Жетісу облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна
«Жас ұрпақтың тәрбиесі – біздің міндетімізде»
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.
Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»- десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген екен.
Қай кезеңде болса да бала тәрбиесі - басты міндет екені бәрімізге де белгілі. Еліміздің ертеңі – бүгінгі сәби тәрбиесінен басталады. Ол тәрбие – әрбір ата-ана мен қоғамдағы бала тәрбиесіне қатысы бар әрбір маманның басты міндеті деп білемін.
Негізгі тәрбие отбасынан, ошақ қасынан басталары хақ. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала кез-келген ортада өз ісіне жауап бере алады. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені – ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.
Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Сол арқылы балаға берер байлығымыз молаймақ.
Тәрбие деген – тек сөз арқылы, үйрету арқылы немесе бұйыру арқылы іске аспайды. Тәрбие – өмірдің әр сәті мен әрбір кезеңінде іске асады. Ең алдымен тәрбие сіздің жасаған ісіңіз, сөйлеген сөзіңіз, қимыл-қозғалысыңыз, мәдениеттілігіңіз, күлген күлкіңіз, киген киіміңіз, ... Қысқаша айтқанда сіздің әрбір ісіңіз балаға үлгі-өнеге, тәрбие.
Сіздің жасаған әрбір жақсы ісіңіз арқылы балаға берер тәрбиеңіздің мол боларын, ал жағымсыз жағыңыз лезде бала тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін, ал жақсы мен жаманның таразыда тартылатынын есте сақтап, тек дұрыс жолды таңдай білу әрқайсымыздың басты міндетімізге айналуы шарт.
Өзі жағымсыз іс істеп, жағымсыз сөз сөйлеп тұрған ата-ана мен тәрбиешіден баланың алар тәрбиесі қаншалықты болатыны айтпаса да түсінікті. Сол үшін біздің болашағымыз – бала десек, сол балаға берер тәрбиеміздің саналы да салмақты болуына бәріміз бірігіп атсалысуымыз керек.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасыуының алғашқы баспалдағы екені қалыпты жағдай. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгерумен алғаш рет бөтен ортаға бейімделумен сипатталатын кезеңі.
Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- дегендей, балабақша мен ата-ана арасындағы байланыстың тығыз болуы, баланың тәрбиесіне тигізер әсері мол болмақ.
Бала болашағының жарқын кепілі – өнегелі тәрбие екенін естен шығармайық.
Ойымды қорыта келе, «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» - дегім келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін ата-ана мен балабақша ұжымының бірлескен еңбектерінің нәтижесі көрінеді.
Баланың бойына сәби күнінен бастап адамгершілік пен ізгіліктің дәнін сеуіп, оның рухани бай адам болып өсуіне баршамыз бірігіп атсалысайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас ұрпақтың тәрбиесі-біздің міндетімізде"
"Жас ұрпақтың тәрбиесі-біздің міндетімізде"
Жетісу облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна
«Жас ұрпақтың тәрбиесі – біздің міндетімізде»
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.
Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»- десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген екен.
Қай кезеңде болса да бала тәрбиесі - басты міндет екені бәрімізге де белгілі. Еліміздің ертеңі – бүгінгі сәби тәрбиесінен басталады. Ол тәрбие – әрбір ата-ана мен қоғамдағы бала тәрбиесіне қатысы бар әрбір маманның басты міндеті деп білемін.
Негізгі тәрбие отбасынан, ошақ қасынан басталары хақ. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала кез-келген ортада өз ісіне жауап бере алады. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені – ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.
Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Сол арқылы балаға берер байлығымыз молаймақ.
Тәрбие деген – тек сөз арқылы, үйрету арқылы немесе бұйыру арқылы іске аспайды. Тәрбие – өмірдің әр сәті мен әрбір кезеңінде іске асады. Ең алдымен тәрбие сіздің жасаған ісіңіз, сөйлеген сөзіңіз, қимыл-қозғалысыңыз, мәдениеттілігіңіз, күлген күлкіңіз, киген киіміңіз, ... Қысқаша айтқанда сіздің әрбір ісіңіз балаға үлгі-өнеге, тәрбие.
Сіздің жасаған әрбір жақсы ісіңіз арқылы балаға берер тәрбиеңіздің мол боларын, ал жағымсыз жағыңыз лезде бала тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін, ал жақсы мен жаманның таразыда тартылатынын есте сақтап, тек дұрыс жолды таңдай білу әрқайсымыздың басты міндетімізге айналуы шарт.
Өзі жағымсыз іс істеп, жағымсыз сөз сөйлеп тұрған ата-ана мен тәрбиешіден баланың алар тәрбиесі қаншалықты болатыны айтпаса да түсінікті. Сол үшін біздің болашағымыз – бала десек, сол балаға берер тәрбиеміздің саналы да салмақты болуына бәріміз бірігіп атсалысуымыз керек.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасыуының алғашқы баспалдағы екені қалыпты жағдай. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгерумен алғаш рет бөтен ортаға бейімделумен сипатталатын кезеңі.
Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- дегендей, балабақша мен ата-ана арасындағы байланыстың тығыз болуы, баланың тәрбиесіне тигізер әсері мол болмақ.
Бала болашағының жарқын кепілі – өнегелі тәрбие екенін естен шығармайық.
Ойымды қорыта келе, «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» - дегім келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін ата-ана мен балабақша ұжымының бірлескен еңбектерінің нәтижесі көрінеді.
Баланың бойына сәби күнінен бастап адамгершілік пен ізгіліктің дәнін сеуіп, оның рухани бай адам болып өсуіне баршамыз бірігіп атсалысайық!
шағым қалдыра аласыз













