Жас маманның кәсіби қызметіндегі АКT құзыреттіліктің рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маманның кәсіби қызметіндегі АКT құзыреттіліктің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби қызметіне деген жауапкершілікке сұраныс ұлғаюда. Өйткені сапалы білім беру үшін, мұғалім барлық құзыретттіліктерге ие маман болуы қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас маманның кәсіби қызметіндегі АКT құзыреттіліктің рөлі


Садыкова Гулайм Абиовна


«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалы, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы


Білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби қызметіне деген жауапкершілікке сұраныс ұлғаюда. Өйткені сапалы білім беру үшін, мұғалім барлық құзыретттіліктерге ие маман болуы қажет. Бұл өзгеріс қазіргі білім беру ұйымдарындағы жас мамандарды да айналып өтпейді. Сол себепті жоғары орнын бітірген болашақ педагог өз бойында кәсіби біліммен қатар заманға сай құзыреттіліктерді игеріп шыққаны абзал. Алғаш өз мамандығы бойынша қызметіне кіріскен жас маман көптеген қиындықтармен кездесетіні өтірік емес. Соның ішінде, мектеп қабырғасында жұмыс жасап, оқушыларға жүйелі түрде өз білгенін үйретіп, білімге жетелеу көп еңбекті қажет етеді. Жас мамандар заманауи аппараттық және бағдарламалық құралдармен жұмыс істей, ақпараттық технологияларды кәсіби қызметте саналы түрде қолдана білуі, яғни АКТ-құзыреттілікке ие болуы тиіс. Жас мамандардың АКT-құзіреттілігін көбінесе жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру жағдайындағы қабілеттерге, білімдерге, біліктері мен дағдыларға, сондай-ақ олардың жұмыс тәжірибесіне негізделген кәсіби қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастыру керектігін ескерейік. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жас мамандардың біліктілік деңгейінің негізгі көрсеткіші - олардың кәсіби құзыреттілігі болып табылатындығын да есте ұстаған жөн.

Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік мұғалімнің теориялық-әдістемелік сауаттылығын, оқу пәнін еркін меңгеруін, кәсіби қызмет туралы білім жүйесін, қажетті ақпаратты алу, түрлендіру және ұсыну қабілетін; оқушылардың ерекшеліктерін, мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын көрсетеді.

Ақпарат – бұл жүйе ретіндегі педагогикалық қызметтің негізгі компоненттерінің бірі. Педагог қызметінің ақпараттық негізі неғұрлым дәл болса, кәсіби педагогикалық қызметі соғұрлым тиімді болады. Ал ақпараттық құзыреттілік деп қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) туралы теориялық білімдерден және оларды құру мен оқу процесінде пайдаланудың практикалық дағдыларынан тұратын құрылымды түсінеміз. Ақпараттық құзыреттілік дегеніміз – теориялық білім және олардың негізінде әзірленген заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың практикалық тәсілдері негізінде кәсіби-педагогикалық қызмет ретінде ақпараттық-педагогикалық ортаны қалыптастыру және игеру міндеттерін шешу қабілеті.

Ақпараттық құзыреттіліктің құрылымы мұғалімнің жұмысын ақпараттық ағынмен бағыттайтын және теориялық білім мен практикалық дағдылардың синтезін қамтитын компоненттер арқылы көрінеді. Ақпараттық құзыреттілік циклының негізгі бірнеше түрін қарастырады. 1. Танымдық – білім беруде АКТ-ны қолдану білімдері мен дағдыларын меңгеру, сонымен қатар мақсат пен міндеттерді түсіну және оқу процесіне АКТ-ны кіріктірудің жолдары мен нәтижелерін көру. 2. Оперативтік – оқу үрдісінде АКТ-ны практикалық қолдану дағдыларын дамыту. 3. Аксиологиялық – АКТ-ны меңгеруге деген қызығушылықтың көрінісі, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны қолдану мотивациясы. 4. Қарым-қатынастық – АКТ көмегімен коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. 5. Рефлексиялық – жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын дамыту және мұғалімнің іс-әрекетіне өзіндік талдау жүргізу. Демек, әрбір жас маман өз қызметінде АКТ құзыреттілігін жүйелі түрде тиімді қолдана білсе, нәтижелі жетістікке жетуге мүмкіндік алады.

Ақпараттық құзіреттілікті дамыту мұғалімнің заман талабына сай болуына, заман ағымына ілесуіне мүмкіндік береді, өйткені қазіргі қоғамға өз білімін үздіксіз толықтырып, өз құзыретін жетілдіре алатын, әсіресе уақыт талабы сай мамандар қажет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2023
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі