жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жас математиктер" сайысы
Жас математиктер сайысы.
Мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар,
Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны
оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты,
математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер.
І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
ІІ: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте
ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп
сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
«Бәйге» (Екі топқа кезек-кезек сұрақ қойылады. Әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі)
«Кім жылдам».(Тақтадағы есептерді екі топтың оқушылары кезекпен-кезек шығып тез орындау керек, әр дұрыс есепке 5 ұпайдан беріледі.)
«Жаңылмаймын» (Топ мүшелерінің сайысы конвертегі сұрақтарға жауап беру екі командадан бір-бір оқушыдан шығу керек)
«Тапқырлық» (әр топқа тапсырма беріледі топ болып орындау керек.)
«Жорға» (Топ жетекшілерінің сайысы. 1 минут ішінде он бес сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)
«Көрермендер» көзайымы (яғни қай сыныптың оқушысы жауап берсе ұпай сол сыныптың командасына өтеді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі )
1.«Бәйге» (Екі топқа кезек-кезек сұрақ қойылады. Әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі)
1. Түйе, бота маң басқан
Төр аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген
Қос ешкі туған егізден
Үш қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15)
2. Бір минутта неше секунд бар. (60)
3. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. (х)
4. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).
5 Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).
6 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).
7 Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).
8 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауырма? (бірдей).
10 Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).
11 Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).
12 Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4 баласы).
13 Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
14 Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин).
15 Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды. (тікбұрыш).
16 Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3).
17 Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1).
18 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
19 Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
20. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
2.Ал еншеше келесі сайысымыз «Кім жылдам».(Тақтадағы есептерді екі топтың оқушылары кезекпен-кезек шығып тез орындау керек, әр дұрыс есепке 5 ұпайдан беріледі.)
Ендеше қай топ шапшаң және дұрыс есептейді
8-4-3=1 8+4-3=9
8:4*3=6 8-4+3=7
(8-4)*3=12 8+4+3=15
8*4+3=35 (8+4)*3=36
(8+4):3=4 8*4-3=29
8:4+3=5 8*4*3=96
3.Ал еншеше келесі сайысымыз «Жаңылмаймын» (Топ мүшелерінің сайысы конвертегі сұрақтарға жауап беру екі командадан бір-бір оқушыдан шығу керек)
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын санның орнына «жаңылмаймын» деп айту керек
20-ға дейін санау керек, 2-ге еселік және 2-мен аяқталатын
санның орнына «жаңылмаймын» деп айту керек
4.«Тапқырлық» (әр топқа тапсырма беріледі топ болып орындау керек.)
5. «Жорға» (Топ жетекшілерінің сайысы. 1 минут ішінде он бес сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)
Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, бұл бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады.(дұрыс)
Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бұл бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады.(бұрыс)
Бүтін саннан және бөлшек саннан тұратын бөлшек қандай сан деп аталады. (аралас сан)
Кез келген санды 0-ге көбейтсе, не шығады.(0)
жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?
64 жай санба?
7 жұп сан ба?
ең үлкен үш таңбалы сан?
ең кіші екі таңбалы сан?
1 жай сан ба, құрама сан ба?
миллионда неше нөл болады?
он мыңда неше нөл болады?
екі жұмыртқа бес минутта піссе, төрт жұмыртқа неше минутта піседі?
Қазақстанның астанасы?
қазақстанның президенті кім?
бір керпіштің салмағы 3 кг, бір жарым керпіштің сылмағы неше кг?
төрт қойда неше аяқ бар?
бес таяқтың неше ұшы бар?
Алманың жартысы неге ұқсайды?
неше бармақ жұмылса жұдарық болады?
Бір км-де неше см бар?
8 құрама сан ба?
екі жұп санба?
бір тонна ауырма әлде 1000 кг ауырма?
10 қолда неше саусақ бар?
6.«Көрермендер көзайымы» (яғни қай сыныптың оқушысы жауап берсе ұпай сол сыныптың командасына өтеді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі )
1 сағатта неше минут бар? (60)
12 мен 5 - тің қосындысы неге тең? (17)
1 дм неше см? (10)
12 ай неге тең? (1 жыл)
Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
Мұздың еріген түрі? (Су)
. Ең кішкене құс? (Калибрий)
Қай уақытта суға қолыңды кесіа алуға болады? (Мұз болғанда)
28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
Ұзындығы 12 см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең? (48 см2)
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген