"Жас Қыран" ұйымына қабылдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас Қыран" ұйымына қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
жас қыран ұйымына қабылдау кезінде тәлімгер жас мамандарға көмек ретінде керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі













«Бірыңғай Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»қабылдау салтанатты рәсімі






















Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі


«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»қабылдау



Өтетін уақыты: _________________________

Өтетін жері: АКТ зал

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.

«Атамекен» әні

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 

Жүргізуші:  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын

Жүргізуші:  Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.    

  Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: «Жас қыранға» қабылданатын оқушылар










Жүргізуші:

«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

«Жас Ұлан» - нағыз топжарған

«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Ұлан» - жауапты азамат

«Жас Ұлан» - сенімді дос

«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»


Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

«Жас тірек » әні орындайтын

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне шақырамыз.  

Жүргізуші:  Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

1 сынып оқушысы Аубакирова Нұрсая ант береді:

А Н Т


Біз, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.



Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

қалған мүшелері  «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады. 

Жүргізуші: Құттықтау сөзі ---------------беріледі

Жүргізуші: «Біз ...»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

Жүргізуші: Ұранымыз

Оқушылар қолдау көрсетеді:: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )  

Жүргізуші: Құттықтау сөзі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________________________________________беріледі

Жүргізуші «Жас қыран « мүшелерін орындарына отыруға шақырамыз

Жүргізіші «Жас қыран» мүшелерінің құрметіне ________________________

Орындауында _____________________________әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. 

Жүргізуші:  Кездескенше! Сау болыңыздар!


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі