"Жас қаламгер" үйірме жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас қаламгер" үйірме жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсінік хат

«Жас қаламгер» үйірмесі 8-сынып оқушыларына арналған. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттырады.Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.

Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.

Сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

Үйірменің мақсаты:

Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Үйірменің міндеті:

  • Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

  • Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.

«Жас қаламгер» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту


Кіріспе

1



2

Жас қалам үйірмесінің құрылы мен тәртібі жайлы оқушыларға түсіндіру

1



3

Үйірменің мақсаты мен міндеттері

1



4

Ой мен өрнектелген жас қаламгер

1



5

«Өнер алды-қызыл тіл»

1



6

Сәлем-сөздің атасы

1



7

Тілім барда айтылар сөз ойдағы....

1



8

Әдеби жанр түрлері

1



9

Сөздердің ұйқасын табу

1



10

Өлең ұйқастарын құрастыру

1



11

Өлеңнің құрылысы, ұйқас түрлері

1



12

Ұйқас.Ұйқастың түрлері

1



13

Мәнерлеп оқудың маңызы

1



14

Дауыс пен дикцияны қойып үйренейік

1



15

«Туған елім, сен үшін тер төгемін» өлең жолдарын құрастыру

1



16

«Бір өлең-бір әлем» өлеңдерді рөлге бөліп оқу

1



17

«Менің түсім» қиял-ғажайып әңгіме жазуға машықтандыру

1



18

Диалог құрастыру

1



19

Диалог пен монолог айырмашылығын ажырату

1



20

Жақсы өлең-жан азығы (өздері қалаған өлеңін оқу)

1



21

Шығарма жазуға жоспар құру

1



22

Абай Құнанбаевтың 19,22,36,41,45 қара сөздерін жаттау

1



23

Қабырға газетін шығару

1



24

Бізге үлгі болар ақын-жазушылар

1



25

Журналистика жанрлары

1



26

Салт-дәстүр –тәрбие көзі ( мақала жазу)

1



27

Әдеби кітаптар, мерзімді басылымдармен жұмыс. (өздеріне ұнаған мақаланы оқу, талдау)

1



28

Мақала жазу түрлері

1



29

Халық ақын-жазушылардың еңбектеріне тоқталу

1



30

Оқушылар арасында «Жас қалам» жас журналистер байқауы

1



31

Ы.Алтынсарин өлеңдерін жаттау

1



32

А.Байтұрсыновтың мысалдарын оқу және талдау

1


33

Қиял-ғажайып ертегілер оқу, 1 мамыр

1



34

Шығармашылық газет шығару. Қорытынды сабақ

1


























































Мұғалімге арналған әдебиеттер:

1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж.

2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж.

3.Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж.

4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.

5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж.

6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы». Алматы, 1988 ж.

7. Ермахан Шайхыұлы «Сандалған сауал»

8. Әбіш Кекілбаев шығармалары

9. https://kitap.kz/book- Әдеби кітаптар порталы


Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы әдеби кітаптар

2. Kitap.kz кітап оқу сілтемелері арқылы онлайн оқу

3. https://kitap.kz/book электронды оқулықтар әдеби

4. Ілияс Есенберлиннің шығармаларынан үзінді

5. Сәкен Жүніс «Заманай мен Аманай»

6. Жәди Шәкенұлы «Қаралы көш»

7. Қ.Сыдықов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж.

8. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын өз бетімен ізденіске бағыттап, қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқытуға арналған авторлық бағдарлама. 2011 ж.

9. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.

10. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.

11.Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж.

12. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж.

13. «Абай» журналы. «Абай». Шығармаларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар.





























«Жас қаламгер » үйірмесіне қатысатын оқушылар тізімі

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мұғалімнің аты-жөні

Ескерту

1





1





2





3





4





5





6





7





8





9





10









«Жас қаламгер » үйірмесінің өтетін кестесі

Апта күндері

Өтетін уақыты

Ескерту

1

Дүйсенбі



2

Сейсенбі

сағат 1320-13 55


3

Сәрсенбі



4

Бейсенбі



5

Жұма







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2024
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі