ЖАС ҰРПАҚТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Мақаламды «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деген нақыл сөзбен бастағанды жөн көріп отырмын. Иә, қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын алаңдатып отыр. Климаттың өзгеруі, ауа мен судың ластануы, орман алқаптарының азаюы, биоалуантүрліліктің кемуі – бұлардың барлығы табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғанын көрсетеді. Табиғат өздігінен бұзылмайды, оған түрлі факторлар әсер етеді. Әсіресе, адам баласының қолымен жасалатын қиянат екенін айтпаса да түсінікті. Бұл мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – жас ұрпаққа дұрыс экологиялық тәрбие беру деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау ісіне ерекше назар аударып келеді. 2021 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі елімізде қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негізін нығайтты.
"Жасыл ел" бағдарламасы , "Таза Қазақстан" акциясы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған үлкен бастама болып отыр. Ол еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.
Жалпы, «Өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін қалай оятсақ болады?» деген сауал тұрады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген. Яғни, экологиялық мәдениет мектеп қабырғасынан емес балалабақшадан қалыптастыру керек. Баланың түйсігі қалай пайда болады сол тұстан бастап, қоршаған ортаға , табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін ояту керек.
Ал тәрбие — от басы, ошақ қасынан басталады десек, экологиялық тәрбие тек мектеппен шектелмеуі тиіс. Аспандағы жұлдызға қол созбай, қарапайым дүниелерден бастау керек. Отбасында балаға табиғатты аялау, қоқыс тастамау, суды ысырап етпеу, жануарларға қамқор болу сияқты қарапайым дағдыларды үйретсек, сонда ғана табиғатқа деген көзқарас өзгереді, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік қалыптасады. Ауланы таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға апару, көшеде жүргенде көше мәдениетін сақтау, мәдениет орындарында бұзақылық жасамау (шікілдеуік шақпау, орындықтарды бүлдірмеу, сындырмау т.б.) — бұл қарапайым тазалықты ата-анасы да баланың бойына сіңіре алады.
Табиғатты қорғау дегеніміз — табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету. «Судың да сұрауы бар» демекші, әр адам суды үнемдеуі керек. Оны қалай болса солай қолдану су ресурстарының азаюына әкеп соғады. Электр қуатын үнемдеу де — табиғатты қорғау; бұл қоршаған ортаны сақтап қалуға және оны болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізуге септігін тигізеді.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын 2017 жылы Астана қаласында өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде көрнекті түрде көрсетті. Мысалы , картопты пісіру барысында жарты беліне дейін ғана су құйып пісірсе де картоп піседі. Сонда бұл жерде су да , электр қуаты да үнемделеді. Осындай қарапайым мысалдарды әлеуметтік желілерде насихаттау экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ – ел болашағының кепілі. Осыны естен шығармайық!
Ойымды қорытындылай келе айтпағым, жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеу – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі үздіксіз жүргізілуі тиіс. Балабақшада , мектепте , жоғарғы оқу орнында берілген білім отбасы тәрбиесімен ұштасқанда ғана нәтижелі болады.
Әрбір адам табиғаттың бір бөлшегі екенін түсініп, оны қорғауды өз міндеті деп санауы қажет. Табиғатты қорғау – болашақты қорғау деген сөз.
Болашақты қорғау - өскелең ұрпаққа таза ауа, таза су , жасыл желек қалдыру. Қазақта: «Бір тал кессең, он тал ек»,- деген аталы сөз бар. Сондықтан біз, жас ұрпақ, қоршаған ортаны аялауға, табиғи байлықтарды сақтауға және еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек.
Жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеу – тек білім ордаларының ғана емес, отбасы мен қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні бүкіл әлемде өзекті әрі маңызды болып табылады. Мақаламды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр:
Алтын бесік табиғатты сүйемін,
Оның ыстық отына да күйемін.
Қырлы-сырлы бояуына көз тастап,
Жер-Ананы қастерлеумен өтемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз