Материалдар / «Жас Ұлан» ұйымының тәрбиелік мақсаты және маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жас Ұлан» ұйымының тәрбиелік мақсаты және маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп қадам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас Ұлан» ұйымының тәрбиелік мақсаты және маңызы

«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ладам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.

Көшбасшылық  – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ететін тұлға.

Міне дәл осы екі ұғымды болашақ жастар жастайынан санасына сіңіре отырып, мектеп қабырғасына келген сәттен бастап қоғамдық- көпшілік жұмыстарға араласып тәрбиеленеді.

Біздің мектебімізде тұлғаны өзін-өзі басқару және көшбасшылыққа тәрбиелеу факторы ретінде төмендегідей тәрбие жүйесі қалыптасқан.

Жүйедегі негізгі мақсат – оқу тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, кешенді тәрбие әдістері арқылы жан-жақты сауатты, дені сау, салауатты, ұлтжанды, мәдениетті азамат тәрбиелеп шығару.

Анығырақ айтқанда, Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының негізі мектебімізде қаланып, ұйым жұмысын жүзеге асыруға арнайы іс – шаралар жоспары жасалып оқушылар арасында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Жас Ұлан» ұйымына желтоқсан айында қабылдау рәсімі өткізіледі. Ұйымға өткен әрбір оқушы мектептің қазіргі мақтанышы.

Жасұландықтарға патриоттық тәрбие беру, өзін-өзі басқара алатын азамат тәрбиелеп шығару бүгінгі таңда ертеңгі болашақтың биігіне бастайтын сүрлеу жол тәрізді. «Жас Ұлан» ұйым тұлғаларының жасөспірім кезінен көшбасшылық пен басқарушылық қабілетінің қалыптасуына үлкен үлесін тигізуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларын топтаса жұмыс атқаруға, бір-бірінің пікірімен санасуға, ойын құрметтеуге, ойындағысын ашық түрде ортаға салуға, өзгенің идеясын тыңдай отырып өз қиял ұшқырлығын ұштауға баулиды. «Жас Ұлан» ұйымының негізгі ережелері жасөспірім балалар мен оқушылардың үлкен міндет артып жүргенін, қазақ жұртшылығының үміті екенін ұқтырады.

Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгінен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз. Сондықтан да ұлттық құндылықтар мен адамгершілік – ізгілік тәрбиесін бере отырып, жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге сапалы білім меңгеруге, саламатты өмір салтын ұстануға насихаттай келе тәрбиелеуіміз керек.

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымы» - Республикалық қоғамдық бірлестігі еліміздің алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалармен жасөспірімдерінің қоғамдық ұйымы болып табылады. Осы ұйыммен тығыз байланыс жасай отыра біз қазақ ертеңіне керекті қасиеттерді бала бойына сіңіріп, тәрбиелей аламыз. Себебі, «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. Яғни, жан-жақты ұйым болып саналады. Әрбір жастың бойында патриотизм рухын қалыптастыратын, гуманистік, толеранттылық ұстанымды ұйым. Бұл ұйым тәрбиелеуші, шығармашылық қабілетін арттырушы, әлеуметтік, танымдық, ақпарат таратушы қызметтерін атқарады. Осы қызметтермен жас келешекті таныстыра отырып, бір көшбасшыға тән сан мыңдаған қасиеттерді бір бойға сіңіріп өзін-өзі және топты басқара алатын, басшы болуға қабілетті, ұйымдастырушылық қасиеті жоғары азамат тәрбиелеп шығады. Ал ондай болашақ ертеңгі күнге керек басты тұлға, негізгі фактор болып табылады.

«Жас Ұлан» әрбір оқушыға, әрбір патриотқа ең қажетті құндылықтарды үйретеді. Өзіне деген сенім кірпішін қалау үшін ұйымының әрбір мүшесіне түрлі қызметті жүктейді. Осы арқылы ел жастарының бойына ізденімпаздық пен бірлікті, жауапкершілік пен саясатқа деген көзқарасты қалыптастырады.Ұйымның жемісті еңбегінің нәтижесінде оқушылар мен ұстаздардың, мектеп пен оқушының, оқушы мен болашақ өскелең ұрпақтың арасында ажырамас көпір орнап үлгерген бүгінгі күні. «Жас Ұлан» ұйымы өз елінің кемелді келешегі үшін қызмет ететін жастардың ошағы. Дәл осы ұйымның арқасында жас жеткіншектер елдің бүгінгі өзекті мәселелерін болашақта оңай шешуге дағдыланады. «Жас Ұлан» - қуатты, жігерлі, күшті, намысты, айбарлы жастардың болашаққа жол нұсқар бағдары болса, біздің сол болашақты тәрбиелейтін негізгі тәрбие құралымыз болып саналады. Алайда, барлық міндетті сол ұйымға жүктеп отырмай, өз үлесімізді бұл күнгіден де жоғары қосып, ел ажарын бірге көркейткеніміз жөн болатын еді. Сонда ғана «Жас Ұлан» ұйымы атына заты сай ұрпақ тәрбиелеп, еліміз жаһандану әлеміндегі алпауыт мемелекеттердің біріне емес бірегейіне айналатын еді.

Заман ағымымен ілесе жүруге ынталы, кәсіби біліктілігі жоғары, белсенді, білімі кемел, жаңаша ойлайтын тұлға қалыптастыру – қоғам талабы. Осындай тәрбиелік істің орындалу барысын қадағалап қоймай, мүмкіндігімізше мектеп игілігі үшін белсенді жұмыс жасайтын оқушылардың қатары көбейсе демекпін.

Елінің көркеюіне үлес қосып, ұлттық рухымызды асқақтатып, өзге ел алдында бәсекеге қабілетті ел болу үшін қажымас еңбек ету, іздену, саналы білім алу – жас ұрпақтың басты міндеті.

Өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы-педагогтарының, соның ішінде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсаринның, халық қаһарманы Б.Момышұлының шығармалары, ой-тұжырымдамалары жастарды тәрбиелеуде үлкен ой тастайды.

Қорыта келгенде, оқушыларды өзін-өзі басқаруға, көшбасшылыққа тәрбиелеудегі алға қойған мақсат- жеке тұлғаны адамгершілікке , Отанды сүю, кішіпейілділік, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Дәл осындай тұлға қалыптастыру жолында білім беретін ұстаздың ғана емес, баланың оқудан бөлек әлемін көріп, бағдар бере алатын тәлімгерлердің де еңбегі зор.Тәлімгер менің түсінігімше, мектептің тәрбие жұмысына үнемі атсалысып,  балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан.  Өйткені тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізетін жан.Ендеше сөзіміз ісімізден көрініс тауып, ел ертеңіне бізде зор жауапкершілікпен қарай білейік. Себебі Қазақстанның болашақ тұтқасы болып жүрген жастардың артында ұстаз деген ғажап та, құдіретті есім тұрады. Ал ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ! Болашақ жастар біздің еңбегіміздің жемісті жеңісі болсын!

Педагог-ұйымдастырушы: А.Акажанова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!