жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас келсе-іске!
Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Қарабау ауылы
Қарабау орта мектебі
Жас келсе іске!
(Психологиялық тренинг)
Дайындаған:педагог-психолог:Ж.Дюсенова
Мақсаты: жас мамандардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнатып,жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қатысушылар: жас мамандар.
Өту түрі:
І. Сәлемдесу.
ІІ. «Мінез-жанның айнасы» жаттығуы.
ІІІ. «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнама
IV. «Жұлдызды сәт» жаттығуы.
V. Жас маманға жаднама
VІ. «Сыйлық?» жаттығуы
VI. «Рефлексия» кері байланыс
Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.
Психолог сөзі:
Қайырлы күн , құрметті жас ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана, әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын.. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарыңыз құтты, еңбек жолдарыңыз сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіре отырып, «Жас келсе- іске!» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер дейміз!
І. Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.-дей келе,бір-бірімізбен жапонша амандасып алайық.
Мақсаты: Адам үшін ең әуелі амандасу басталған жаңа күннің жақсылығы деп қарау керек. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.
ІІ. «Мінез-жанның айнасы» жаттығуы
Мақсаты:қоршаған орта мәдениеті туралы пікір қалыптастыру,өзін-өзі ұстауы,болашақтағы қажетті жақсы қасиеттерді жинақтап,дағдыландыру.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»Адам табиғатпен тығыз байланысты,табиғаттағы ең маңызды нәрселердің бірі-ағаш.Енді сол ағаштың несі болар едіңіз: тамыры ма,әлде діңі ме,жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр,жапырақ,діңі болып бөлінеді.Ал енді тамырлар бір бөлек,жапырақтар бір бөлек,діңдер бір бөлек отыруымыз керек.Сіздердің бұл таңдауларыңыз психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар-істің нәтижесіне мән беретін адамдар;
Діңгекті таңдағандар-берік,мықты,тіреу болатындар;
Жапырақты таңдағандар-сұлулықты ,әсемдікті ұқыптылықты қалайтын жандар.
ІІІ. «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнама
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күн көріс үшін
б) бас қатыру
3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
40-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.
20-39 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
10-19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн
IV. «Жұлдызды сәт» жаттығуы.
Мақсаты:мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту.
Жаттығудың мазмұны:Қатысушылар мақал-мәтелдер жазылған парақты суырып,ойланбастан сол мақалдың мағынасын ашу.Сол мақалға қатысты қызықты педагогикалық жағдаяттарды ойластыру немесе өз тәжірибесінен сәйкес келетін жағдайларды естеріне түсіріп айту.
Мақал-мәтелдер:
Не ексең соны орарсың;Жеті рет өлшеп,бір рет кес;Білімді мыңды жығады,білімсіз бірді жығады;Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы;Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға.
V. Жас маманға жаднама
Ұстаз деген ардақты атты қорғаңыз.
1.Есіңізде ұстаңыз,оқушының тұлғасы мұғалім тұлғасымен тәрбиеленеді.Оқушы тұлғасын құрметтеңіз.Олардың адамгершілік қасиеттерін қорғаңыз және дамытыңыз.Оқушының жетістігін балалардың қатысында атап өткен жөн.Оқушыларға дауыс көтеруге болмайды.Баланың ата-анасымен танысып,оның қызығушылығымен,талап-тілектерін біліңіз,оны қолдаңыз.Тәрбие жұмысында ата-ананы одақтас қылуға ұмтылыңыз.Үнемі тіл мәдениетімен,мәнерлігімен жұмыс жасаңыз.
2.Қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында,әсіресе ұжымдық жұмыста ұйымдастыруда мүмкіндіктеріңізді дамытыңыз.
3.Үнемі көңілді жүріңіз.
Сонымен бірге қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйымдар :
1.Балалардың көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
2.Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз.
3.Баланы жазалай отырып,оны кешіре біліңіз,шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай жасаңыз.
4.Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
5.Балалардың бір-бірін жамандауға жол бермеңіз.
6.Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің олай жасауына жол бермеңіз.
VІ. «Сыйлық?» жаттығуы
Бүгінгі тренингке қатысып,ой-пікір білдіргендеріңізге бір-бірлеріңіз ауызша ым-ишарамен сыйлық ұсыныңыз.Сыйлықты қабылдаған маман қандай сыйлық екенін шешу керек.
VI. «Рефлексия» кері байланыс
Ұстаздық еңбек жолдарыңызды жігерлі күш-қайратпен шыңдап, биіктен көрініңіздер. Сәттілік тілеймін.

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген