Жас
ұрпаққа тәрбие беру біздің – міндетіміз
Бала тәрбиесі – бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
«Жас бала дегеніміз –ұрығын жарып,жана көктеп келе жатқан жас
шыбық, ал ұстаз болса – жанадан қылтиып өсіп келе жатақан нәзік
өсімдікті күтуші болған», - деп орыс әдебиетінің сыншысы
В.Белинский айтқандай, біздің, яғни ұстаздар қаумының, жас ұрпақ
үшін тәрбие мен білім беруде елеулі рол атқарумыз сөзсіз.
«Балаларды тәрбиелеу - енбек, әрі борыш»- дегендей , жас балаланы
тәрбиелеп, біз болашаққа баспалдақ жасарымыз хақ.Осы міндетті
тәрбиеші, әрине, тіл арқылы жүзеге асырады. Ұлттын тәрбиесі- әрбір
халықтың ой –арманымен, тіршілік танысымен, шаруашылық кәсібімен,
ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты. Ұлттық рухани уызы дарымаған
ұрпақтан ұлттың, елдің қамқорын, болашағын күтүге болмайды. Есте
жоқ ескі заманнан –ақ ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі әр елді
аландатса керек . «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.
Тәрбиесіз берілген білім – адамның қос жауы, ол келешекте оның
өміріне апат әкеледі», - деп Әл – Фараби бабамыз айтқандай, білім
берудің негізгі саласының бірі – тәрбие. «Тәрбие - баланың дүниеге
келген сәтінен басталады», - дейді. Бұл пікір дұрыс па ? Ертеректе
бір ұсатзға ана келіп, баласын қалай тәрбиелеуін сұрайды. « Балам
тентек, айтқанымды істемейді, мен туғаннан бастап жақсы тәрбие
беріп келе жатырмын»,- дейді. « Балаңыз нешеде?- деп сұрайды ұстаз.
Ол болғаны 9 жаста. – дейді ана. Сіз тоғыз жылға кешігіпсіз,
баланызға тәрбиені құрсағынызға біткеннен бастап беру керек
едіңіз», -дейді ұстаз. «Тәрбие –Өміріндеғі бар жақсылықты да,
жамандықты да бала, ең алдымен, ата-анасынан, отбасынан, содан
кейін барып тәрбиешіден алады. Балаға көп нәрсе ана сүтімен
келеді.Соның бірі –ана тілі. «Ана тілі – бой өсіреді», - деген сөз
бекер айтылмаған. Ақын О.Сүлеменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді,
тәрбие құралы сөз»- дейді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның құдеретті
күшін пайдаланудың манызы зор.Тілді –халықтын сәбилік кезінен
бүгінге дейінгі өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл- ойының алтын
қоймасы деп қараған.Мәдени- рухани байлығы мол елде үлгі, өнеге де
көп.Күмбірлеген күміс күймен, сыбызғы, сырнай үнімен, асқақтата
саған әуезді әнімен адам түгіл ән- құсты електіріп, аруананы иеткен
қазақ музыка өнері- жас ұрпақтың өлшеусіз рухани нәр алатын ұлы
игілігі. Осы байлық біздін тіліміз бен дінімізде, әдеби- мәдени
мұраларымызда жатыр. Ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлық,
кішіпейілдік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру- бүгінгі күннің ен
өзекті мәселесі. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы
мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды.
Егер бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, ата-ана мен
тәрбиеші кінәлі.Бала сұлулықтан ләзат ала білмейтін мақау жанды
болса, бала айыпты емес, тағы ата-ана мен тәрбиеші жазалы. «Бала
істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің
мәтелінің астарында үлкен философиялық ой жатыр. Бала –біздің
болашағымыз десек, осы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қандай жұмыстар
жасаумыз керек? Әріне, бірлесе жұмыс жасаумыз керек. Тәрбие мен
білім беруде ата-аналарды бірлесе жүмылдыру, баланы тәрбиелеу мен
оқытудағы мәлеметтерін кенейт, өзара сыйластық, түсінушілік, бір-
біріне деген шынайы сенімділік, терен қарым-
қатынастарды
арттыру қажет. Ұзын сөздің қысқасы, бала кәдімғі
адам болғанымен баланың жаратылысында көп басқалық бар.Мұхаммед
пайғамбар «Сөзді әрбір адамның ақылына қарай сөйле» депті. Сол
айтқандай балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру
керек. Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасан,
есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ.Теріс иіліп қалған
шыбықты артынан түзейімін десен сындырып аласың. «Баланы бастан»
деген сөздің мәнісі осы. «Тәрбие деген баланы бетке қақпай, бетімен
жіберу емес.Яки, отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көр бала кылып
өсіруде емес.Баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен
қүресе білетін адам баласын адал жолмен өрге сүрейтін ер шығару
деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың
тұңғиық теніздін қалын қайратпен кеше білетін, адалдық жоға құрбан
бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын
төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Балалны мұндай адам қылу үшін
тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете
білу керек», - деп М.Жұмабаев жазғандай болса, тәрбиесі көп
ізденуді, хақымыздың ұлттық педагогикасын терең ұғынып, кең түрде
қолдануды талап етеді.