"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау сценарий

Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикалық Бірыңғай "Жас Ұлан мен Жас қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиынына сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№34 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.










«Ұланымыз ұлы елдің»

Салтанатты жиын























2023-2024 оқу жылы



Салтанатты жиын «Ұланымыз ұлы елдің»

І – жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі қонақтар!
ІІ- жүргізуші:Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің Жас Ұланы дей келе бүгінгі «Ұланымыз Ұлы елдің» атты Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатын ашық деп жариялаймыз!


ІІ - жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
Менің елім – Қазақстан, Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін, абыройың, атағың!

І – жүргізуші: 2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының ХІІІ Съезінде тұңғыш президентіміз Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай жасөспірімдер ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

ІІ – жүргізуші: 2011 жылдың 6 шілдесінде «Елорда күніне» орайластырылып, жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамашыл топ Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.
Жасөспірімдермен балалардың бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануы ерікті түрде жүргізіледі және оларды Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсат біріктіреді.

ІІ – жүргізуші:Бүгінге дейін өз ортасының көшбасшысы бола білген, «Жас қыран» ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларымызды ортамызда. Олар мектебіміздің мақтаныштары, өздерін тек жақсы жақтан көрсетіп, үлгілі бола білгендер оқушылар.

І – жүргізуші:Бүгін «Жас ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке, ең үлгілі, ең әдепті, терең білімді, озық ойлы, шығармашыл мектеп оқушылары қабылданғалы отыр.Ендеше ортамызға Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларды ортаға шақырамыз



5 сынып білім алушылары


2 сынып білім алушылары



ІІ – жүргізуші: Тәуелсіз ел аясында бейбіт өмірдің, қамқор Отан – ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатына куә болмақпыз.Қабылдау салтанатын бастамас бұрын сөз кезегін мектеп басшысы Боржуков Қанат Абдықадырұлына береміз.
І – жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларын және 2 сынып оқушыларын «Жас қырандар»қатарына қабылдамақпыз.

Мінекей біз осындай оқуда озат, еңбекке адал, өнер мен спортта өжет те қайсар, елгезек жарқын жүзді оқушыларымызды баршаға үлгі ете аламыз.
ІІ – жүргізуші:

Отанның ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол,
Тәуелсіз ел ұланы
уәде беруге дайын бол!

І – жүргізуші:
Салтанатты түрде ант беру рәсімі 5 –сынып білім алушысы Айдархан Алихан Қанатбекұлына беріледі.


Біз Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға,
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге,
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
УӘДЕ ЕТЕМІН, УӘДЕ ЕТЕМІН, УӘДЕЕТЕМІН!

ІІ – жүргізуші : Галстук тағу рәсімі ұлағатты ұстаздарымызға және мектебіміздің белсенді оқушыларына беріледі./«Жас ұлан» ұйымының Гимні орындалады./







Речевка

СӘЛЕМ! СӘЛЕМ! СӘЛЕМ!

Жас Ұланды ел танысын,

Көтерейік оң қолды!

Мың алғысқа лайықсың сен,

Көтерейік сол қолды!

Көрінсің әлем, естісін әлем (2 рет)

Өскелен елдің Жас Ұланын (2 рет)




ІІ – жүргізуші :

- Міне біздің мектебіміздің тәрбиелі де тәртіпті, ұшқыр ойлы да алғыр оқушылары бүгінгі салтанатты жиынға «Жас ұлан» ұйымына мүшелікке қабылданды.


І – жүргізуші: Келесі кезектебүгінгі «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданып отырған оқушылардың тілегін тыңдасақ.

ІІ – жүргізуші:

Білімді көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!
І – жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Бабалар аманатын алға тартар,
«Жас ұлан» атандыңдар міне, бүгін.

ІІ – жүргізуші:

Қадамыңыз құтты болсын, Жас қыран!
Бақ кетпесін халқымыздың басынан,
Ұлтың үшін адал болсын әрдайым,
Табылыңдар игі істердің қасынан!

І – жүргізуші: - Бүгінгі «Ұланымыз ұлы елдің»атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі