сондықтанда сендерге эмблеманың екінші бөлшегін табыстайын.
3.Дидактикалық ойын: «Орман жануарларына баласын табуға көмектесейік»
Воспитатель: Балалар! Сіздерге ең басында түсіндіріп кеттімғой экологтар олар табиғат қорғаушысы деп. Олай болса орман жануарлары балаларын жоғалтып алыпты, жыртқыш аңдар келіп қалмай тұрғанда балаларын табуға көмектесейік.
Балалрға орман жануарлары мен балаларының суреті араласып кеткен сурет беріледі. Оларды өз аналарына қосу керек.
тәрбиеші: міне жарадыңдар! Сендер балаларын аналарына тауып беріп табиғатқа тағы бір үлестеріңді қостыңдар! Академия эмблемасының тағы бір бөлшегін ала қойыңыздар!
4.ойын: «Экология белгілерін анықтайық»
Балалар, экологтар бізге экологиялық белгілерді жіберіпті (үстелге экологиялық белгілерді қояды)
Оларды қарастырайық және олар нені білдіретінін айтайық, талқылайық. (Белгілермен жұмыс)
Тәрбиеші балаларды орындалған тапсырма үшін мақтайды және балалар барлық тапсырмаларды орындағанын және енді эмблеманы бөліктерден жинауға болатынын айтады. Оны жинайық! (балалардың жұмыстары)
Қорытынды әңгіме.
Тәрбиеші: Балалар, сіздер бүгін жарадыңдар! экология академиясы ғалымдарының барлық тапсырмаларын орындадыңыздар. Сіздерге не ұнады? Ең қиыны не болды?
(балалардың жауаптары)
Балалар мен сендерді құттықтаймын! Сіздер « жас экологтар» болуға және табиғи байлықты сақтауға дайын болдыңыздар және
«Жас эколог» атағына ие болдыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас экологпыз"

шағым қалдыра аласыз