жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас экологтар
Білім беру саласы: Әлеумет. Қатынас
Бөлімі: Экология
Тақырыбы:«Жас экологтар»
Мақсаты:
Проблемалық жағдайларды шешуді үйрену. Тірі организмнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Сөздік қорларына «эколог» , «экологиялық апат» сөздерін енгізу.Қыстап қалатын және жыл құстары туралы түсініктерін нығайту. Қоршаған орта, оны қорғау туралы білімдерін дамыту.Табиғатты қорғауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.Бір-бірін тыңдай білуге, бір-бірінің пікірін құрметтеуге үйрету.
Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: Жоспар- сызба, қыстап қалатын және жыл құстарының суреті, су қоймасының мекендеушілердің муляждары, көк түсті мата,қорап,сым,қайшы,жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс:эколог.
Билингвальды компонент: шымшық-синица, тоқылдақ-дятел,қайшыауыз торғай-клест,үкі-филин.
|
Оқу қызыметінің кезеңдері |
Педагогтаң іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекет |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз! Табиғатқа баламыз! Иіліп салем беремиз! Біз әдепті баламыз!Педагог топқа ішінде жоспар- сызба бар хатқалтаны әкеледі. Хатты ашып оқиды: «Құрметті,балалар! Мен сендерді саяхатқа шығуға шақырамын.Бізге қайда жүру керектігін жоспар-сызба көрсетеді.Сендерді алда қызықты кездесулер мен шешілмеген мәселелер күтіп тұр. Тиін.» |
|
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
1-аялдама.«Өзен» аялдамасы.Педагог балаларды саяхатқа шығуға шақырады.Балалардың алдынан Тиін шығып, не болғанын айтады: «Бір бала мені орманда көріп, ақырын келіп, ұстап алды.Мені осында әкеліп тастап кетті.Жан –жағыма қарасам,маған таныс емес жер.Мұнда су,жер мен білмейтін өсімдіктер.Менің өз үйіме қайтқым келеді.Бірақ менің айналамдағылардың не нәрсе екенін білгім келеді.Маған сендер айтып беретін шығарсыңдар». Педагог балалардың назарын экрандағы өзен бейнеленген көрініске аударады. Балалар, өзенде нелер өмір сүреді?(Әңгіме иллюстрациялар,ойыншықтар көрсету арқылы жүргізіледі).-Өзенді мекендейтіндер табиғаттың жанды, жансыз денелерінің қайсысына жатады?Тиінге дәлелдеп беріңдер. «Жанды табиғат» сызба –үлгісімен жұмыс жүргізу. Педагог балалардың назарын еденге төселіп дайындалған көрініске аударады (онда қоқыстар көп) -Не көріп тұрсыңдар? -Не істеуіміз керек? -Жарайсыңдар, балалар!Сендер өзенді қоқыстан тазарттыңдар. Табиғаттың таза болуына көмектесетін адамды кім дейтінін білесіңдер ме? - Сендер бүгін жас экологтар болдыңдар. Мен сендерге арнайы экологтар галстугын тапсырамын. Неге оның түсі жасыл деп ойлайсыңдар? Судың сылдыраған дыбысы естіледі.(аудиожазба) -Балалар,не істеп тұрсыңдар? Өзен сендерге рақметін айтып жатыр. Енді сендер су қоймасын мекендеушілерді өзенге қайтаруларыңа болады. –Біз Тиінге үйіне қайтуына көмектесуіміз қажет.Ол қай жерді мекендейді? -Балалар ,сызбаны мұқият қарап,әрі қарай көрсетілген бағыт бойынша аттанамыз. «Орман» аялдамасы Жүргізуші: -Тиін, бұл жер саған таныс па? Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Тиін қыс мезгіліне дайын ба? -Тиінді осы жерге, орманға қалдырып кетеміз.Жинаған жаңғақтары мен саңырауқұлақтарын жеп жатады. Орманда құстардың даусы естілмейді. -Олар қайда кеткен? - Олар неге ұшып кетті? -Бірақ кейбір құстар осы жерде қыстап қалыпты. Экраннан қыстап қалатын құстардың бейнесі көрінеді. -Өздеріңе таныс құстардың атын атаңдар. Билингвальді компонент: Шымшық –синица,тоқылдақ- дятел,қайшыауыз- клест,үкі-филин. -Бұл құстар неге жылы жаққа ұшып кетпейді? «Зертхана» аялдамасы –Балалар, қыстап қалатын құстардың аттарын естеріңе сақтап алыңдар. Енді өзіміздің «Зертханамызға» қайтып сол жерде ойын ойнаймыз. -Енді сендердің зейіндеріңді тексеріп көрейік. «Не артық?» ойынын ойнаймыз.Мен бірнеше құстың атын атаймын.Солардың ішінен сол қатарға сәйкес келмейтін артық құсты тауып айтасыңдар. ( Ойын жылдам жүргізіледі) Балалар, енді жанды табиғатты жансыз жансыз табиғаттан қалай ажыратуға болатынын қалай түсінгендеріңді тексеріп көрейік. «Шеберхана аялдамасы» -Сызба бойынша келесі аялдама - «Шеберхана» .Біз онда жемсауыт жасаймыз. –Біз қыстап қалатын құстарға жем беруіміз қажет.Бос қораптардан жемсауыт жасаймыз. Экранда жемсауыттың жасалу жолы көрсетіледі. – Серуенге шыққан кезде жемсауытты ағаштарға іліп, құстарға жем береміз. Сергіту жаттығуы. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар саяхатқа (топ бөлмесінде) шығуға дайындалады.Тиінмен амандасады,қызығушылығын білдіреді. Балалар Тиіннің сөзін тыңдайды. -Балалар экраннан не көріп тұрғандарын әңгімелейді. - Өзенде балықтар, шаяндар,жәндіктер, өсімдіктер өседі. Жануарлар өзенге су ішуге келеді. -Олар жанды денелерге жатады.Өйткені олар көбейеді, өседі,қозғалады,тыныс алады,қоректенеді,өледі. Балалар сызба бойынша жұмыс істеп, олардың тірі табиғатқа жататынын дәлелдейді. Балалар қолдарына қолғап киіп, қоқыстарды пакетке салады. -Табиғаттың тазалығын бақылайтын адамдарды экологтар дейді. -Экологтар табиғатты қорғайды, сондықтан галстук жасыл түсті болады. Балалар өзенде тіршілік ететіндердің (муляж) атын атай отырып, өзенге орналастырады. Балалар сұраққа жауап береді. Балалар топтағы орман көрінісі бейнеленген бұрышқа қарай жүреді. -Қазір күздің соңғы айы.Күн суытып, өзенге мұз қата бастады. Тиін сұр тонын ақ тонға ауыстырады. -Құстар жылы жаққа ұшып кетті. -Олар үшін қыста қорек аз. Балалар экранда көрінген құстардың атын атайды (торғай,шымшық,қарға, тоқылдақ,қайшыауыз,үкі) Балалар бұл құстардың қыста азық тауып жей алатындығын айтады. Балалар педагогтің атаған құстар қатарын мұқият тыңдайды. Сол қатарға сәйкес келмейтін құсты тауып айтады. Әр бала екі карточкадан алады. Онда бейнеленген суреттердің тірі немесе өлі табиғатқа жататынын анықтайды. Тиісті қалташаға салып ,өз шешімін түсіндіреді. Балалар «шеберханаға» келеді. Үстелдің үстінде сүттен босаған қораптар бар. Балалар бос пакеттен үлгі бойынша жемсауыт жасайды. Тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік. |
-Міне, біздің саяхатымызда аяқталды.Сендерге қай бөлімі ұнады? Біз құстарға қалай көмектестік? Енді сендер табиғатты қалай қорғау керек ,су қоймасында, орманда тіршілік ететін жануарлар мен құстарға қалай көмектесу керек екенін білдіңдер. |
Балалар өздеріне не ұнағанын айтады. Орман көрінісінің алдында естелік үшін суретке түседі. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: проблемалық жағдайларды шешеді;тірі организмнің
қоршаған ортамен байланысын түсіндіреді;
түсінеді: табиғатты қорғау қажеттігін, қыстап қалатын
және жыл құстары туралы білімді;
қолданады: қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуды,
бір – бірін тыңдауды, өз пікірін білдіруді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген