400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас Ұлан балалар ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас Ұлан балалар ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.

«Атамекен» әні

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 

Жүргізуші:  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын

Жүргізуші:  Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.    

  Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Кадр сыртындағы дауыс: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!.

(Салтанатты марш ырғағымен)

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )  

Жүргізуші:

«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

«Жас Ұлан» - нағыз топжарған

«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Ұлан» - жауапты азамат

«Жас Ұлан» - сенімді дос

«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»

Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Жүргізуші: Құттықтау сөзі мектеп директоры ------------------------------------ беріледі

(фанфары)

Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

«Қазақтай ел қайда» әні орындайтын

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне шақырамыз.  

Жүргізуші: «Жас Ұланға» қабылданатын оқушылар: 

Жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

10 сынып оқушысы ----------------------------- ант береді:

А Н Т


Біз, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздан талап етуге. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

қалған мүшелері  «Ант етеміз!»

4 сынып оқушылары

«Ант етеміз!» деп 3 рет айтады. 


Жүргізуші: Құттықтау сөзі ---------------беріледі

Жүргізуші: «Біз ...»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

Жүргізуші: Ұранымыз

Оқушылар қолдау көрсетеді:: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )  

Жүргізуші: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар!Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.(Музыка ойналады)

Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. 

Жүргізуші: Сау болыңыздар! Кездескенше!

«Қазақстан» әні




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі