400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллект және заманауи сабақ: жаңа формат, жаңа тәсіл Семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) – заманауи сабақтың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Жасанды интеллект – адамның ойлау, талдау, үйрену сияқты қабілеттерін компьютерлік жүйелер арқылы модельдеу технологиясы. Білім беру саласында ЖИ оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, сараланған тапсырмалар құруға, оқу материалын бейімдеуге және оқу жетістігін талдауға мүмкіндік береді. Заманауи сабақ – бұл тек ақпарат беру емес, оқушыны белсенді әрекетке тарту, сыни ойлауын дамыту және цифрлық құралдарды тиімді пайдалану. ЖИ көмегімен: жеке оқу траекториясын құруға, автоматты бағалау жүргізуге, интерактивті тапсырмалар әзірлеуге, уақытты үнемдеуге болады. Жаңа форматтағы сабақта мұғалім – бағыттаушы, ал оқушы – білімді өз бетінше меңгеруші тұлға. Жасанды интеллект осы үдерісті тиімді ұйымдастыруға көмектесетін қуатты құрал болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 25.02.2026

Семинар тақырыбы: Жасанды интеллект және заманауи сабақ: жаңа формат, жаңа тәсіл.

Ұзақтығы: 40 минут.

Қатысушылар: Мұғалімдер.

Мақсаты: Мұғалімдердің жасанды интеллект технологиялары туралы білімін арттыру, оны оқу процесіне енгізу жолдарын үйрету және педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануға бағыттау.

Міндеттері:

Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен жұмыс принциптерін талқылау;

Практикалық бөлім арқылы мұғалімдердің цифрлық және креативті құзыреттілігін дамыту;

Оқыту процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізудің тиімді тәсілдерін анықтау.

Өткізу формасы: Семинар – практикум

Нәтижесі: Жасанды интеллекттің қоғамдағы рөлі мен болашағын түсініп, оны оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын меңгереді. Қатысушылардың цифрлық және әдістемелік құзыреттілігі артып, сабақтарында ЖИ құралдарын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алады.


Барысы:

Этаптары:


Уақыт

Семинарға қатысушыладың іс-әрекеті

Миға шабуыл

«ЖИ – менің серігім»

5 мин

ЖИ көмегімен жасалған бейне қосылады. Бенеде семинарға қатысушыларға сұрақ қойылады:
1. «Сіз жасанды интеллектті күнделікті өмірде қай жағдайда қолданасыз?»

Әр қатысушы қысқаша өз тәжірибесімен бөліседі (мысалы, ChatGPT, Google Assistant, Canva AI, Copilot т.б.)

2. «ЖИ – көмекші ме, бәсекелес пе?»


Мағынаны тану

10 мин

Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды — керісінше, оның еңбегін жеңілдетіп, шығармашылыққа, оқыту сапасын арттыруға және әр оқушыға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) — мұғалімдердің сенімді көмекшісіне айналып келеді. Ол оқу үдерісін оңтайландырып, уақытты үнемдеуге және оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект дегеніміз не?

Жасанды интеллект (ЖИ) — бұл адам интеллектісін еліктей алатын компьютерлік жүйе немесе бағдарлама. Ол қоршаған ортаны қабылдап, мәліметтерді өңдеп, сол негізде шешім қабылдай алады.

Неге ЖИ оқушыны қызықтырады?

  • Қазіргі бала — цифрлық ұрпақ (Digital Native)

  • Көру, тыңдау, әрекет ету арқылы үйрену (Multimodal Learning)

  • Тілді, логиканы, ойлау қабілетін дамыту (Cognitive Engagement)

Олай болса сіздердің назарларыңызға білім беру процесінде тиімді қолдануға болатын ЖИ және нейрожелі арқылы жұмыс жасайтын платформалармен таныс болыңыздар.

Практикалық бөлім

20 мин

1-тапсырма: Gemini Storybook платформасын пайдалана отырып, Робот пен Айдос туралы ертегі кітап құрастырыңыз. Create a storybook about... мәтінін міндетті түрде жазыңыз.

2-тапсырма: PixVerse AI платформасында Робот жасаушы Айдос

мәтіннен видео жасаңыз.

3-тапсырма: BingImage Creator платформасында мәтін арқылы сурет құрастырыңыз.

Кері байланыс


5 мин


Рadlet платформасында кері байланыс алынады.

Қатысушылар QR кодты сканерлей арқылы сары стикерлерге кері байланыс береді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
03.03.2026
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі