жас маманмен жұмыс ереже

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жас маманмен жұмыс ереже

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманмен жұмыс ереже педагогтардың жылдам бейімделуі мен білім беру үдерісіне нәтижелі қосылуына жағдай (басқарушылық, әдістемелік, ақпараттық және т. б.) жасау мақсатына негізделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«БЕКІТЕМІН»

Директор Маханов Г.Ж.

_____________________ /

қолы

«_1_» қыркүйек 2023 ж.


ЖҰМЫС ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Жас ұстаз мектебі (ЖҰМ) мектептің әдістемелік қызметі жүйесінің элементі және мектепішілік басқару субъектісі болып табылады.

Өз қызметінде ҚР «Білім туралы» Заңын және осы ережені басшылыққа алады.

Қызметтің мақсаты мамандықты, жаңа қызметтік міндеттерді барынша аз психологиялық қиындықтармен меңгерудің алғашқы кезеңінен өтуді қамтамасыз ету, жас педагогтар мен білім беру ұйымына жаңадан келген мамандарды қызметке тез тартуға жағдай жасау болып табылады.

Негізгі міндеттері

Педагогтардың төмендегідей санатының жылдам бейімделуі мен білім беру үдерісіне нәтижелі қосылуына жағдай (басқарушылық, әдістемелік, ақпараттық және т. б.) жасау:

  • жас мамандардың;

  • жұмыс өтілі бар және аталған ұйымға жаңадан келген педагогтарды;

  • жаңа лауазымға ауысқан педагогтарды.

Педагогтардың жоғарыда аталған санаттарын мектеп жұмысының басым бағыттарымен, оның құнды негіздерімен, ұйымда іске асырылатын білім беру жүйесіне үйлесімді педагогикалық технологиялармен және әдістермен, мектептің мұғалім кәсіпқойлығына қоятын талаптарымен таныстыру.

Жас мамандарды жұмыстың қыр-сырымен, оқушылармен жұмыс істеу ерекшелігімен таныстыру.

Ұғыну жағдайын құру және ата-аналар мен оқушылар контингентімен жұмыс істеу тәсілдерін ашу.


Қызметті ұйымдастыру

Педагогтардың жоғарыда аталған санаттарының жұмысын зерттейді, қиындықтар мен мәселелерді анықтайды.

Мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін, кәсіби шеберлік деңгейін, қызығушылықтар саласы мен бағытын айқындау мақсатында сауалнама жүргізеді.

Педагогтарды оқыту үдерісін мынадай формаларды ұйымдастырады: тәлімгерлік, дәріс, шеберлік сыныбы, ашық сабақтар, семинар-практикум, жағдайды үлгілеу және талдау, ашық сабақтардың және басқа педагогтардың сабақтарының бейнежазбаларын қарау, іс-шараларға қатысу және оларды талдау, дидактикалық материалдарды құрастыруға көмек.

Мектептің әдістемелік қызметі жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын жоспар бойынша жұмыс істейді.


Құрамы

ЖҰМ юастауыш әдістеме бірлестік жетекшісі басқарады.

Директордың ОІ жөніндегі, ТІ жөніндегі орынбасарлары, ӘБ басшылары, мектептің тәжірибелі ұстаздары мүшелік етеді.

ЖҰМ оқыту өткізуге ӘБ басшыларын, психологтарды, әлеуметтік педагогты және жұмыс тәжірибесімен бөлісуге және таратуға дайын мектептің басқа қызметшілерін тартуға құқылы.


Басшының құзыреттілігі мен жауапкершілігі

Міндеттері

Жас мамандардың қызметін зерттеу, туындаған мәселелерді айқындау, сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін оларды маңыздылық деңгейіне қарай саралау.

Әртүрлі формадағы әдістемелік, ақпараттық көмекпен қамтамасыз ету.

Оқу кезеңінде қызметті диагностикалау және бақылау, диагностика мен бақылау нәтижелерін оқушылар назарына жеткізу, алқалық талқылау.

Педагогикалық этиканы сақтау.

Құқықтары

ЖҰМ-нің жұмысын жоспарлау.

Қажетті нормативтік, статистикалық ғылыми-әдістемелік құжаттар беру туралы өтінішімен жүгіну.

Аталған санатты мұғалімдердің жұмыс нәтижелерін бағалау.

Жас ұстаздарды жұмыстағы нәтижелері үшін марапатқа ұсыну.

ЖҰМ мүшелері мен оқушылар арасында тапсырмаларды шешудің сәтті тәжірибесін айқындау, оны мақала немесе баспа материалдары түрінде мектеп деңгейінде таратуға ұсыну.

Жас педагогтардың ашық іс-шараларын ұйымдастыру.

Мектеп басшылығын жұмысқа қатысуға тарту.

Жауапкершілігі

Бақылаушы-диагностикалық оқыту іс-шараларының сапасы үшін.

Келесі бағдарлар бойынша бақыланатын нәтиже үшін:

  • жастарды және мектепке жаңадан келген педагогтарды бейімдеу деңгейі;

  • қызметкерлердің аталған санаты қамтамасыз ететін білім беру үдерісінің сапасын жақсарту;

  • білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып, оқу және тәрбие үдерісін іске асыруға дайындықтың қажетті деңгейі.

ЖҰМ мүшелерінің оқытылатын педагогтармен сыпайы қарым-қатынасы үшін.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2023
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі