Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Жас Ұлан Жас Қыран ұйымына қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәлімгерлерге оқушыларды Жас Ұлан ұйымына қабылдауға керек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдысай ЖОББМ









«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау

\ салтанатты жиын\






Дайындаған: Жоныс А.А









«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны


Негізгі мақсаты: "Жас Ұлан" ұйымының негізгі мақсты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық - шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Жүргізуші:

Біз жас ұлан – Отан ана өркені 
Үміт артқан болашағы ертеңі. 
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, 
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені! 

Ведущий:

Мы должны воплотить все надежды,

Все мечты и стремленья, и сны,

Для того чтоб не жить, так как прежде,

 Новый мир мы построить должны.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерей тойымен қатар келген  "Жас ұлан-Мәңгілік ел ертеңі" атты Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!


2018 жыл , яғни биыл жас ұланға 7жыл толып отыр. Мереке құтты болсын! Мереке қарсаңында бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына, біздің мектептің жарқын оқушылары мүше болып қабылданғалы тұр.

Ведущий: Добрый день, дорогие друзья! В этот замечательный день мы рады приветствовать вас на торжественной линейке, посвященной Дню Независимости Республики Казахстана и церемонии приема в ряды детско-юношеской организации «Жас Ұлан».


Ұланбасының орынбасары: Жас ұлан ұйымының Ұланбасшысы:

Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына Жас Ұландықтар дайын.

Хабарлама тапсырушы: Ұланбасының орынбасары Фазылбек Әділет


Ұланбасы:\хабарлама қабылданды,еркін тұр\


Ұланбасы: Құрметті Аға тәлімгер! «Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қабылдау жиынына салтанатты түрде өтуге Жас Ұландықтар дайын.Хабарлама беруші мектеп Ұланбасшысы Деливерова Валерия .

Аға тәлімгер: Хабарлама қабылданды ,еркін тұр.

Жас ұландықтар! Түзел!Тік тұр!

«Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы кіргізілсін!


\ГИМН\

Жүргізуші: Бүгінгі Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерей тойына арналған ""Жас ұлан-Мәңгілік ел ертеңі" " атты Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

«Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсат-міндеттерімен таныстыру үшін сөз Ұланбасына беріледі.

Ұланбасы: «Жас Ұланның» мақсаты:

-өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік,Отан тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас Ұланның» міндеттері:

-Қазақстан халқының тілін,мәдениетін,тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

-балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

-танымдық жұмыстарды ынталандыру;

-балар мен жасөспірімдердің зияткерлік,шығармашылық және әлеуеттік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

-жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға,көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың және тұлғалық қасиеттерін дамыту;

Сіздерді осы ережелерді сақтайды деп сенемін.

Ендеше, Жас ұлан қандай?

Жас ұлан – талантты                               Жас ұлан – сенімді,

Жас ұлан – қабілетті                                Жас ұлан – көңілді,   

Жас ұлан – дарынды,                              Жас ұлан – сыпайы,

Жас ұлан – мейірімді!                             Жас ұлан – әдепті!


Жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының төс белгісімен галустугін ұйымға қабылданушы оқушылар кеудесіне тағу рәсімін

Мектеп директоры – Биртаева Саулеш апайға

оқу ісінің меңгерушісі – Бимагамбетова Мейрамгүл апайға

тәрбие ісінің меңгерушісі – Мукашева Кенжегүл апайға

АӘД пәні оқытушысы– Турежанов Талғат ағайға жәнеде зейнеткер ұстаздар Фильченко Валентина Сергеевнаға, Калиева Айгул Несипбаевнаға және мектеп түлектеріне береміз.


\Төс белгілері тағады, музыка ойнайды\

Жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының арнайы төс белгісін кеуделеріне алғаш болып тағушы балдырғандарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші:

Біз-Жас Ұлан Отан Ана өрнегі

Үміт артқан болашағы ертеңі

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жақсартамыз өлкені.

Ендеше,құрметті Жас Ұландықтар аға буынның тәрбиесін өнеге тұта отырып, жақсы істерді бірге атқарамыз деген Тәуелсіз елдің ұландарының ант қабылдау рәсіміне кезек береміз.

\АНТ ҚАБЫЛДАУ\

5а.1-оқушы: "Жас Ұлан" ұйымының әрбір мүшесі: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білуге, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенуге күш саламыз.

5ә.2 - оқушы: "Жас Ұлан" ұйымының әрбір мүшесі: Отанына адал, Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуге .Оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар, шыншыл жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайынбыз.

5б.3 - оқушы:

«Жас Ұлановец» - искренний патриот

«Жас Ұлановец» - настоящий лидер

«Жас Ұлановец» - служит обществу

«Жас Ұлановец» - ответственный гражданин

«Жас Ұлановец» - надежный друг

«Жас Ұлановец» - будущий «Жас Отановец»

Жүргізуші: "Біз ..."

Оқушылар:  "Жас Ұлан!"

Жүргізуші: Ұранымыз: 

Оқушылар:  « Жас Қыран! – Жас Ұлан! - Қазақстан!» - 3 рет

Жүргізуші: «Жас Ұландар» әні орындалсын!

\Жас Ұландар әні орындалады\


Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Биртаева Саулеш апайға береміз.

\мектеп түлектерінің құттықтау сөзі\

Жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2а класс оқушыларының өнеріне кезек береміз.


2 жүргізуші: Сегодня стал ты независим Казахстан!!!
Ты сделал многое для своего народа.
В защиту подставлял могучий стан,
И обходили стороной невзгоды

Ты бережно хранишь свою культуру
Мой Казахстан!!! С тобою твой народ!!!
И каждый казахстанец гордо скажет…
Своей Родной Земли я патриот!!!

Следующими выступают патриоты вступившые в ряды «Жас Улан»,ученики 2 классов.

1-жүргізуші: 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

Мәңгі болсын, баянды болсын

27 жыл ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын

Тәуелсіздік тұғырың!

Келесі кезекте 5а,5ә-сынып «Жас Ұландарының» өнерін тамашалаңыздар!


2-жүргізуші: Есть на свете немало богатых ,загадочных стран.

А для нас центр мира в бескрайних степях Казахстана

На просторах твоих , как по замыслу мудрый природы

Все пропитано чистым и радостным духом свободы.

Встречайте «Жас Уланцев» 5б-класса.


Жүргізуші:Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын. Құттықтау сөз «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына өтке оқушылардың класс жетекшілеріне және ата-аналарына беріледі.



Жүргізуші:

Білімді - көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің

Ведущий:  Торжественная линейка, посвященная Дню Независмости и приему учащихся в ряды «Жас Ұлан» объявляется закрытой. Мы желаем юным «Жас Ұлановцам» быть гордостью нашей родины! Всегда и во всем быть примером для своих сверстников и подрастающего поколения.

Жүргізуші: Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12