400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас түлек-Жаңа Қазақстанның ертеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала,жас түлектің шығарған өлеңі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас түлек – Жаңа Қазақстанның ертеңі

Жастар-ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Қашанда қоғамның қозғаушы күші-жастар. Сондықтан жастардың жақсы азамат болып қалыптасуына, сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуға ата-ана, ұстаз, қоғам болып ат салысу керек деп ойлаймын. Еліміздің тәуелсіздігін, мәдениетін,салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап қалу үшін жастарымыздың бойында ең бірінші адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Екіншіден,отансүйгіштік,еңбекқорлық,үшіншіден ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру қажет.

«Бала тәрбиесінің ең үлкені-оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады»-деп,Әзілхан Нұршайықов атамыз айтпақшы,ата-ана, ұстаз,қоғам үшеуі бірлесе отырып жастарды еңбекқор болуға тәрбиелеу басты назарда болу керек.

Бүгінгі түлек - ертеңгі дәрігер, ұстаз тағы басқа мамандық иелері,қоғамның негізін қалаушы. Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан!» дегеніндей, біз сол кірпіш секілді еліміздің кемел келешегіне қаланып жатқан асыл іргетаспыз. Әр ұлттың болашағы-оның білімді, жігерлі жастары.

Жас түлек-жаны жайсаң,жайдарлы,

Жас түлек-ел үмітін арқалайтын айбарлы.

Жас түлек-Жаңа Қазақстан жолында,

Еңбек етіп,тер төгуден талмайды.

Ел ертеңі-жүрегі мен жанында,

Қайсарлық пен батырлық бар қанында.

«Ел боламын десең,бесігіңді түзе»-дегенді,

Жадымыздан шығармаған жастармыз қашанда.

Біз жастармыз ел сенімін ақтайтын,

Тура жолды,әділдікті жақтайтын.

Жаңа Қазақстан-жаңару мен дамуда,

Әрқашанда жаңашылдықты қолдайтын.

Бүгінгі күнде еліміз білімге, ғылымға, технологияға ерекше көңіл бөліп отыр. Әрбір жасқа мол мүмкіндіктер беріліп,армандарын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалуда. Білімімізбен, еңбегімізбен, жаңашылдығымызбен Қазақстанның көркейіп,гүлденуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына үлес қосуымыз керек.

Елімізде қазір жастарға арналған түрлі жобалар жұмыс жасауда.Сол жобалар арқылы жастарымыз өздеріне не қажет екенін,заман көшінен қалмау керектігін,жаңа технологияны меңгеру керек екенін,бәсекеге төтеп беруге дайын екендерін көрсетіп келеді.Жаңа Қазақстанның ертеңі-өздері,яғни жастар екенін сезінуде десек те болады.

Ұлтымыздың бағына жаралып,жоғын түгендеумен өткен,«Алаштың Ахметі» атанған ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Білімді болуға-оқу, бай болуға-кәсіп, күшті болуға-бірлік керек» деген қанатты сөзімен қорытынды жасағым келіп отыр. Себебі,жастар жаңа Қазақстанның ертеңі болу үшін білімді,бай,күшті болуы керек деп ойлаймын. Білімді болу үшін көп оқу керек,бай болу үшін кәсіппен айналысу керек, күшті болу үшін ынтымақтаса жұмыс жасау керек. Осы айтылған үш нәрсенің артында төзім мен еңбекқорлық жатыр.Сондықтан болашақ жастарымызды елінің ертеңін ойлайтын,тәуелсіздігімізді мәңгілікке сақтап қалу жолында аянбай еңбек ету керектігін, ата-бабамыздың аманатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші екендігін айтқым келеді.

Мен өзімді осы маңызды жолдың басында тұрған бақытты ұрпақ деп санаймын.Білім алып,аянбай еңбек етіп,өзімді дамыту арқылы еліме елеулі еңбек сіңіргім келеді.Өзім армандаған саламда үздік маман болып,ел экономикасының дамуына үлес қосу,жаңа тың идеялар арқылы жаңалықтар ашу.Біз жастар өз білімімізбен,еңбегімізбен Жаңа Қазақстанды бірге құруға тиіспіз.Елімнің ертеңі-болашақ жастардың қолында!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 шілде
213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі