400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды темекі жастарды улап жатыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең əуелі жасөспірімнің өзі электронды темекінің ағзаға қандай зиян келтіретінің жəне оның болашақта денсаулығына қалай əсер ететінін түсінуі маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Жасанды темекі жастарды улап жатыр.
Электронды темекі алғаш 2013 жылы шықты. 2004 жылы Қытай
нарығында құтысы кішкентай, иісі шықпайтын жасанды шылым сатыла
бастады.
Соңғы кезде мектеп жасындағы оқушылар мен студенттер
арасында электрондық темекі шегетіндер көбейіп кетті. Жастар оны сəнге
айналдырып, электрондық темекіні, əдеттегі темекіге қарағанда зиянды емес
деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Оның құрамын ешкім зерттеп жатқан жоқ.
Алайда электронды темекі өнімдерінің жарнамалары əлеуметтік желіде көп
жарнамаланып, дүкен сөрелерінде жаппай еркін сатылып, еркін пайдаланып
жатыр. Электронды темекінің құрамында еріткіштер , ауыр металдар,
қышқылдар сияқты 30-дан астам улы зат бар дейді дəрігерлер. Олар өкпе
мембранасына, өкпе жасушаларына əсер етеді. Онда глицерин қоспалары да
бар. Олар өте қауіпті, өкпеде қан ұйығыштарын тудырады. Темекіге
тəуелділік шылым шегушінің психикалық жағдайына теріс əсер етеді.
Жасөспірімдер ашуланшақ болып, мінезі тұйықталып, күйзеліске түседі.
Бұл темекіге жастардың қызығуының себебі: құтысы кішкентай болып
келеді. Жағымсыз иіс шығармайды. Əдеттегі шынайы темекінің иісі қолға,
адамның киіміне сіңіп қалады. Электронды темекіде ондай жағымсыз иістер
жоқ. Керісінше, əртүрлі тəтті, шырынды иістер қосылып жасалады. Сонымен
қатар адамдар үйде немесе кеңседе, мейрамханаларда отырып та шеге береді.
Оның себебі сол-иісі жағымды. Жастар мода үшін шексе, үлкен кісілер
темекі тастау үшін тартып жүреді екен. Алайда, ол шынайы темекіні
тастауға көмектеспейді. Бұл өзін –өзі алдау! Өйткені оның құрамында
никотин мөлшері өте көп.
Жастарды осы жаман əдеттен құтылу үшін, салауатты өмір салтына
қалыптастыратын спортпен жəне шығармашылықпен айналысу керек.
Салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігімен айналысу арқылы
шылым шегуден бас тарта аласыз. Ерте жастан бастап балаларды
денешынықтыруға үйретіп, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге
апарған дұрыс. Табак өндірушілердің жарнамасына еліктемей, өзіңіздің
денсаулығыңызды ойлаған жөн. Жасөспірімдерге қатаң тыйым салғаннан
гөрі жаман əдеттерсіз өмір сүрудің артықшылақтарын ата-анасы түсіндіру
керек. Осындай сəтте балаға қолдау қажет. Ең əуелі жасөспірімнің өзі
электронды темекінің ағзаға қандай зиян келтіретінің жəне оның болашақта
денсаулығына қалай əсер ететінін түсінуі маңызды.
Диана Əділхан
М.Құрманғалиева атындағы
№ 32 гимназиясының
11 сынып оқушысы
Ақтөбе қаласы.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі