400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы.

«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралықактілерді басшылыққа алады. Мақсаты мен міндеттері «Жас Ұлан»-ның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Қызметтері мен қағидалары «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады: тәрбиелік, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, ақпараттық, шығармашылық.

Мүшелік, оған қабылдану және шығу тәртібі. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұлан»-ның жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұлан» -ға өз үлесін қосуға және оныың мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні. «Жас Ұлан»-нан ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұймының жетекшісіне жазбаша өтініш береді. «Жас Ұлан» ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымынан шығару туралы ескерту жасау. Шығару туралы шешім мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді. Рәміздері мен ерекше белгілері «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.

Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсті – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40х130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған. Ұран – ұйымының ерекше белгісі. Ол ұйымының, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді. «Жас Ұлан»-ның ерекше белгілері болып ұйымының идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.03.2023
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі