Материалдар / Жас мамандарға арналған жадынама

Жас мамандарға арналған жадынама

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
1263
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас мамандарға


1.     Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

2.     Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

3.     Өзіңіздің білім «багажыңызды» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

4.     Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

5.     Әрқашан «запас» сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

6.     Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

7.     Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.



Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?

 

Агрессивті бала.Агрессивті мінез-құлықтың ар жағында не тұрғанын білуге тырысыңыз. Агрессивтілік пен өзін - өзі танытудың арасында айырмашылық көп. Осыны балаларға жеткізе білудің маңызы зор. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және өз күйініш-сүйініштерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.

Өтірікші бала.Kөпбалалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.

Баланың қиқар мінезі.Апдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаңызға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін үғуы тиіс.

Сотқар бала.Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз. Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.

Ұялшақ балалар.Балаларыңызбен сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.

Ашулану көріністері.Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы еңжақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.

Беймаза балалар.Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.

Тілазар балалар.Баланы өзін өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.








Үлгірмеушіліктің психотерапиясы


Бірінші ереже:жатқанды ұрма. «Екілік» - жеткілікті жаза. Бір қателік үшін екі рет жазалауға болмайды. Бала өз білімі үшін алар бағасын алды, ал үйде оны өз ата-аналары тағы да жазамен қарсы алмай, сабарлылықпен көмектесуі қажет.

Екінші ереже:минутына бір ескертпеден артығы - артық. Баланы кемшіліктерінен арылту үшін минутына бір ескертпеден артық ескертпе жасамаңыз. Әр нәрсенің мөлшерін біліңіз. Әйтпесе, балаңыз бәрін «бітті» деп есептейді де, сіздің сөзіңізге де, берген бағаңызға да мән беруден қалады. Әрине, бұл өте ауыр нәрсе, бірақ мүмкіндігінше оның көптеген кемшіліктері арасынан әсіресе қайсысын алдымен түзету керек болса, соны ғана назарға алып, басқасын әзірге қоя тұрыңыз. Қалғандары кейінірек түзеледі немесе ұсақ-түйек нәрсеге айналып, кезге көрінбейтіндей болып кетеді.

Үшінші ереже:екінің бірін ғана таңдаңыз... Баламен ақылдасып, оқудағы қиындықтардың алдымен қайсысын игерген езіне маңызды екенін анықтап алыңыз. Мұнда өзара түсіністікке ие боларыңыз анық. Егер екеуіңізді де мәтін оқудағы жылдамдық мәселесі мазалайтын болса, баладан сонымен қатар көркемдеп оқу мен қайталап айтып беруді де талап етпеңіз. Әзірге олардың біреуімен ғана шектеле тұрыңыз.

Төртінші ереже:орындаушыны мақтап, орындалған нәрсені ғана сынау керек. Бағаның нақты адресі болуы тиіс. Бала әдетте бағаны тұлға ретіндеөзінің жеке басына берілді деп ойлайды. Оның тұлғаға берілетін баға мен орындалған жұмысқа берілетін бағаның екеуі екі түрлі нәрсе екенін ұғуына көмектесу шарт. Тұлға ретінде мақтау айтылуы керек. Бұрынғысынан сәл де болса ілгерілегендік белгісі болса бала оң баға алуға лайық деген сөз. Егер ол осындай мақтаудың арқасында өзін өзі құрметтей бастаса, сіз оған аса маңызды бір негіздеме сыйлайсыз. Ол - оқуға деген ынта-ықылас. Дербес мақтау айта тұрып, оған адрессіз сын-ескертпелер де жасауға болады. Мәселен, «Мұндай есептер бір амалмен емес, екі амалмен шығарылуы керек». Нашар бағалаудың мұндай формасы баланы өз қатесін түзетуге ынталандырады. Бірақ оның білімге, жақсы оқуға деген ықыласына ақау түсірмейді.

Бесінші ереже:баға баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі сәтсіздіктерімен салыстыра отырып қойылуы керек. Кішкентай оқушының бұл жетістігін бағалаудағы мемлекеттік нормалармен немесе оның парталас көршісі жеткен табыстармен салыстыруға болмайды. Баланың құйттай жетістігі болса да - әйтеуір жетістік қой, қиындықты игерудегі кішкентай ғана жеңіс қой, ол ескерілуі тиіс және лайықты бағалануы қажет.






















Балаларды қалай сөйлетуге болады?


(топ жетекшілеріне арналған)


Мұғалімдерді көбінесе балалардың үнсіз қалатындығы қынжылтады. Бұл әсіресе жасөспірімдерге тән нәрсе. Кейде тіпті оларға не болғанын түсінудің өзі қиын. Бірақ әйтеуір бала бір нәрседен қатты ренжулі екені білініп тұрады.


Балалардың сөйлеп, ашылуына қалай көмектесуге болады?

1.     Қалай дегенде де оларды күшпен сөйлетіп, күштеп ішіндегі сырын біле алмайсыз. Сіз неғұрлым мәжбүрлеген сайын, ол солғұрлым тұйықтала түседі. Сіз сабырға келіп, оларды өз еркіне қойсаңыз, қауіпсіздікті сезініп, өздері-ақ сөйлей бастайды.

2.     Тым асығыстамаңыз! Бір нәрседен құр қалатындай жағдайда жүрген адамға жақындаудың өзі де қиын ғой. Бәлкім, балалар сіздің осындай шұғыл сәттеріңізді көріп, артық-ауыс мазалағысы да келмейтін болар.

3.     Балаларды мүмкіндігінше азырақ сынауға тырысыңыз. Бәлкім, олардың тым-тырыс, үнсіздіктен қорған жасап алып отыруы да сіздің кезекті сыни ескертпе-жазаларыңыздан қорқатындықтан болар. Олар айтқан сөздердің бәріне де қуаныңыз, таңданыңыз.

4.     Сұрақ қоя біліңіз. Егер сіз әңгімені «солай ма» дегеннен бастайтын болсаңыз, ол ұзаққа баруы және қызықты болуы екіталай. Мұғалімдер көбінесе оқушыларға «ия» немесе «жоқ» деген сөзден басқа жауабы жоқ сұрақтар қояды да, оларды сөйлемейді деп жазғырады.

5.     Тек сынып жетекшісі ғана емес, сонымен бірге сынып досы да бола біліңіз. Бәлкім дос маңыздырақ, қажеттірек болар!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ