|
3минут
|
Басы
|
Амандасу
Қызығушылықты
ояту:
«Ой
қозғау»
«Жасампаздық деген не?»
Әлемдегі ең танымал
инноваторлар мен ойшылдардың өмірі мен шығармашылығын талқылау.
(Мысалы, Стив Джобс, Илон Маск, Нұрсұлтан Назарбаев,
т.б.)
|
Амандасу
|
|
35
минут
|
Ортасы
|
«Жасампаздық» дегеніміз –
жаңа, түбегейлі шешімдер мен идеяларды жүзеге асыруға бағытталған
шығармашылық процесс. Бұл тек өнер мен ғылымда ғана емес,
күнделікті өмірде де маңызды. Жасампаздық адамға жаңа мүмкіндіктер
ашып, өмірді өзгертуге, әлемді жақсы жаққа өзгертуге ықпал
етеді.
Жасампаздықтың негізгі
ерекшелігі — ойлап табу, инновация жасау, өз идеяларын өмірге
енгізу, қиындықтарды жеңіп шығу мен жаңа нәрселер жасау қабілеті.
Бұл тұлғаның өз потенциалын толық пайдалануына мүмкіндік береді
және сол арқылы ол қоғамның дамуына қосқан үлесін
арттырады.
Жасампаз адам ешқашан өз
идеяларын жүзеге асырудан қорықпайды, ол жаңа мүмкіндіктерге ашық,
өзгерістерге дайын болады.
Топтық жұмыс:
«Болашақтың
жобасы»
Әр топқа бір-бірден түрлі
жағдайды немесе мәселелерді беру (экология, білім беру, денсаулық
сақтау, инновация) және әр топ сол сала бойынша жаңа идея ұсынуы
қажет.
Жасампаздыққа кедергілерді
анықтау: «Қорқақтық пен
күмән»
Қандай жағдайларда өз
идеяларыма сенбей, оларды жүзеге асырудан
қорқамын?
Жасампаз болуға кедергі
келтіретін сенімдер немесе қорқыныштар
қандай?
Жасампаздыққа бағытталған
әрекет: «Жасампаз
қадамдар»
Жасампаз болу — бұл тек
шығармашылық қана емес, сонымен бірге табандылық, білім және батыл
қадамдар жасау дағдысы.
|
Оқушыларды 3-4 адамнан
топтарға бөліп, әр топқа болашаққа қатысты идея ұсыну (мысалы,
экологияны сақтайтын жаңа технология, білім саласында өзгерістер
енгізетін жоба, әлеуметтік мәселелерді шешетін инновациялық
идея).
Әр топ өз жобасын жасау үшін
уақыт алады
Топтар жобаларын ортаға салып,
өз идеяларын ұсынады.
|
|
7минут
|
Кері
байланыс
|
Оқушыларды жасампаздық туралы
ойлануға шақыру.
«Жасампаз болу үшін не
қажет?»
Жаңашылдық пен жасампаздық - технология мен
ғылымда ғана емес, өмірдің барлық саласында табысқа жетудің басты
кілті. Жаңашылдық пен жасампаздық - өзгерістерге
бейімделу, тың шешімдер қабылдау, ескінің шеңберінен шығып, жаңа
мүмкіндіктерге жол ашу. Жаңашыл адам стандартты ойлау шегінен асып,
қиялды әрекетпен ұштастырады, идеяларды жүзеге
асырады. Демек:
Армандаудан
қорықпаңыз! Жаңалық ашуға
ұмтылыңыз! Ізденіңіз және әрекет
етіңіз! Кеше мүмкін емес болған нәрсе, бүгін шындыққа
айналып, әлемді таңғалдыруы мүмкін!
Өзеріс өзіңнен
басталады!
|
Сары және қызғылт қима
қағаздар.
|