Саламатсыздарма, «Мектептен тыс жұмыстар» республикалық педагогикалық журналының бас редакторы Жамбы Нұрбекова және шығармашылық ұжымы!
Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы жаңа жылда толағай табыстар тілеймін. Алдағы уақытта сіз басқарып отырған ұжыммен тығыз байланыста болғым келеді!
БҚО
Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Тулегенова Асылзада Бекжанқызы
Аға тәлімгер
Телефоны: 8 702 911 80 34
Электронды почта: Asylzada_jan@mail.ru

2020-2021 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар
мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны
Мақсаты: Оқу «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдай отырып, оларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал ету, өзін-өзі басқаруға үйрету.
Құралдар: Мемлекеттік Ту, «Жас ұлан» ұйымының туы, «Жас Ұлан» ұйымының тақтасы
|
Жүргізуші |
Қайырлы күн оқушылар, ұстаздар және мектеп әкімшілігі! 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларымызды қашықтан қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз! |
|
АӘД мұғалімі |
Түзел, тік тұр ҚР-ның мемлекеттік Гимні орындалсын! |
|
Жүргізуші |
Құттықтау сөз А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының директоры Кадыров Елжас Елдосұлына беріледі. (құттықтау, сертификат туралы айту) |
|
Мектеп басшысы |
Сөз сөйлейді |
|
Биыл ұйымға бастауыш буыннан 35 бүлдіршін, орта буыннан 25 оқушы қабылданбақшы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жас қазақстандық азамат дегеніміз- бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс», - деп өскелең ұрпаққа айрықша ескертіп айтқан болатын. Жауапкершілік таныту, Ұлт, Мемлекет алдындағы міндеттерін, оны абыроймен алып шығуды ойлаған әр оқушы Қазақстанның ел ретінде, халық ретінде алға басуына үлкен үлес қосатын азамат болары анық. |
|
Ендеше, Тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мүшелері қастерлеу керек ұғымдармен таныстыру үшін ортаға бүгінгі таңда қалалық, облыстық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Жас Ұлан» ұйымының белсенділерін шақырамыз! |
|
Аяжан |
1.Тәуелсіздік
«Арманда кеткен арыстардың
асыл мұратына біз мыңжылдықтар тоғысында қол жеткіздік. |
|
Ақжан |
2.Бірлік «Біздің баға жетпес байлығымыз – бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз. Құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз.» |
|
Мирас |
3.Мәдениет «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» |
|
Алишер |
4.Туған жер «Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. |
|
Жазель |
5. Тарих «Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі
Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып
кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір
сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат
тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше
ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың
бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк
түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің
елдігіміздің түп
тамыры» |
|
Назым |
6. Білім мен өнер «Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады. Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер» |
|
Барлығы бірге |
Жас Ұланның мұраты, білім, тәлім-талабы... Өнер, оқу, -жастықтың қару жарағы. |
|
|
Хабарлаусыз ән: Сүлейменова Жазира: Астана |
|
1-Жүргізуші |
Білімді- көкіректе нұр деп түсін Жігерлі, жалынды жыр деп түсін. Аталған мақсат, талап, ережені, Орындауға бәрің де міндеттісің! |
|
2-Жүргізуші |
Арайлап атқан таңы күншығыстан, Қарсы алам көзімді алмай таңды алыстан, Отаным, ынтымағың қымбат маған, Жас Қыран, Жас Ұлан, Қазақстан |
|
1-Жүргізуші |
Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Бақсиық Мирас |
|
|
Ұланбасы ортаға шығып баянат береді. |
|
Ұланбасы |
Ұйымның аты |
|
5-9 |
«Жас Ұлан» |
|
1-4 |
«Жас Қыран» |
|
Ұланбасы |
Ұранымыз! |
|
«Жас қыран!Жас Ұлан!Қазақстан!» |
|
|
Ұланбасы |
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдаушылары салтанатты қабылдау рәсіміне дайын. Баянат беруші Ұланбасы- Бақсиық Мирас |

«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданушыларға айтар ізгі тілектерімен сөз кезегі ардагер ұстаз Алия Шабаевнаға беріледі. |
|
Сөз сөйлейді
|
|
|
1-Жүргізуші |
Сөз кезегі ант қабылдау үшін «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушы Сагидокас Мәди-ге беріледі! |
|
Жас Ұландық
|
Біз, «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге; Ата-анамызды қадірлеп; Үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Оқуда озат, еңбекте адал болуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ! |
|
Жүргізуші |
Кезекті «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әніне береміз! |
|
Жасұлан әні орындалады |
|
|
Жүргізуші
|
Құрметті жас ұландықтар, сіздерге оқуда табыс тілей отырып, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуыңызға шын жүректен тілектеспіз! Сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Рахмет! |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің бағдарламасы

шағым қалдыра аласыз