Жас мамандармен жұмыс жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас мамандармен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Р\С

Атқарылатын жұмыстың жоспары

Мерзімі

1

Кеңес: «Күн тәртібінің ұйымдастырылуы және жоспар жазу тәртібі» (циклограмма, ҰОІӘ технологиялық картасының бөлімдері)

Қыркүйек

2

Кеңес: «Нормативтік құжаттармен таныстыру, құжаттарды жинақтау» (стандарт, бұйрықтар, бағдарламалар)

Қазан

3

Кеңес: «Ата- анамен жұмыс жоспарын құру» (ай сайынғы материалдарын жинақтап отыру)

Үнемі

4

Кеңес: «Шығармашылық жұмысы тақырыбы туралы түсінік беру, жоспар құру» (материалдарын жинақтау)

Үнемі

5

Кеңес: «Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өткізілу әдіс- тәсілдері» (тәлімгердің тіл дамыту ҰОІӘ қатысу)

Қаңтар

6

Жас маманның тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әректіне қатысу

Ақпан

7

Кеңес: «Балалардың білім деңгейінің көрсеткішін толтыру» (жыл басы, жыл ортасы, жыл аяғы диограмма )

Үнемі

8

«Жас маманның портфолиосын жасақтауға көмек беру» (материалдарын, құжаттарын жинақтау)

Үнемі

9



Жас маманның жыл бойы жасаған жұмыстарының есебі

Мамыр






Тәлімгер: Куракбаева А.






«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК












Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспары.


















Тәлімгер тәрбиеші: Куракбаева А. А.

Жас маман: Табынаева Г.









2017-2018ж.









Тәлімгердің жас маманмен жүргізген жүмысының қортынды есебі.



Тәлімгер: Куракбаева А.А

Білімі: Арнаулы

Санаты: II

Еңбек өтілі; 8 жыл

Жас маман: Жұмасатова А.Ж.

Білімі: Арнаулы

Еңбек өтілі: 2 жыл


1.2014-2015 оқу жылының басында жас маманға көмек беру мақсатында жылдық жоспар жасалынды.


2.Нормативттік құжаттар жинауға кеңес берілді.


3.Циклограмма, технологиялық карта жазу үлгісі көрсетілді.


4. Ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері таныстырылды.


5. Ертенгілікпен ойын-сауықтарға жоспар құруға көмек берілді.


6. Қазан, Сәуір айларында тәлімгердің оқу іс- әректіне қатысты.


7. Үнемі жас маманға оқу іс- әрекетін өткізуге әдістемелік көмек беріліп отырды.


8. Шығармашылық тақырыбы бойынша: «Ойын арқылы бала тілін дамыту» бойынша жүмыс жүргізуге көмек беріліп отырды.


9. Балабақшада болып жатқан педагогикалық іс-шараларға жаңаша ұсыныстар айтылды.


10. Балалардың білім деңгейінің бастапқы, аралық, қортынды нәтижесін шығаруда үнемі тәлімгермен бірлесіп жасайды.


11. Мен тәлімгер ретінде «Қатынас» саласы бойынша Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатыстым. Тақырыбы: «Ертегі қонақта» балалардың бейнесін ертегіге деген қызығушылығын арттыра білді.Тәрбиеші өзін балалардың алдында салмақты ұстап, балалардың жете түсуне ерекше мән берді. Көрнекілігі балаларға түсінікті , бояуы қанық, суретке қарап түсінетіндей етіп дайындаған.


12. Жыл басында, ортасында, қортынды моноторнигін жасауға, ата-анамен қарым-қатынасты нығайтып, жұмыс жүргізу мақсатында тренинг жүргізуді қолға алды. Алдағы уақытта жас маман Жұмасатова Айгерім Жұмасатқызы осы қалпынан таймай шығармашылық жұмысын одан әрі жетілдіріп, үнемі ізденіс жасайтын болса жоғарғы санатты тәрбиеші болуы сөзсіз деп сенім білдіремін.








«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК











2014-2015 оқу жылына жас мамандармен атқарылған жұмыс есебі.












Тәлімгер: Куракбаева А.












2015жыл.







Жас маманмен жұмыс жоспары.

Тәлімгер: Куракбаева А.


Р/С

Тақырыбы

Мерзімі

1


2


3



4


5


6




7


8


9


10




11


12





13




14



15




2015-2016 оқу жылының жылдық жоспарын құруға көмектесу


Нормативтік құжаттар жинауға көмектесу


Циклограмма, технологиялық карта жазу үлгісіне көмек беру


Ата-анамен жүргізетін жұмыс түрлері


Ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарға жоспар құруға көмектесу


Тәлімгердің оқу іс-әрекетіне қатыстыру

«Қатынас» саласы

ҰОІӘ: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Хайуанаттар бағында не көрдім?»


Жас маманға оқу іс-әрекетін өткізуге көмектесу


Педагогикалық іс-шараларға көмектесу


Жас маманның сайысына қатысу


Жас маманның оқу іс-әрекетіне қатысу

«Қатынас» саласы

ҰОІӘ: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жау,жау жаңбыр»

Қоршаған орта «Су-өмірдің нәрі»


Шығармашылық тақырыбы бойынша кеңес беру



Тәлімгердің оқу іс-әрекетіне қатыстыру

«Шығармашылық» саласы

ҰОІӘ: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ғарыш кемесі»


Балалардың білім көрсеткіші мониторнигін жасауга көмектесу



Айлық жоспар бойынша берілген тапсырмаларға көмек беру



Есеп беру





Кыркүйек


Кыркүйек


Үнемі



Уақытында


Уақытында



Қараша





Үнемі


Уақытында


Уақытында


Мамыр







Уақытында



Сәуір




Уақытында




Үнемі




Мамыр
















































«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК










Жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары.






















Тәлімгер: Куракбаева А.

Жас мамандар: Табынаева Г.

Жаекенова Г.








2015-2016 жыл.

Тәлімгердің жас маманмен жүгізген жұмысының қортынды есебі.


Тәлімгер: Куракбаева А.А.

Білімі: Арнаулы

Санатты: II

Еңбек өтілі: 9 жыл

Жас маман: Табынаева Г.С.

Білімі: Арнаулы

Еңбек өтілі: 2жыл

1.2015-2016 оқу жылының басында жас мамандарға көмек беру жоспары құрылды.


Кыркүйек айында «Күн тәртібінің ұйымдастырылуы және жоспар жазу тәртібі» (циклограмма, ҰОІӘ технологиялық бөлімдері ) бойынша кеңес берілді.


Кыркүйек айында «Нормативтік құжаттармен таныстыру, құжаттарды жинақтау» (стандарт, бұйрықтар, бағдарламалар) көмек берілді.


«Ата-анамен жұмыс жоспарын құру» (ай сайынғы материалдарды жинақтап отыру) үнемі түсіндіріліп отырды.


«Шығармашылық жұмыс тақырыбы туралы түсінік беріліп отыру» жөнінде кеңес берілді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу әдіс –тәсілдері түсіндірілді.

Қазан айында «Күзгі жапырақ» тақырыбында ертеңгілігі өткізілді.

Қараша айында «Тіл дамыту» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізілу әдіс-тәсілдері түсіндірілді


Тәлімгердің оқу іс-әрекеттеріне қатысып отырды.


Науырыз айында «Анама сыйлық» тақырыбында ертеңгілік өткізді.


Сәуір айында тәлімгердің Мүсіндеу оқу іс-әрекетіне қатысты.


Сәуір айында «Мен әдепті баламын» ашық шара өткізді.

Мамыр айында «Жіті ішек инфекциясының алдын алу » тәрбиелік шара өткізді.


Балабақша аралық тәрбиешілер арасында өткен «Ана тілім -ардағым» атты тіл апталығы сайысында ынталандыру иеленді

Балабақша аралық «Тәрбиеші- талант иесі» атты тәрбиешілер арасында өткен сайыста III орын иеленді.

Мамыр айында жас маманның « Қатынас» саласы бойынша Көркем әдебиет оқу іс-әрекетін өткізді.

Тақырыбы: Жау,жау жаңбыр.

Балалардың білім деңгейінің көрсеткішін толтыру (жыл басы, жыл ортасы, жыл аяғы, диограмма құру) үнемі кеңес беріліп отырды.


Жас маманмен жыл бойына осындай жұмыстар атқарылып келді. Берілген тапсырманы бірігіп, ақылдасып, ұжыммен орындап келдік. Жас маман Гүлбаршын Саматқызы болашақта тәжірбиелі тәрбиеші болатынына сенімдімін.




Тәлімгердің жас маманмен жүгізген жұмысының қортынды есебі.


Тәлімгер: Куракбаева А.А.

Білімі: Арнаулы

Санатты:II

Еңбек өтілі: 9 жыл

Жас маман: Жаекенова Г М.

Білімі: Арнаулы

Еңбек өтілі: 1 жыл



1.2015-2016 оқу жылының қыркүйек айынан бастап жас маманға көмек беру мақсатында жылдық жоспар жасалынды.


2. Нормативттік құжаттар жинауға кеңес берілді.(стандарт, бұйырық, бағдарламалар)


3.Циклограмма, техникалық карта жазу үлгісі көрсетілді.


4.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырыды.


5. Ертеңгіліктермен, ойын- сауық шараларын ұйымдастыруға көмек беріліп отырды.


6. Үнемі жас мамандарға оқу іс-әрекетін өткізуге көмек беріліп отырды.


7. Шығармашылық тақырыбы бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп отырды.


8.Тәлімгердің оқу іс-әрекеттеріне қатысып тәжірибе алып отырды.


9.Балабақшада болған іс-шараларға қатысып өз шеберлігін көрсете білді.


10. Балалардың білім деңгейінің бастапқы, аралық, қортынды нәтижесін шығарып үнемі тәлімгермен бірлесіп жасады.


Ертеңгіліктер:1 «.Төрлет, құтты жаңа жыл»

2.«Арайлы алтын күз»

3. «Достық әнін шырқайық»

Мамыр айында жас маман «Әлеуметтік орта» саласы Қоршаған орта оқу іс-әрекетін өткізді. Тақырыбы: Су- өмірдің нәрі. Тәрбиеші өзін балалардың алдында салмақты ұстап, балалардың жете түсінуіне жұмыстанды.


Жас маман Жаекенова Гүлсина Мустахимқызы алдағы уақытта жұмысын одан әрі жетістіріп өз маманының иесі болатынына сенім білдіремін.









«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК










2015-2016 оқу жылына жас мамандармен атқарылған жұмыс есебі.





















Тәлімгер: Куракбаева А.










2016 жыл





Жас маманның Көркем әдебиет оқу іс-әрекетіне қатысу.


Қатысқан күні: 18.05.2016ж.


Тақырыбы: Жау, жау жаңбыр.


Мақсаты: Жыл мезгіліндегі табиғат құбылысы туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға бұлт пен жаңбырдың қалай пайда болатыны туралы түсінік бере отырып, табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін ажырата білуге, өлеңді жатқа айтуға үйрету.

Д: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Т: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Жаңбыр, бұлт, күн, кемлірқосақ, қолшатыр, найзағай суреттері.


Әдәс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ, ғажайып сәт, өлеңді жатқа айтқызу, саусақ жаттығуы, ойын, сергіту.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі методиканың орындалуы, жүру барысы:


Шаттық шеңбері, жыл мезгілі ерекшелігі туралы сурет бойынша әңгімелету. Бұлт, жаңбыр туралы жұмбақ жасыру, тосын сәт бұлттың келуі, өлең оқу. Д/ойын: «Не өзгерді», сергіту сәті, Қ/ойын: «Күн мен жаңбыр», саусақ жаттығуы. Шығармашылық сәт : «Қолшатырды бояу», қортынды сұрақтар , мадақтау.



Балалардың білімі, белсенділігі, тәртібі, сөйлеу мәнері, сөздік қоры:


Балалар берілген тапсырманы, ойынды түсініп орындай алды, сұрақтарға жауаптар беріліп отырды.




Тәрбиешінің әс-әрекеті, сөйлеу мәнері:


Жас маман өзін еркін ұстай алды, балалармен қарым-қатынасы жақсы.Сөйлеу мәнері жақсы.



Ұсыныс: Оқу іс-әрекетінің құрылымы жақсы, балалардың сөйлеу мәнерін әлі де жетілдіру қажет. Жеке балалармен көбірек жұмыс жүргізу керек. Кейбір ойынға қатыспай отырған баланы араластыра білу керек.





Өткізген жас маман тәрбиеші: Табынаева Г С.

Қатысқан тәлімгер тәрбиеші: Куракбаева А А.



Қатыстым: ________________



Күні: 8.09.2015ж.


Кеңес1.


Тақырыбы: « Күн тәртібінің ұйымдастырылуы және жоспар жазу тәртібі»

(циклограмма, технологиялық картасының бөлімдері)


Баланың денсаулығы және денесі дамуы үшін күн тәртібінің маңызы зор. Балабақшадағы күн тәртібіне серуен, ұйықтау, тамақтану, ойын, оқу іс-әрекеті жатады.


Күн тәртібі балабақшада балалардың жасына сай ұйымдастырылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті, жоспары, сабақ кстесі балалардың жас шамасына сай жоспарланады.


Балабақшада күн режимі мен сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарының тақырыптаы және мақсаттары міндетті түрде жоспарланады.


Таңертеңгі мезгіл: Әңгіме, жеке жұмыс.

Сәлеметсіздер ме, балалар деп басталады. Таңертеңгі мезгілге әңгіме, д/ойын, жәй қимылдық ойын, топ ішінде еңбек, кезекшілік кіреді. (гүл сүрту, ыдыс қою, ойыншық жинау)


Табиғат аясындағы серуен: 1.Бақылау, 2.Қимылды ойын, 3.Еңбек, 4.Жеке жұмыс, 5.Еркін ойын.


Түскі ас кезінде мәд/гигиеналық шаралар өткізілу: Қол жуу, асықпай тамақтану, әңгімелеспеу.


Тәтті ұйқы, тыныш ұйықтау: Жаттығу, керует үстінде оырып көзге, аяққа.


Алақай ойын: Желілі рөлді ойын, қимылды ойын, ертегі оқу, дидактикалық ойын т.б.


Кешкі бақылау.

Ертеңге дейін: ата-аналармен жұмыс.

Технологиялық карта:

1.Күні, білім беру саласы, оқу іс-әрекеті, тақырыбы, мақсаты, әдіс –тәсілі, көрнекілігі,сөздік жұмыс.

2.мотивациялық қозғаушы.

3.Іздену-ұйыдастырушылық.

4.Рефлекстік түзетушілік.

5.Күтілетін нәтиже: нені біледі, нені меңгереді, нені жасай алады.




Кеңес берген тәлімгер : Куракбаева А А.

Жас мамандар: Табынаева Г С.

Жаекенова Г М.


Таныстым:_______________________


Таныстым:_______________________

Күні: 15.09.15жыл.


Кеңес №2.


Тақырыбы:1. « Нормативттік құжаттармен таныстыру, құжаттар жинақтау»

(стандарттар, бұйрықтар, бағдарламалар)


2 «.Тәрбиеші портфолиосын жасақтау»

1.Портфолио –белгілі бір уақыт шеңберінде әр-түрлі іс-әрекетте тәрбиешінің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.


2.Портфолио-тәрбиешінің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.


3.Портфолио- тәрбиешінің түрлі іс-әрекеттерде жетістіктерінің нәтижелері.


4.Тәрбиеші портфолиосы- жеке кәсіби жетістіктерін, балаларды оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, тәрбиешінің білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады.


5.Портфолио -тәрбиешіге тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.


6.Портфолио жасақтаудың бөлімдері:

-Өзім туралы мәлімет-туған жылы, оқу орны, еңбек өтілі, мамандығы.

-Құжаттар- жеке куәлік, қосымша құжаттар.

-Өз білімін жетілдіру- курс сертификаттары, куәлік.

-Шығармашылық жұмыс тақырыбы.

-Балалармен жұмыстары

-Тәрбиешінің жұмыстары.

-Ата-аналармен жұмыстары.

-Тәрбешінің, балалардың жетістіктері.


Осы аталған бөлімдер бойынша материалдар жинақталып, арнайы папкаға салынады.






Кеңес берген тәлімгер: Куракбаева А А.


Жас мамандар: Табынаева Г С.

Жаекенова Г М.



Таныстым: _____________________

Таныстым:______________________



Күні: 10.10.2015жыл.


Кеңес 4.


Тақырыбы: «Балалардың білім көрсеткішін толтыру»


Индикатор- Әрбір жас топтарының ерекшелік көрсеткіші, нақты бір жас топтары үшін қызметтің белгіленген түрі.


Индикатор- Балалардың білім деңгейінің көрсеткіші.


Жыл басында- балалардың бастапқы білім деңгейінің құзіреттілік көрсеткіші.


Жыл ортасында- балалардың аралық білім деңгейінің құзіреттілік көрсеткіші.


Жыл аяғында- балалардың қортынды білім деңгейінің құзіреттілік көрсеткіші.


Әр сала бойынша оқу іс-әрекеттері бойынша арнайы сұрақтар әзірленіп, көрсеткіш балмен белгіленеді.


+ Жақсы,


- орташа,


қ- қиналады.


Әр оқу іс- әрекет бойынша сапасы есептеледі.


Әр саланың сапасы процентпен есептеліп, түйін шығарылады.


Диограмма құрылады.


Жас маманға сапасының есептелу жолдары, түйіннің есептелуі нақты түсіндіріледі.








Кеңес берген тәлімгер тәрбиеші: Куракбаева А А.


Жас мамандар: Табынаева Г С.

Жаекенова Г М.




Таныстым:_______________________



Таныстым:________________________

Күні: 25.09.2015жыл.


Кеңес3.


Тақырыбы: «Ата-аналармен жұмыс жоспарын құру»


Ата-аналармен құрылатын жоспардың жұмыс түрлері төмендегідей бөлімдерге бөлінеді.


1.Жиналыс- 1 жылға төрт рет болады. Жиналысқа тақырып таңдалады. Әрбір жиналысқа хаттама жазылады.


2.Тәрбиелік кеңес- Жыл бойы әр айға бір-бірден тақырып таңдалады. Тақырыптар баланың жас шамасына сай болуы тиіс.


3.Дәргерлік кеңес- Медбикемен келісе отырып, әрбір айға құрылып, тақырып таңдалады.


4.Психологиялық кеңес- саулнама, тренинг. Психолог маманымен келісе отырып, әрбір айға баланың жас шамасына сай тақырыптар таңдалады.


5.Ашық есік күні- Жылына екі рет ата-аналармен ашық есік күнін ұйымдастырады. Қыркүйек , мамыр айларында. Тақырып таңдалады.


6.Үйге қатыс- Жыл бойы,әрбір айда тақырып таңдалып, дәптер ашып, ата-аналардың пікірін, ойын жазғызып отыру.


7.Отбасылық газет- Фотоальбом, бүктеме. Жылына 3 рет ұйымдастырылады. Арнайы тақырып таңдалады.


8.Сайыстар- Тәрбиелік, спорттық. Жылына 3 рет ұйымдастырылып отырады. Арнайы тақырып таңдалады.


9.Көрме ұйымдастыру- табиғи материалдардан. Жылына 3-4 рет. Арнайы тақырып таңдалады.


10.Ата-ана бұрышы-Үнемі жасақтап, жаңартвп отыру.


Осы 10 бөлімді пайдаланып 1 жылға жоспар құрылып, ай сайынғы жұмыс материалдары жинақталып отыруы тиіс.





Кеңес берген тәлімгер тәрбиеші: Куракбаева А А.

Жас мамандар: Табынаева Г С.

Жаекенова Г М.



Таныстым:________________________



Таныстым:__________________________


Жас маманның Қоршаған орта оқу іс-әрекетіне қатысу.



Қатысқан күні: 17.05.2016ж.


Тақырыбы: Су-өмірдің нәрі.


Мақсаты: Судың қасиеті туралы түсінік беру. Өмірдегі оның өмірдегі оның орны мен маңызы туралы түсіндіру.

Т: Табиғатты сүйе білуге, қорғауға, қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Д: Судың өмірде алатын орны зор екенін білу үшін танымдық қызығушылықтарын арттыру.


Көрнекілігі: Тамшы суреті, зерттеуге арналған құралдар


Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын, сергіту, тосын сәт, зерттеу.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі методиканың орындалуы, жүру барысы:


Шаттық шеңбері, жұмбақ шешу «су», табиғат аясында саяхат, тосын сәт «Тамшы», дид/ойын «Адамдарға су не үшін қажет?», зерттеу жұмысы «Судың қасиеті», сергіту, «Ыстық доп» ойыны қорттындылау, мадақтау.


Балалардың білімі, белсенділігі, тәртібі, сөйлеу мәнері, сөздік қоры:



Балалар берілген тапсырманы, ойынды түсініп орындай алды, сұрақтарға жауаптар беріліп отырды.




Тәрбиешінің әс-әрекеті, сөйлеу мәнері:


Жас маман өзін еркін ұстай алды, балалармен қарым-қатынасы жақсы.Сөйлеу мәнері жақсы.



Ұсыныс: Оқу іс-әрекетінің құрылымы жақсы, балалардың сөйлеу мәнерін әлі де жетілдіру қажет. Жеке балалармен көбірек жұмыс жүргізу керек. Кейбір ойынға қатыспай отырған баланы араластыра білу керек. Тапсырма беріп балалардың жауабын күту керек.





Өткізген жас маман тәрбиеші: Жаекенова Г М.

Қатысқан тәлімгер тәрбиеші: Куракбаева А А.



Қатыстым: ________________








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
9021
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі