жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас келсе, іске!
19.10.18 ж.
Жас мамандар арасында өтетін
«Жас келсе, іске!» байқауының сценарииі
Жүргізуші: ________________________
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және жас мамандар! Қосымша білім саласына 100 толуына орай алғаш рет өткелі отырған «Жас келсе,іске!» атты байқауға қош келдіңіздер!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жас мамандар арасындағы байқауды ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші: Елбасы биылғы жылғы кезекті жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деген болатын, сондай ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев :
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі балалар, ұстаз оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейді»- деп нұсқағандықтан , бүгінгі байқау шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп байқауға қатысушы педагогтарды сахына төріне шақырамыз.
1.Отбасылық дәрісті,
Қызықтырып өткізген.
Инабаттай маманның
Бар бойынан табасың.
Ортада «Өнегелі ұстаз» байқауының «Жаңашыл педагог» аталымының иегері, қалалық отбасылық «Жанұя» клубының жетекшісі, жас маман Жәмелова Инабат Күнтуарқызын ду қол шапалақпен қарсы алайық.
2.Өнеге мол сөзінде,
Өнері көп өзінде.
Ақ ниетті, кең пейіл,
Нұрекеңнің көр өнерін – дей келе ортаға «Өнегелі ұстаз» байқауының ІІ орын иегері «Мирас» терме үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Тойшин Нұрдәулет Сайлаубайұлын қошеметпен ортаға шақырамыз.
3.Теннис,хоккейге баулытып,
Салауаттылыққа сүйреген.
Қуаныштай ұлыңыз,
Танысыңыз, біліңіз.
Деп ортаға «Жеңіс» аула алаңының педагогі Абилкаиров Қуаныш Серікұлын шақырамыз.
4.Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Айгерім біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек-дей отырып ортаға - «Намыс» волейбол спорттық секциясының қосымша білім беру педагогі Латыпова Әйгерім Максимқызын қарсы алайық.
5.Футбол доптың шебері,
Әрбір ойны мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Қанат біздің өнерлі – деп ортаға «Өнегелі ұстаз» байқауының «Шығармашыл педагог» аталымының иегері, «Былғары доп» клубының қосымша білім беру педагогі, болашақ клуб жетекшісі Сыздықов Қанат Сәлімжанұлын қошеметпен шақырайық.
Жүргізуші: Байқауды бастамас бұрын, қатысушы жастарға қошеметін көрсетіп, ақ тілегін білдіруші- қосымша білім беру орталығының директоры Латыпова Зауреш Мақсұтқызына сөз беріледі.
Жүргізуші:
Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош келіпсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан педагогтар,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін кәсіби білікті қазылар алқасымен танысайық!
Әділ қазылар алқасының төрайымы: ҚББО директоры Латыпова Зауреш Мақсұтқызы,
және ҚББО директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есмағанбет Ляззат Әбдіғалиқызы, орталық әдіскері Изтелеуова Күлдір Байдрахманқызы.
Жүргізуші: «Жас келсе,іске!» байқауының алғашқы кезеңін бастаймыз.
І кезеңнің ережесімен таныстырып өтейін:
«Өзімнің өмірдерегім» - педагог өзін таныстыруы (презентация, өлеңмен, бейнежазба,т.б.) берілетін уақыт 3-4 мин;
Олай болса сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Алғашқы болып өз жұмысын таныстыру үшін Қалалық отбасылық «Жанұя» клубының жетекшісі, жас маман Жәмелова Инабат Күнтуарқызын ортаға шақырамыз.
қосымша білім беру педагогы Тойшин Нұрдәулет Сайлаубайұлы;
«Жеңіс» аула алаңының педагогі Абилкаиров Қуаныш Серікұлы;
«Намыс» волейбол спорттық секциясының қосымша білім беру педагогі Латыпова Әйгерім Максимқызы.
Қалалық «Былғары доп» клубының ҚББП, жас маман - Сыздықов Қанат Сәлімжанұлы;
Жүргізуші:
ІІ кезеңнің ережесімен таныстырып өтейін:
«Жағдаяттар қоржыны» - қатысушыларға орталық өміріне байланысты жағдаяттар мен сұрақтар қойылады. Педагог сол жағдаяттан қалай шығатынын шебер көрсете алуы керек.
(Педагогтарды кезекпен сахнаға шақыру)
Жағдаяттар:
Инабатқа:
1. Инабат ханым, сіз қалалық клуб жетекшісі болғандықтан қалалық деңгейде іс-шаралар өткізетініңізді білеміз. Сізге қойылатын жағдаятты мұқият тыңдасаңыз.
Отбасы күні мерекесіне орай айтулы кездесу шарасын өткізгелі жатырсыз. Іс-шара басталғалы жатыр, шақырған қонақтарыңыз келмейтінін айтып кезекпен телефонға звондауда. Сіздің әрекетіңіз?
2. Қала мектеп оқушылары арасында қалалық іс-шараңыз өтуде. Барлық кезең тапсырмалары электронды түрде тақтадан көрсетілуде. Кенеттен свет өшіп қалды. Ал, сіздің дайын тұрған карточкалық тапсырмаларыңыз жоқ. Іс-шара қалай жалғаспақ?
3. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалды, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмеу керек.
Қосымша 3 сұрақтан
1.Ата-аналармен байланысыңыз орталықта өз дәрежесінде жүргізіліп жатыр ма? Жүргізілмесе не себепті?
2. Орталықтың жұмысын биік дәрежеге көтеру үшін қандай үлесіңізді қосар едіңіз?
3. Сіз жетекшілік жасап отырған клубтың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысу дәрежесі көңіліңізден шыға ма? Сайыстарға балаларды немесе өзіңізді дайындау үшін қандай кедергілер бар?
Нұрдәулетке:
1. сіздің бірнеше дәрісіңізден кейін бір оқушыңыз сізге былай дейді: «Мен ойлаймын, сіз педагог ретінде бізге домбырадан ешнәрсе үйрете алмайсыз».
Сіздің әрекетіңіз?
2. Сіз, көшпелі бағдарламамен мектепке бардыңыз. Жоспарлағандай дәрісіңіз домбырамен өтпек. Кенеттен домбыраңыздың 1 шегі үзіліп қалды, дайын тұрған карточкаңыз да жоқ. Бұндай жағдайда не істейсіз? Қазір көрсетсеңіз?
Қосымша 3 сұрақтан
Латын қарпіне көшуді қалайсыз ба? Дәлелдеп айтып көріңіз.
Дәрісте қолданатын қандай әдіс-тәсілдер бар, бірнешеуін атаңыз?
Сіз орталық педагогі ретінде оқушыға қандай үлгі беріп жүрсіз?
Қуанышқа:
1.Аула алаңында теннистен қалалық жарыс өткелі жатыр, шақырылған мектеп командалары өздерімен қолдаушы топ әкелген. Аула алаңы ішіне сыймауда. Тығырықтан шығатын жолды толықтырып жеткізсеңіз?
2. Жоспарлы ашық дәрісіңіз өтуде. Дәріс үстінде оқушыңыз сіздің қатеңізді тауып отыр және қатеңізді айқайлап айтып отыр. Дәріс біте салысымен сіз жаңағы оқушыңызға қатты ұрыстыңыз. Оқушы ата-анасына шағымданды. Келесі күні ата-анасы сізге келіп тұр. Не істер едіңіз?
Қосымша 3 сұрақтан
1.Білім беру мекемесінің басты құжаты?(Жарғы)
2. Оқушыларға арналған қандай тренингтер білесіз?
3.Үйірме оқушыларының дәрісте алған білімін қалай анықтайсыз?
Әйгерімге:
1.Сіздің ұйымдастыруыңызбен қала мектептері арасында волейбол жарысы өтуде. Жарыс үстінде балалар допты жарып алды. Екінші допты бердіңіз. Оны да жарып тастады. Ойнататын тек баскетбол добы ғана бар. Ойын қалай жалғаспақ? Ұтымды жауап берсеңіз?
2. Сіз үнемі дәрістеріңізге дайындалып келесіз. Тіпті, дәріс жоспарын алдын ала жазып қоясыз. Бірде уақытыңыз болмай дәріске дайындалмай келдіңіз. Кенет, директордың орынбасары дәріске қатысып, жоспарыңызды сұрады. Бұндай жағдайда не істейсіз? Қалай шығуға болады?
Қосымша 3 сұрақтан
Орталыққа бала қызығушылығын оятатын қандай үйірмелер керек деп ойлайсыз?
«Ұстаз этикасы» дегенді қалай түсінесіз?
Қазақ еліндегі тұңғыш ағартушы ұстаз кім?
Қанатқа:
1. Жаз мезгілі, лагерь жұмысы. Көшпелі бағдарламамен мектеп жанындағы кешкі аула алаңына барып тұрсыз. Сізбен бірге Марат Қонысбайұлы да болуы керек еді. Эстафеталық ойын өткізейін десеңіз инвентарлар жоқ. Балалардың қызығушылығын оятатын қандай ойын ойнатар едіңіз? Көрсетіп жіберсеңіз бір-екеуін?
2. №8 негізгі мектебінде ашық дәріс өткізгелі жатырсыз. Қосымша білім беру педагогтары, әкімшілік сіздің дәрісіңізге келіп тұр. Бірақ, балалардың ешқайсысы жоқ. Ұтымды жауап күтеміз?
Қосымша 3 сұрақтан
1.ҚР білім және ғылым министрі кім?
2. Дәрісте қолданатын жаңа технология түрлерін атап өтіңіз?
3. Орталық әкімшілігі тарапынан қандай көмектер көрсетілгенін қалайсыз?
Жүргізуші:
ІІІ кезеңнің ережесімен таныстырып өтейін:
«Өнердің өрі-таланттың төрі» - ән,би,қойылым/әртістік қабілеті/(оқушылармен бірге орындауға болады)т.б.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын үшінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
Өнер
көкке жеткізер
Өнер болса
қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап
жатар жолында.
Кезекпен ортаға шақырылады
Жүргізуші:
Арманға
алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын
атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының
соңғы сөзін,
Естігенше біз енді
асығамыз.
Байқауды қорытындылап
оза шауып алға суырылып шыққан үздік
педагогтың есімін бірге білейік. Сол
үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін
береміз.
Мәңгілік еліміздің ұстаздары білікті
Жастары білімді болсын!!
Келесі кездескенші сау болыңыздар!
Естелік фотосуретке түсу үшін ортаға келіңіздер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген