400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берерлік ғибратты

Материал туралы қысқаша түсінік
ғибраттары ойлар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Манғыстауым ,Адайым.



Манғыстауым ата бабам мекені.

Сені ойласам жүрек толқып кетеді.

Шағалалы қарт Каспидің толқыны

Көз алдымнан елес болып өтеді.

Қырат қырат тау, тасың бар жеріңде.

Қазақшылық дәстүр салт бар еліңде.

Сәлем салып, басын ійіп тұратын.

Инабат бар келіндердің жүзінде.

Киелі ел Манғыстаудың мекені

Қазағымның жерінің жоқ бөтені.

Бірақ әр кім, ыстық болған жерлерін.

Өлеңдетіп , жырға қосып өтеді.

Мен де осылай , Манғыстау деп жырладым.

Еш жасырын болмас менің сырларым.

Сағыныш болып, біреулерге арман болып,

Тілеймін мен биіктерде тұрғанын.

Манғыстауым ,Жаңа Өзен жерлерім.

Жолым түсіп, одан әрі өрледім.

Барша елге аты шыққан әйгілі,

Пір Бекетке зират етіп көргенім.

Манғыстауым әулелердің мекені

Қасиеті жүректерге жетеді,

Қара Жердің қойнауында жатса да.

Тарихы оның ғасырларға кетеді.

Уа, Манғыстау мекен болған АДАЙға.

Жер астыңда ,толған сенің мұнай ма?

Осылардыайтқыздырған маған да.

Алғысым зор, төбемдегі Құдайға..

Ата мекен Манғыстауым, Ақтауым.

Әлі талай жеткізермін мақтауын.

Көрікіне көз тоймаған ,қыздардың.

Айта кетейін,комзолдарын, шаш бауын.

Әлі талай ,туар асыл адамдар.

Уа жарандар Манғыстауға қараңдар.

Манғыстауда салт, дәстүрді ұстанып.

"Нағыз қазақ"- ,деп аталған адам бар.

Нағыз қазақ үлгі болған талайға.

Күй де арналған ,нағыз қазақ Адайға.

Сол күйлерді әлем тыңдап, қол соғып,

Ұран қылған ,талай қазақ талайға.

Мен деөлеңді Адайыма арнайын.

Адай күйін, Адай жырға жалғайын.

"Болмасаң да ,ұқсап бақ"- деп айтқандай.

Жыршыларға ұқсап бағып, сайрайын.

Уа Манғыстау , саған басты иемін.

Сені мен де, жүрегіммен сүйемін.

Саған барып, басымды іиіп келгенде.

Ақын қылдың оны жақсы білемін.

Ақынмын деп айтуға да ұялам.

Көрмей өстім ,ақындықты ұядан.

43 ке келген кезде бұл өнер.

Келсе оны қалай жиып, қоя алам.

Ақтарылар өлеңдерім ағылып,

Біреулерге тұмар болып тағылып,

Бір АЛЛАдан сұрайтыным тағы да,

Тыңдаған жан кетпесе екен жалығып.

Бәріміз де бір АЛЛАның құлымыз.

Бәріміздің бірдей, бірдей құнымыз.

Манғыстауға, Адайларға арнаған.

Бұл өлеңді сіз де дұрыс ұғыңыз..



Мәзім Шотан қызы. Атырау облысы. Индербор кенті. 8778 245 43 68

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі