Материалдар / Жас талап» атты тыңдаушылардың шығармашылық үйірмесінің Бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас талап» атты тыңдаушылардың шығармашылық үйірмесінің Бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Жас талап» үйірмесі 2011 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында факультет тыңдаушыларының ғылыми танымдық және шығармашылық қабілетін арттыра түсу және кешендік тестілеуге дайындығын дамыту, сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау, жастардың қоғамдық орындарда өздерін ұстау әдебі мен қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылды. Үйірменің жұмыс істеу бағыты бойынша оқу жылының ағымында студенттер конференциясын және әртүрлі мәдени танымдық шараларды, мемлекеттік тілді, ресми тілді, ел тарихымен терең таныстыру сабақтары, кездесулер, мәдени-танымдық саяхат сабақтар, тренингттер өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
670
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Келісілді Бекітілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университеті ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық ЖОО-ға дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі факультетінің деканы

М.С.Мырзабеков Ж.Е.Жаппасов

____________________________ ____________________________

«___» ________________2017ж. «___» ________________2017 ж.



«Жас талап» атты тыңдаушылардың

шығармашылық үйірмесінің

Бағдарламасы


Құрылған мерзімі: қазан 2011 жыл


Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Жас талап» үйірмесі 2011 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында факультет тыңдаушыларының ғылыми танымдық және шығармашылық қабілетін арттыра түсу және кешендік тестілеуге дайындығын дамыту, сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау, жастардың қоғамдық орындарда өздерін ұстау әдебі мен қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылды. Үйірменің жұмыс істеу бағыты бойынша оқу жылының ағымында студенттер конференциясын және әртүрлі мәдени танымдық шараларды, мемлекеттік тілді, ресми тілді, ел тарихымен терең таныстыру сабақтары, кездесулер, мәдени-танымдық саяхат сабақтар, тренингттер өткізіледі.


Үйірме мүшелері: мемлекеттік тілді, ресми орыс тілін және басқа да пәндерді тереңдете үйренуге қызығушылық танытқан, кешендік тестілеуге дайындығын арттыра түскісі келген және қазақ халқының салт-дәстүрінен хабардар болғысы келген факультет студенттері.


Үйірменің мақсаты: студенттердің шығармашылық-креативтік қабілеттерін дамытумен бірге, шетелдік азаматтарды Қазақстанның қазіргі жағдайына қарай бейімдеу, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге баулу, оралман жастардың бойында атамекенге деген отансүйгіштік қасиеттерін ояту, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру барысында өз жауапкершіліктерін сезінулеріне мүмкіндік туғызу, шешендік өнерге баулу, қазақстандық ұлтжандылық пен қарым-қатынастың мәдениетін, сөйлеу әдебін қалыптастыруға тәрбиелеу.



Үйірменің міндеттері:

  • шетелдік студенттер мен оралман жастарды Қазақстанның қазіргі саяси және әлеуметтік жағдайына бейімдеу;

  • студенттердің бос уақытын пайдалы өткізулерін қамтамасыз ету;

  • студенттердің қоғамдық саяси және әлеуметтік белсенділігін арттыру;

  • мәдени ағарту бағыттары бойынша іс-шаралар (мемлекеттік маңызы бар оқиғалар, атаулы күндер, ұлттық мейрамдар) өткізу;

  • тіл үйренуші шетелдік студенттерді әртүрлі тілдік жағдаяттарға коммуникативтік қарым-қатынастарға жол таба білуге, жөн сұрасуға даярлау;

  • студенттердің шығармашылық және креативтік қабілеттерін арттыру;

  • халықаралық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге орай дебаттарда пікір сайысқа қатысуға баулу;

  • студент жастардың ұйымдастырушылық қасиеттерін және топта, белгілі бір ортада көшбасшылық қабілеттерін ашу;

  • оралман студенттердің кешендік тестілеуге дайындықтарын тереңдете түсуге қатысты семинарлар, тренингтер өткізу, дәрістер оқу;

  • жоба жұмыстарын орындауға үйрету;

  • тілді ойын, сайыс сабақ түрлері арқылы меңгерту.


«Жас талап» үйірмесінде студенттердің креативтік шығармашылық қабілетін арттыру және олардың бос уақытын тиімді өткізуге, оралман және шетелдік студенттерді қазіргі Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайына бейімдеу мақсатында әртүрлі шаралар ұйымдастырады мынадай секциялар жұмыс істейді:

«Қызықты қазақ тілі» секциясында тіл үйренуші шетелдік студенттер оқытушының көмегімен әртүрлі тілдік жағдаяттарға қатысты лингвистикалық ойындар арқылы сұхбаттар құрады және үлгерімі төмен студенттермен түзету жұмыстарын жүргізеді. Студенттік конференцияға дайындайды.

«Мемлекеттік тіл өзгетілді дәрісханада» секциясында өзгетілді дәрісханаға қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту барысында шетелдік тыңдаушылар пән оқытушылардың жетекшілігімен ресми тілде жөн сұрасу, түрлі коммуникативтік жағдаятта диалог құруды үйренеді.

«Тарихи тағылым» секциясы қатысушы студенттерге Қазақстан тарихын тереңірек таныстыруды мақсат етеді.

«Жас саяхатшылар» секциясы студенттерді Қазақстанның тарихы мен географиясымен, тарихи ескерткіштері мен мәдени жәдігерлермен таныстыру жұмыстары мен Қазақстанның көрнекті жерлерін – Алматы қаласын, Түрген сарқырамасын, Есіктегі «Алтын адам ескерткішінің» макетін, Шарын шатқалын, көне қалалар - Түркістанға, Таразға саяхаттарды ұйымдастырады.

.






ЕРЕЖЕ


І. Жалпы ережелер

1.2.Үйірме – бірге жұмыс жасауға, бірге зерттеп, талдап үйренуге жиналатын, қызығушылықтары ортақ мүдделес тұлғалардан тұратын топ.

1.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үйірмелері – бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік, спорт және ғылыми-кәсіби қызығушылықтарын арттыруға бағытталған ерікті қоғамдық ұйым.

1.4. «Жас талап» үйірмесіі осы Ережені басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

1.5. «Жас талап» үйірмесі кафедра деңгейінде ұйымдастырылды.


ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

2.1 Үйірменің негізгі мақсаттары:

- жеке тұлғаның гармониялық қалыптасуына әсер ету;

- студенттердің бос уақытын тиімді өткізу;

- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру;

- факультет студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және жүзеге асыру болып табылады.


2.2. Үйірменің міндеттері:

- үйірменің факультет деканымен бекітілген ережесі болуы;

- үйірменің кафедра меңгерушісімен бекітілген жоспар жасалуы;

- үйірме жетекшісі кафедрада жұмыс істейтін оқытушы болуы;

- үйірме тәрбие жұмысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне тіркелуі;

- үйірме кем дегенде айына бір рет кафедра деңгейінде іс-шара өткізуі және өткізілген іс-шараның жылдық есебі болуы;

- үйірме және үйірмешелер жетекшілері үйірме мүшелері – студенттермен - тығыз байланыста жұмыс жасап, іс-шаралар ұйымдастыруы міндетті.


ІІІ. Құқықтары

Қатысушылар:

- үйірмеге және үйірмешелерге факультеттің кез келген тыңдаушысы қатысуға;

- университеттің, факультеттің, кафедраның, үйірменің ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға;

- үйірме құрамынан шығуға ерікті.








«Жас талап» үйірмесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі шараларыDrawObject1



DrawObject2





DrawObject3

DrawObject4

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!