Материалдар / Жас спортшымен сұхбат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас спортшымен сұхбат

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас спортшы Тұрсынбеа Дулатпен сұхбат. Сұхбат алушы жас тілші: Апшерхан Бұлбұл
Авторы:
11 Наурыз 2024
204
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас спортшы Тұрсынбек Дулатпен сұхбат



Әлемдік аренаға шығып, туымызды желбіретіп жүрген спортшыларымыз қаншама. Елімізді әлемге танытып, Қазақ елінің рухын асқақтанқан жас ұландарымыздың саны күннен күнге артуда. Соның бірі 2022 жылы грек-рим күрес спорт түрі бойынша Манама Бахрейн қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның атынан шығып, күміс жүлдеге ие болған жас спортшымыз Тұрсынбек Дулат. Бүгінгі сұхбат спорт сүйер қауымға пайдалы болады деген ойдамын.



-Дулат, бірі білсе, бірі білмес. Өзің туралы толық ақпарат айта кетсең?


-Мен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тумасымын. Отбасымда 4 баламыз. Мен тұңғышымын. Қазіргі таңда Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиадалық резервтік спорт интернат колледжінде оқимын. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атамыздың спорты грек-риммен шұғылданамын.



-Бұл салаға келуге не себеп болды? Спортқа деген қызығушылық қалай оянды?


-Бұл спортқа келуімнің себебі, осы Жақсылық атамыз сияқты Азия, Әлем олимпиада шыңында еліміздің көк туын көтеріп, әнұранымызды шырқалтамын деген арманның болуында. Сол кісіге еліктеп, Жақсылық атамыздың жолын қуамыз деген мақсатты алға қойдым. Мен бұл спортқа келгеніме еш өкінбеймін. Таңдауымнан жаңылмайтыныма толықтай сенімдімін. Осы грек-римнің арқасында көптеген жерге бардым, елдерді араладым.


-Азия чемпионаты туралы толықтай айта кетсең.


-Азия чемпионатына тоқтала кетсем, ол менің карьерамдағы ең үлкен жарыстардың бірі болды. Ол чемпионатта көптеген елден спортшылар келіп, жүлдеге таласып, бақ сынасты. Қырғызстан, Өзбекстан және Азия құрлығындағы барлық шет елдер топқа түсті. Осы чемпионатта біз еліміздің атынан шығып, қазақтың нағыз ержүрек, батыр, намысты халық екенін көрсете білдік. Ең маңыздысы, біз Қазақстанның атынан шыққандықтан, ел намысы бізге жүктелді. Ол жердегі сезімді мен айтып жеткізе алмаспын. Чемпионаттың атмосферасы мүлде бөлек ғой. Қуаныш пен қорқыныш қатар болғандықтан қатты қобалжыдым. Енді не дегенмен бұл жарыстан орын алмай, елге қалай қайтамын деген намысты ойлар болды. Бірінші белдесуде Қырғыз палуанымен күрестім. Оны 9:0 есебімен таза жеңіске жеттім. Екінші белдесуде Араб палуанымен күрестім. Бұл жолы да 10:2 есебімен таза жеңіске жеттім. Ең қиынға түскені Иран палуаны. Ол өте тәжірибелі болды және әккі десек те болады. Ол Иран палуанымен есеп 8:7 болып, өз айламмен Иран палуанын жолда қалдырдым. Финалға келсек, өте қиын әрі шешуші болды. Оны көтере алмадым ба, 3:2 есебімен Индия палуанына есе жібердім.



-Осы уақытқа дейін түрлі қиындықтар кездесті. Сол үшін спортты тастаймын деген ой болды ма?



-Әрине, қиындықтар да жарақаттар да көп болды. Бірақ, қазақта керемет сөз бар ғой, Басы қатты болса, аяғы тәтті болады деген. Басында қиындықтарды аман-есен бапкерлеріміз бен жанымдағы спортшылармен бірге өткіздік. Осының барлығы осы кісілердің арқасында деп айта аламын. Осы дәрежеге жетуге көмегін тигізген де осы асыл адамдар. Бұйыртса, бұдан да жоғары нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Бапкерлеріме мың алғыс айтамын.



-Егер де спортшы болмасаң, кім болар едің? Осы саланы әрі қарай жалғастырасың ба?



-Қиын сұрақ екен. Бұл спортпен айналысып келе жатқаныма 12 жылдың жүзі болыпты. Бұл спортты мен хобби ретінде емес, өзімнің кәсібім ретінде көремін. Әрі қарай бұл спортты жалғастырамын. Алда келе жатқан Ел чемпионатында бақ сынаймын. Осы чемпионатта жеңімпаз атану қазіргі мақсатым. Азия чемпионаты Иорданияда болады. Сол жерде қазақтың туын көтеріп, көкке желбіретеміз, бұйыртса! Сонымен қатар Азия чемпионатынан кейін Әлем чемпионаты келе жатыр. Еліміз тілекші болса, алар асуларымыз өте көп. Әлем чемпионаты Оңтүстік Америка, Аргентина жерінде болады және мен бұл жарыста бар өнерімді саламын. Бұл жарыстармен қатар, мен үшін маңызды жарыстардың бірі, Гимназияда жарысы. Ол Бразилияда өтеді. Бұл жарыста да топты жарып, барша әлемге Қазақ деген ұлттың қандай болатынын дәлелдейтін боламын.



-Спорттан өзге немен айналысасың ? Хоббиің бар ма?



-Мен өзімнің бос уақытымда спорттан бөлек білімімді шыңдау үшін көп кітаптар оқимын.



-Азия чемпионатынан өзге сен үшін естен кетпес жарыс?


-Азия чемпионатынан бөлек мен үшін ерекше жарыстардың бірі 2022 жылы Шымкент қаласында өткен Ел чемпионаты. Себебі, мен бұл алтын жүлдені 3 жыл бойы күттім. Неге 3 жыл бойы десеңіздер, 3 жыл бойы жартылай финалға келіп, қарсыластарыма есе жібердім. Бұл жеңіс менің бапкерлеріме, ағайларыма үлкен қуаныш әкелді. Сол кісілердің арқасында осы жетістікке жеттім.



-Спортшының бойында болу 3 қасиет қандай? Өзің сияқты жастарға қандай кеңес айтар едің?


-Спортта жетістікке жету үшін темірдей тәртіп, үздіксіз білім, жүйелі дайындық керек. Бұл қағидалардың бәрін орындаған адам спортта міндетті түрде жетістікке жетеді. Осы кеңестерді болашақ жас ұрпаққа айтар едім.



-Уақытыңды бөліп сұхбат бергеніңе алғыс айтамын. Саған спорт саласында мол табыстар тілеймін. Жетістіктерің көп болғай!

Қазақтың сен сияқты батыр палуандары көп болсын.


Апшерхан Бұлбұл

Абай атындағы гимназия мектеп” оқушысы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!