Материалдар / Жас маман мақала

Жас маман мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы үш кезеңнен тұрады: Тәлімгер I.Бейімделу II.Өзектілігі III.Бақылау Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл–күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі»


Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы–мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Ең өзекті мәселелердің бірі–бәсекелестікке қабілетті, жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» дегендей ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр және Қазақстанның индустриалды–инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторингі мен бақылау–диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді.
Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, шешімін таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Біз тәлімгерлер өз жұмыс жоспарымызды құрамыз.

Жас маманнның өзінің және тәлімгер–жетекшісінің жоспары жасақталады. Тәрбиеші портфолиосын жасауға, күнтізбелік және ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары және өзіндік білімін көтеруге жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт бағдар береміз. Іс–қағаздарын толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек көрсетіледі. Электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы таныстырылады. Сонымен бірге, жас мамандарды оқу қызметтеріне сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Жыл басында жылдың соңында сауалнамалар жүргізіліп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлеседі. Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырылады. Бүгінгі жас маман–ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, балалардың сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына балабақша ұжымынныңда ықпалы зор. Сондықтан жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстану менің басты мақсатым.

Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы үш кезеңнен тұрады:

Тәлімгер
I.Бейімделу
II.Өзектілігі
III.Бақылау
Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл–күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқаймын. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым–қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетіне орай ашау оның эрудициясын білімді, ойсанасы арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар әзірлеймін. Жас маманға тәлімгердін жұмысын былай ұсынамын:

бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ–жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.
Рудакидің сөзімен айтқанда:

«Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсын.

Көзіңмен көрем дегенмен,

Барлығын байқап шықпайсың» дегендей білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығын бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардын тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау. Әрбір жоспарынан алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауын қадағалау.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтағым келеді “Ұстаздық–ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген екен.







03 Маусым 2025
86
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі