400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айман Арайлым,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы, №43 Әл-Фараби негізгі орта мектебі

«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан!»

1 - жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған « Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1. Ән: «Атамекен»

1 - жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

2. «Ару қыздар» биі

2 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

3. Желтоқсан оқиғасы туралы видеомен таныстыру





1 - жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

4. Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіз еске алу.

2 - жүргізуші:

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.

5. Көрініс: «Желтоқсан құрбандары»

1 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

2 - жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

6. Тәуелсіздіккке байланысты сыныпаралық қабырға газеттері мен шығармалар байқауы

1 - жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

7. Ән: «Жаса, Қазақстан!»

2 - жүргізуші:

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

8. «Тәуелсіздікке тарту». Құттықтаулар

1-оқушы:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықттаймыз! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз. Тілек білдіруші: 6 - сынып оқушылары.

2-оқушы:

Тәуелсіз елім, еңселі елім, егеменді,

Кеңейттім, кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұртым,

Таныды тепе-тең, - деп тереземді.

3- оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

4-оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

5-оқушы:

Қазақ елі туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, өр халқым,

Туған күнің құтты болсын, Отаным!

1 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

9. Би: «Алға Қазақстан» (флешмоб)

2 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

10. Ойын шарты: Шарды жару арқылы ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

1. Қазақстан ТМД-ға қай жылы мүше болды?

Жауабы: 1991 жылы, 8-желтоқсан

2. Қазақстан Республикасының Туының авторлары кімдер?

Жауабы: Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков

3. Желтоқсан оқиғасы өткен қала

Жауабы: Алматы

4. Тәуелсіздік құрбандарын ата

Жауабы: Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамметжанова, Ләззат Асанова

5. Семей ядролық сынақ полигоны қай жылы жабылды?

Жауабы: 1991 жылы, 29 тамыз

1 - жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

11. Белсенді оқушыларды марапаттау

1 - жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

12. Ән: «Жаса қазағым»

2 - жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің

26 жылдығына арналған «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі