жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны.
С Ц Е Н А Р И Й
Жиынның тақырыбы: «Жас Ұлан» ұйымының салтанатты жиыны.
Жиынның мақсаты: Өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету.
Отан сүйгіштік қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Азаматтың белсенділігін, білімділігін қалыптастыру. Оқушылардың қуанышты, әсерлі, салтанатты көңіл күйде болуына жағдай жасау.
Шақырылған қонақтар: Мектеп басшылары, ұлағатты ұстаздар.
Ұйым Президенті: Тыңдаңыздар!
Тәлімгер: «Жас Ұлан» түзел! Тік тұр!
-Топ басшы мәлімдеме беруге дайындалсын!
-Еркін тұр!
Президенті: - «Жас ұлан»! Түзел! Тік тұр!
Мектеп тәлімгері, «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы сап түзеп тұр! Баяндап тұрған «Жас ұлан»ұйымының президенті Сериков Мадияр
Тәлімгер: Мәлімдеме қабылданды.
-Еркін тұр!
Президент: Құп болады! (сапқа бұрылып) Еркін тұр!
Президент: «Жас Ұлан» ! Түзел! Тік тұр!
Назар Қазақстан Республикасы мемлекеттік туына!
ҚР мемелекеттік Әнұран орындалсын.
Президент: Назар «Жас Ұлан» ұйымының туына!
«Жас Ұлан» ұйымның әнұраны орындалсын.
(Ортаға жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі қонақтар, қымбатты жас достар!
1-жүргізуші:
Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
-2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
1-жүргізуші:
2011 жылдың 11-ақпанында өткен «Нұр Отан»ХДП-ның ХІІІ Сьезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей тойының қарсаңында 2011жылдың 6 шілдесінде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көш басшыларынан бастамашыл топ «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі құрылды.
1-жүргізуші:
Ендеше жас қыранға қабылданатын оқушыларды ортаға шақырамыз
2-жүргізуші: Құрметті «Жас Ұландар» мен «Жас Қырандар». Бүгін мектебімізде есте -сақталып, ұмытылмас іс-шара іске аспақ. Ол мектептің 2-сынып оқушыларын «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі. Ұйымға қабылданған оқушылар отанымыздың алдыңғы қатарлы азаматы болуына сенім білдіріп, басқаларды да осы қатарға қосылуына шақырамыз. «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі болуға дайынсыңдар ма? Дайын болсаңдар ант қабылдаймыз.
Ант береді
«Жас Қыран» топ басшысы антты айтады қалғандары ант етеміз дейді.
Тәлімгер: Салтанатты ант қабылданды.
2-жүргізуші:
«Жас Қырандықтарға» төс белгілерді тағу үшін ортаға Мектебіміздің директоры:Альмагамбетова С.С шақырып және сөз кезегін береміз
1-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына береміз.
1-жүргізуші:құрметті 2-сынып сендерді жас қыранға қабылданулармен құттықтаймыз !!!
ұстаздар,
оқушылар мен құрметті ата - аналар
қауымы.
Бүгінгі біздің «Достығымыз
жарассын!»- деп аталатын сайысымызға
қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса
достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма
және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан
Отаным,
Алға жаса, жаса мәңгі,
Тек
достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп
бүгінгі сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Қазақстан - көп ұлтты
мемлекет. Онда қазақтар, орыстар,
ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар,
дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері
тұрады. Олар өздерінің осындай кең
байтақ қазақ жерінде өмір сүріп
жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ
халқының осын - ша кең пейіл, қонақжай
екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде
болмасада, қазақтар - дың елін елім деп,
жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі
отбасының кейпін көрсетуде. Әлем
халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған
мемлекетте осыншалық тату - тәтті,
бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы
біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы
біледі, рахметтері шексіз екендіктерін
білдіреді.
Бүгінгі топтармен бірге
ұйымдастырып отырған сайысымызда, әр
топтар шама – шар - қына қарай төрт топқа
бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен,
халқымен, салтымен, ұлт - тық киім
үлгісімен, ұлттық тағамымен өнер көрсете
отырып, сайысқа түспекші.
1 - топ:
«Қазақтар»
2 - топ: «Орыстар»
3 -
топ: «Татарлар»
4 – топ
«Өзбектер»
Жүргізуші:
Қара қылды
қақ жарған,
Әділ сынды дәл
айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен
жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар
алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі
сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең.
Әр ұлт өзін өзі тілінде таныстыру.
2
кезең. Әр ұлттың өз өнерін көрсетуі.
3 кезең. Әр ұлттың салт - дәстүрі.
4
кезең.. Әр ұлт өз ұлттық киімін көрсеті.
5
кезең. Әр ұлт өкілінің ұлттық тағамы
Бүгінгі
сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы
халықтар өздерін таныстырып өтсін.
Алғашқы
топ: Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ
«Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ»
деген халықты.
Ортада «Қазақтар»
тобы өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе
қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100
күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы
«Орыстар» тобының таныстыруын
тыңдайық.
Жүргізуші:
Тағамы оның
әртүрлі,
Татар халқы ортада.
Үнемі
олар билейді,
Мың бұралып ортада, деп
ортаға «Татарлар» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Көшіп - қонып жүретін,
Ала дорба
асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын
өмірден
Ортада «Өзбектер» тобы
өздерінің таныстыру өлең
шумақтарымен.
Топтарымызға рахметімізді
айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: «Бірлігі жоқ ел
тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді
қазақ мақалында. Бұл сөз - дің қаншалықты
дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай
бір аңыз бар:
Бір қарт өзінің ұлдарына
бір бума шыбықты сындыруды ұсынады.
Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп
шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт
буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап
сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп -
оңай сынады.
Сонда ақсақал қария:
«Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге
ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз
беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды
біртіндеп құртады» - дейді.
Әрине,
мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан
елдің болашағы жарқын болады.
Сонымен
кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты
сайысқа береміз.
Ортада «Қазақтар»
тобы: «Қара Жорға» биімен.
«Орыстар»
тобы: Келесі: орыс ханымдарының билеріне
кезек берсек.
Ал, енді ортада «Өзбектер»
тобы өздерінің ерекше өнерімен.
«Татарлар»
тобы: «Татар жыры».
Ал, халқымыздың
өнеріне тәнті болдық. Бағасын әділ -
қазыларымыз бере отырсын.
Жүргізуші:
Әр
ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар,
Мейірлері
жарасқан.
Дос жүректер біріккен,- дей
келе келесі кезең ұлттық киім үлгісін
көрсету.
Жүргізуші: Әрбір халықтың
бай мәдениеті бар. Салт - дәстүрлер
ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Әр
халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік
жыры бар. Бірақ олардың бәрі - де бір
атаның баласындай бақыт, бейбітшілік,
жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл
мақсат бәрінің басын біріктіреді.
Сонымен
ортада әр халықтың салт – дәстүрінен
үзінді.
Қазақ халқы
«...............................»
салтымен ортада.
Орыстар бүгін
«...........................»
салтын алып келген.
Татарлар
назарларыңызға «....................»
спорттық биін көрсетеді.
Өзбектер «
........................»
салтын ортаға паш етеді.
Енді әділ
қазылар алқасы өз бағаларын көрсете
отырсын.
Жүргізуші:
Қанша ұлт
болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы
жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей
келе сайысқа түсуші қонақтарымызға
кезекті берсек. Олар бізге өздерінің
ұлттық тағамдарымен таныстырса.
Сонымен,
кезекті әділ - қазылардың шешіміне
берсек.
Жүргізуші:
Жеңімпаздарды
құттықтай отыра мына өлең жолдарын
сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз
қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы,
өзені, көлі бар,
Қазағымның елін,
жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы
бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді
еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ
еліміз.
Туған елін, туған жерін
сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз
- дей келе барлықтарыңызға рахметімді
айтамын.
Оқушылар өз өнерлерін
көрсеткені үшін, және қатысқан ата –
аналар мен мұғалімдері мізге алғысым
шексіз.
Хормен: Бірлігіміз жарасып,
еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа
демей татулықта, бейбіт өмірде күн
кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
Енді
барлығымыз ортаға шығып «Аман болшы
халқым» биін бірге билейік.
Келесі
кездескенше, сау болыңыздар!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген