Материалдар / "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!" ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге үйрету, патриоттық сезімдерін асқақтату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2023
166
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Қалалық жас туристер

стансасының директоры

________ А. Бекбергенова

«____» _______ 2023ж.






















Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!»









Орындаған: қосымша білім беру педагогы

Мерекеева Айжан Байғалиқызы











Ақтөбе - 2023 жыл

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге үйрету, патриоттық сезімдерін асқақтату.

Сабақтың түрі: мерекелік шара

Сабақтың көрнекілігі: презентация, тақырыпқа байланысты суреттер, видео, жалаушалар.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар ! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!

ҚР Гимні орындалады.
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
«Туған өлке» үйірме білім алушыларының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміз үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Бейнеролик: Тәуелсіздік жолы

«Стопкадр» әдісі. Оқушылардан сұрақ- жауап алынады.

Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? 1991ж

Желтоқсан құрбандарын ата? Ләззат, Қайрат, Сабира

Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 32 жыл

Желтоқсан оқиғасының басталуына не себеп? Қазақ даласына аяқ басып көрмеген Генадий Колбиннің билікке келуі

Көтеріліске шыққан жастар нені талап етті? Қазақты басқаратын қазақ басшы келуін талап етті


Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске аламыз!

Кең Байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ұшқын Жамалбектің әні: «Отан» Орындайтын: Абішева Інжу

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Үйірмеміздің ару қыздарынан «Қазақ биін » қабыл алыңыздар!
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Халық күйі «Тепенкөк» Орындайтын: Өмірқали Ералы, Дербісов Нұрасыл

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Тәуелсіздік күніне арнап жыр- шумақтарын жаттап келген оқушыларды ортаға шақырамыз.


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

«Ұйғыр» биі


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Көрініс: « Желтоқсан ызғары»
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Хор: «Тәуелсіздік ел ұраны»


Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата- баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты өнегесі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!

























Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!