Жасанды интеллектті қолдану саласы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасанды интеллектті қолдану саласы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақта қолданылған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу орны «Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК


Пән / модуль атауы:Информатика пәні



Оқу сабағының жоспары

Оқу бағдарламасының бағыты

Техникалық-технологиялық бағыт

Бөлім

Жасанды интеллект

Бөлімше

Ақпараттық процестер

Педагог

Деменова С.С.

Күні

15.02.2024жылы

Курс, топ

Компьютерлік аппаратық қамтамасыз ету операторы 1-курс

Сабақтың тақырыбы

Жасанды интеллектінің қолдану саласы.

Сабақтың мақсаттары

1)Жасанды интеллектіні өнеркәсіпте,білім беруде ойын индустриясында,қоғамда қолдану салаларын анықтау;

Оқу нәтижесі: (Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

1)Техника-технологиялық салада жасанды интеллект саласында машиналық оқыту және блокчейн технологиясының қолданылуы мен жұмыс істеу принциптерін түсіндіру;

2)Техника-технологиялық бағытта бұлтты технологияларды қолдану;

Бағалау критерийлері: (Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес)

1)Жасанды интеллектіні қоғамда қолдану салаларын дерек көздерден іздеу;

2)Техника-технологиялық салада жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін сипаттайды;

3)Жасанды интеллект әзірлеуде «Мұғалімммен бірге оқу» әдісін қолдану салаларын сипаттайды;

4)Жасанды интеллект білім саласындағы бағыттарын анықтау;


Сабақ барысы

Сабақ кезеңі / уақыты

Педагогтың әрекеті

Студенттің әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

1.Студенттермен амандасу.

2.Түгендеу.

3.Топқа бөлу

4.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

5.Сабақтың тақырыбын таныстыру.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Студенттер 3-топқа бөлінеді:

-Инстаграм

-Тик ток

-Ватсап

Оқу құралдары

Смайлик





Презентация





Өткен сабақты қайталау

5минут

Алдыңғы өткен тақырып бойынша қорыту: «Құпия ұяшықты таңда» әдісі

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі.Wordwall платформасы арқылы сұрақтар қойылады.

1. Жасанды интеллект деген не?

2. Нейронды желілер бұл...?

3. Машиналық оқыту дегеніміз не?

4. Нейрондар типіне қарай желілер қандай түрлерге бөлінеді?

5. Жасанды нейронды желі қандай қызмет атқарады?

Студенттер интерактивті тақтадағы кез-келген ұяшықты таңдай отырып сұрақтарға жауап бере отырып,өткен сабақ бойынша түсінігі молаяды.

Жұлдыз балл

Shape1

Shape2



Сабақтың ортасы

13минут

Жаңа сабақ тақырыбы: Жасанды интеллектті қолдану саласы.

Жасанды интеллектіні қолдану салалары өте үлкен.

Медицинада. Бұл салада жасанды интеллектіні қолдану артықшылығы – есте сақтау және үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу қабілеті. Мұнда емделушілерге қалай емделу керектігі жайында  кеңес беретін, кейбір ауруларды арнайы белгілері бойынша анықтап, алдын алу шараларын ұсынуға қабілетті программалар бар.

Өндіріс және ауылшаруашылығында. Бұл салада жасанды  интеллектіні қолдану көрсеткіші өте жоғары. Алдағы уақытта тіпті адам көмегі қажет болмайды. Мәселен, LG компаниясы  2023 жылы Корея Республикасында барлық әрекеттер жасанды
интеллект көмегімен орындалатын зауыт ашады. Мұнда сатып  алудан бастап, дайын өнімді жүктеуге дейінгі әрекеттің барлығын роботтар атқарады. Тауар сапасы арнайы программалық  жасақтама көмегімен бақыланып отырады.

Ауылшаруашылығында жасанды интеллект өсімдіктер күйін, ылғалдылық деңгейін, тыңайтқыштар көлемін бақылап отырады. Сонымен қатар арамшөптерді бірден анықтап, өсімдіктің өсуіне ешқандай қауіп келтірместен оларды жойып отырады.
Қоғамда. Бүгінде жасанды интеллект жолдағы кептеліс мәселесін шешу үшін қолданылып келеді. Ол үшін ЖИ нақты уақытта бағдаршамдардан ақпарат жинап, машиналар арасындағы қашықтыққа, орын алған апаттарға талдау жасайды, жолкөлік қатынасын реттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жүйе  көптеген елдерде қолданылады.

Бұл салада қолданудың тағы бір бағыты – автопилотты машиналар.

«Ақылды үй» жобасында. Жасанды интеллект бүгінде  тұрмыстық жағдайда кеңінен қолданылады. Мысалы, таң­­­ертең бізді оятып, таңғы ас әзірлейтін жасанды интеллектілер бар. Болашақта қажетті азық-түлікке тоңазытқыштардың өздері тапсырыс беретін болады. Ал үйдің сыртқы есігі жабылғанда дабыл жүйесі автоматты түрде іске қосылады.Болашақта жылу жүйесі де адам температурасына қарай автоматты түрде бейімделетіндей етіліп жасалады.

Білім беруде. Жасанды интеллектіні білім беруде қолданудың дамыған бағыты – бейімдеп оқытуда қолдану. Мұнда ЖИ  әрбір білім алушының үлгерімін бақылап отырады, курс бөлімдерін білім алушының қабілетін ескере отырып құрастырады
немесе оқытушыға қай материалдың меңгеріліп, қай материал   меңгерілмей қалғандығы жайында ақпарат беріп отырады.


Сабақты түсіндіру барысында студенттерде видеоролик көрсетіледі .Студенттерге берілген тапсырма ассоциация әдісі арқылы студенттерге тапсырманы орындайды.

АShape4 Shape3 Shape5

Жасанды интеллект

ссоциация әдісі:1тапсырма.Жасанды интеллекттіге қатысты мәліметті ассоциация әдісі арқылы анықтайды.

Роботтар

Shape7 Shape8 Shape6 Ақылды үй жобасы

МShape9 едицинада

Студенттер жаңа сабақты тыңдайды.


Студенттер жалпы Жасанды интеллектіге қатысты сөздерді жазады.Мысалы:ақылды үй,робот,Телефон,медицина

https://www.youtube.com/watch?v=_AfcKpq3snw





презентация







Ассоциация әдісі


7минут

2-тапсырма Сәйкестендіру тапсырмасы

Wordwall платформасы арқылы сәйкестіндіру тапсырмасын орындайды.

Жасанды интеллект қолдану салаларының түрлерін анықтамаларын сәйкестендіріп көрсетеді.

Сәйкестендіру тапсырмасын орындап,жауаптарын айтады.

Смайлик



3-тапсырма Топтық жұмыс

1-топ Жасанды интеллектіні ойын индустриясында саласында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтыңыздар.


Жасанды интеллект қолданылатын салалар


артықшылықтары

кемшіліктері

Ойын индустриясы




2-топ Жасанды интеллектіні өнеркәсіпте қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтыңыздар.


Жасанды интеллект қолданылатын салалар


артықшылықтары

кемшіліктері

Өнеркәсіпте




3-топ Жасанды интеллектінің медицина саласында артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтыңыздар.

Жасанды интеллект қолданылатын салалар


артықшылықтары

кемшіліктері

Медицинада




Студенттер берілген тапсырманы орындайды.


Топтағы студенттер өз ойларымен бөліседі.


Кестені толтырады.Артықшылықтарын мен кемшіліктерін түсіндіреді.

Shape10 Shape11





Жүрек бағалау



ЕҚБО Диктант жазу

Жасанды интеллект– компьютердің немесе роботтың адамдарға тән зияткерлік процестерге……….. тапсырмаларды орындау мүмкіндігі. Бұл – алдыңғы негізінде ………..ойлау, түсіну, жалпылау немесе үйрену қабілеті. Жасанды интеллект адамзат интеллектісінің процесін компьютерлік ...........арқылы модельдеу.

Қажетті сөздер : байланысты, тәжірибе, жүйелер

Дискриптор:бос орындарды толтырады.

Студент тапсырманы дәптерге жазып орындайды.

Оқу құралдары



Смайлик



Сабақты бекіту

6-7минут

Жасанды интеллект туралы 3 сұрақ.

Қайда?- 1.Жасанды интеллект сіз бұрындарда қайда және қаңдай мағынада?

Қалай?-2.Жасанды интеллект пайдаланудың мысалдарын келтіру.

Қаңдай?-Жасанды интеллект болашақта біздің өмірмізде қаңдай қолданыста болады деп ойлайсыз.

Студенттер сұрақтарды таңдай отырып жауап береді.





Сабақтың соңы

3минут

1.Студенттерге өзін өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Тик ток әдісі арқылы бағалау.

Shape13 Shape12 -бәрі ұнады. - Сұрағым бар.

Shape14 -толықтыру қажет еді

Студенттер өзінің қалаған стикерлерін таңдап алып орындарына қойып шығады.

Өзін өзі бағалау

1минут

Үй тапсырмасы

1.Жасанды интеллектіні қалай жасалу жолдарын үйреніп келу .

Студенттер үй тапсырмасын жазып алады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі