Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас географтардың жер шарына саяхаты

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінің мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Демеева Анар Бериковна

Тарих-география пәндерінің

мұғалімі


Тақырыбы: Жас географтардың жер шарына саяхаты

Мақсаты: Оқушылар дүниетанымын кеңейту;

Жаңаны білуге қызықтыру;
Географиядан алған білімдерін ортаға салу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, кестелер, стикерлер.
Ойынның жүру барысы: І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ-қазылар алқасын

белгілеу,барлық қатысушылардың назарын аудару.

ІІ Кіріспе бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ- қазылар құрамымен таныстыру.

ІІІ Негізгі бөлім. 1 бөлім: «Алты құрлық аясында» топтардың тұсаукесер рәсімі. Презентация бойынша топтар құрамдарымен таныстыру.

-Фернандо Магеллан (1522) басқарған алғашқы жер шарын айналу экспедициясының аяқталғанына 495 жыл;

-525 жыл бұрын Христофор Колумб экспедициясы Сан-Сальвадор аралын ашты.Американың ашылуының ресми датасы1492 ж));

- 10 қыркүйек Байкал көлі күні. Бұл күн 1999 жылы бекітілген және сол уақыттан бері жыл сайын тамыз айының төртінші жексенбісінде аталып өтілетін, Байкал күні қыркүйек айының екінші жексенбісіне ауыстырылды;

-15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі

ядролық сынаққа қарсы экологтардың ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);

- 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні

- 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;

  • 1 қазан – аса көрнекті тарихшы, түркітанушы, географ, этнограф, жазушы Л.Н.Гумелевтың туғанына 105 жыл (1912-1992);

  • - 31 қазан – Қара теңіз күні;

- 19 қараша – орыстың алғашқы бүкіләлемдік маңызы бар жаратылыстанушы ғалымы, химик, физик, астроном, ақын, заманауи орыс әдеби тілінің негізін салушы Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 305 жыл (1711–1765); - 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы» негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік ерекше серіктестік болып саналады.

2 бөлім: «ИӘ, ЖОҚ» ойыны. \Әрбір топқа 7 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.Жауап тез –тез берілу керек.\

І топтың сұрақтары

1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км Иә

2.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді Жоқ

3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә

4.Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ

5.Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә

6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә

7 Ең ежелгі материк Гондвана Жоқ

ІІ топтың сұрақтары

1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы

тәуелсіз мемлекет болып жарияланды Иә

2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді Жоқ

3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені Иә

4.Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанменшекараласады Жоқ

5.Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Иә

6. Қазақстанда 6 облысбар Жоқ

7.Ең ежелгі мұхит–Тетис Жоқ

3 бөлім: "Қара жәшік" \Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі , сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады ,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырадыОйлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.\

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әрбейсенбіде бұл

өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз. Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек:Отаны-Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы ауырады. Жауабы: Шай

І топқа сұрақ:

Бұлдамушыелдіңаумағыекідүниебөлігіндеорналасқан.

Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы-материктегі аса ірі агломерациялардың бірі . Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған.Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта- ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Үшінші көмек: Пирамидалар елі. Жауап: Египет

ІІ топқа:

Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.

Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды

Екіншікөмек: Емге де пайдаланады.

Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Индонезия. Жауап: Қалампыр дәні.

4 бөлім: " Географиялық ассоциация"\Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап карап қандай географиялық ұғымды білдіріп турғанын табулары керек.Ойлануға

30 секунд,әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай\

1.Толқын,қауіп-қатер,жылдамдық, апатты құбылыс,жер сілкіну.\Цунами\

2. Өзен, теңіз, булану,бұлт, жауын- шашын, күн.\Д.ж. су айналымы\

3. Ессентуки, Анталия, Майами.\Курортты жерлер\

4.Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.\Астаналар\

5.Теңіз, көл, өзен.\Су қоймалары\

6. Игуасу, Анхель, Виктория \Сарқырамалар\

7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия \Жылы ағыстар\

8. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико.\Шұңғымалар\

9.Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю \Аралдар\

10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.\Таулар\

ІІ топқа:

1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп-қатер.\Айсберг\

2.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра \Сарқырама\

3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.\Желдер\

4.Гвинея, Бискай, Парсы.\Шығанақтар\

5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар \Шөлдер\

6. Ганг, Евфрат,Колумбия, Хуанхэ, Дунай \Өзендер\

7. Чад, Байкал,Гурон, Эри,Виктория \Көлдер\

8.Тайга,саванна, тундра \Табиғат зоналар\

9.Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген , Каир \Астаналар\

10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар \Бұғаздар\

5 бөлім: «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.\16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезекпен- кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез-тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.\

1.Ең ұзын өзен?Ніл

2. Ең жүйрік аң?Гепард

3. Ең алып құс?Африка түйеқұсы

4.Ең суыққа төзімді құс?Пингвин

5. Ең үлкен мұхит?Тынық мұхтиты

6. Ең үлкен арал?Гренландия

7. Ең терең көл?Байкал

8. Ең биік шың? Эверест

9. Ең биік сарқырама?Анхель

10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері

( Антарктидада)

11.Ең құрғақ жер?Атакама шөлі

12. Ең төмен теңіз?Өлі теңіз

13. Ең биік тау көлі?Титикака

14. Ең тұзды теңіз?Қызыл теңіз

15. Ең үлкен архипелаг?Индонезия

16. Ең терең шұңғыма? Мариан

6-бөлім. “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді) 
1)“Ұлы географиялық ашулар 
заманы” қай ғасырдың аралығында болды? (XV-XVIIIғасырлар) 
2) Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами) 
3) Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын жел? (Муссон) 
4) Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар, флюгер) 
5) Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат) 
6) Атлант мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико) 
7) Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология) 
8) Экваторға қарай соғатын жел? (Пассат) 
9) Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология) 
10) Жер қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі? (Мантия) 
11) Күн мен жердің арақашықтығы? (150млн км) 
12) Америка материгінің атауы қалай пайда болды? (Америго Веспуччидің құрметіне) 
13) Жеке жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика) 
14) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр) 
15) Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі) 
16) Планеталардың күн төңірегіндегі жолы? (Орбита) 
17) Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера) 
18) Терең жарылыстар жиынтығын не деп атайды? (Рифт) 
19) Қазақстанның ең төмен нүктесі? (Карақия ойысы) 
20) Тереңдікті өлшейтін құрал? 

7-бөлім
“Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек) 

1) ТСААШМБ МАСШТАБ 
2) ТЗМАУИ АЗИМУТ 
3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР 
4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН
5) БТСОНРА СТРАБОН 
6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР

8-бөлім. «Жеті жұмбақ» (Сайысымыздың бұл кезеңінде 9 ұяшық берілген, әр ұяшықтың ішінде география пәніне қатысты 1жұмбақ жасырылған. Топтар бір-біріне кезек бере отырып, 3 ұяшықтан таңдауға тиіс.Егер таңдаған топ жауабын білмесе, келесі топ жауап береді.) 

1) Тұрғыны жоқ елдер 
Үйі жоқ қалалар, 
Ағашы жоқ ормандар 
Суы жоқ теңіздер, Бұл не? 

ЖАУАБЫ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА

2) Бар ма,жоқ па 
Оны анық білмейсің. 
Ол жоқ жерде 
Өмір сүріп жүрмейсің. Жауабы: АУА 

3) Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр, 
Өзінің кіндігінен айналып жүр. 
Өзіңе назар салып қарасаңыз 
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. 

Жауабы: ГЛОБУС 

4) Өркеші бар, түйе емес, 
Не ақ отау – үй емес. 
Бір орнында тұрғаны, 
Не болады бұл, кәне? Жауабы: ТАУ

5) Туған жердің белбеуі, 
Шұбатылып қалыпты, 
Керемет-ау кернеуі – 
Тасты кесіп, жарыпты! Жауабы: ӨЗЕН 

6) Бір зат бар дүниеде құшағы кең, 
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. 
Адамзат жан-жануар арасында, 
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген 
Бұл не? Жауабы: ЖЕР 

7) Жер өзегі атанған, 
Ең орталық бөлігі, 
\Ядро\

Қорытынды бөлім. Сайыстың қорытындысын шығару; Әділ қазыларға сөз беру; Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12