Материалдар / «Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
6674
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»

1.Мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.

2.Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

3.Мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

4.Мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды,  өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз.

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде  ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Колледж  құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.

Сабаққа қойылатын талаптар

Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.

Оқыту әдістерін үш топқа бөлген:

  1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

  2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

  3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар

Технологиялық талаптар:

Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық  жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.

Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың  тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.

Сабақтың үш мақсаты:

Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың негізгі компоненттері:

  1. Ұйымдастырушылық– сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру,  оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

  2. Мақсаттылық– оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

  3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.

  4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

  5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды  таңдау.

  6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

  7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

  8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

 

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:

  1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

  2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

  3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

  4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

  5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

  6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

  7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

  8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

  9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

  10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

  11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

  12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

  13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

  14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

  15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.

 

Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:

  1. Студенттерді ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  2. Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, , табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

  3. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

  4. Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

  5. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

  6. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, әңгіме, тренингтер өткізуі, педагог этикасы, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру жайы туралы ұсынымдар беруі пайдалы болмақ  Тренингтік сабақтарды біз тоқсанына бір рет психодиагностикалық әдістемелерді (темперамент типін анықтау, өзіне өзінің сенімділігін бағалауға арналған тест (Рейдаст тесті), оқытып-үйрету процесіндегі педагогикалық ынтымақтастық дең- гейінің диагностикалық әдістемесі, «Мүғалімнің психологиялық портреті» әдістемесі) қолдана отырып өткіземіз. Тренинг соңынан жас мұғалімге жаднама, өткізілген тест (2-қосымша) бойынша анализдік талдау нәтижелері беріледі. Оқу жылының соңында қорытынды шығарып, оларды талқылаймыз. Пікірлерді түйіндейміз. Бұл кезде жас мұғалімдердің өзіне сенімі, дербестігі, бастамашылдығы айтарлықтай көтеріліп қалады. Тәлімгерліктің арқасында олар сабақ жүргізу, сынып сағаттарын, ата-ана жиналыстарын өткізу техникасын игеріп үйренеді.

Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым

  1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  2. Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
    болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.

  3. Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.

  4. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.

  5. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  6. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  7. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  8. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез­де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.

  9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.

  10. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

Ата-аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама

  1. Жиналыс басталар алдында нашар көңіл-күйдің «есік сыртында» қалғаны жөн.

  2. Жиналысқа бөлінетін уақыт 1, 5 сағаттан артық болмасын.

  3. Адамға ең жағымды дыбыс – оның өз аты. Алдыңызда ата-аналардың аты-жөндері жазылған тізім болсын.

  4. Ата-аналар жиналысын бастар алдында талқыланатын мәселелерді жариялаңыз.

  5. Педагогикалық талдаудың «алтын ережесін» ұмытпаңыз: сөзді оңды нәтижелерден бастап, негативті жәйттерге сонан кейін көшу керек, сөйтіп әңгімені алдағы болашаққа жасалатын ұсыныстармен аяқтау қажет.

  6. Ата-аналарды ақпараттардың бәрі бірдей балалар игілігі үшін қызмет өте бермейтіндігі туралы ескертіңіз.

  7. Жиналысқа қатысқандардың барлығына уақыт тауып келгендері үшін ризашылығыңызды білдіріңіз (әсіресе әкелерге).

  8. Ата-ана баласының оқу үлгірімі үшін мұғалімі де өздерімен бірдей күйзелетінін түсінетін болсын.

  9. Жеке әңгімелесу кезінде бала үлгірімі туралы оның әлеуеттік мүмкіндіктеріне сәйкес баға беріңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!