Жасөспірім және заң

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірім және заң

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Жасөспірім және заң Мақсаты: Оқушылардың заң алдындағы жаупкершілігін арттыру, үйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру; АІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерінен жасөспірім құқығы жауапкершілігі туралы кеңес алу; ҚР Конституциясы тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Безендіру: ҚР Конституциясы, ҚР «Қылмыстық Кодексі», «Бала құқығы туралы» Конвенция, нақыл сөздер. Кірісеп сөз: Жүргізуші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жасөспірім және заң

Мақсаты: Оқушылардың заң алдындағы жаупкершілігін арттыру, үйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру;

АІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерінен жасөспірім құқығы жауапкершілігі туралы кеңес алу;

ҚР Конституциясы тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Безендіру: ҚР Конституциясы, ҚР «Қылмыстық Кодексі», «Бала құқығы туралы» Конвенция, нақыл сөздер.

Кірісеп сөз:

Жүргізуші

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін

Достық іс пен қасты да,

Жеңеріме сенемін.

Ақыл, сана, білім мен

Өнеріме сенемін.

Арым таза ақ көңіл

Адалдыққа сенемін

Абыройлы, ақ ниет

Адамдыққа сенемін.

«Жасөспірім және заң» тақырыбында АІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерімен кездесу кешімізді бастамыз.

Бүгін бізге келген қонақтарымызды таныстырып өтейік.

АІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы, полиция майоры Рақымғазиев Сержан Закенұлы.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім инспекторы Оңғарбаев Қай......

Мектеп психологі Чағатаев Бауыржан.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Бекбосынова Кадырқыз Сағатбекқызы.

Баяндама «Заңды білу заман талабы».

«Тәрбиелі тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы» демекші қоғамда тәртіп бұзушылық құқық бұзушылықтың алдын алған кезде ғана, еліміздің келешегі баянды болмақ. Кәмелеттік жасқа толмағандардың «Қоғамдық тәртіпті бұзуы» әрбіріміздің азаматтық құқығымызға өз кесірін тигізеді. Күнделікті өмірімізде кездесетін келеңсіз жайттар заң бұзушылыққа алып келетінін бәріміз біле бермейміз.

Жасөспірімдер арасында көп кездесетін көріністердің бірі.1 Көрініс. «Бұзақылық»

Сұрақтар:

  • Осындай тәртіпсіздік жасаған жасөспірім қоғамға зиян келтіруі мүмкін бе?

  • Сіздің мүлкіңізді бүлдіріп кетсе не істер едіңіз?

  • Заң бойынша осы жасөспірімдер қандай жауапкершілікке тартылады?

  • Оларға қандай жаза қолданылады?

  • Біздің білуімізше 14 жасқа дейінгі балаға ата ана жауапты, ал 14 жастан жоғары болса кім жауапқа тартылады?

«Ақылды ауыр көрген, ақымақты бауыр көреді» деп халық даналығында айтылғандай, кейде балалар өз қылықтарының дұрыс емес екендігін білседе, өзгенің көрсетуі мен тәртіпсіздікке, заң бұзушылыққа барады. Бұл барлық жерде кездесетін жайттар.

Келесі көріністен кейін әңгімемізді жалғастырамыз. 2 Көрініс.

«Әлемжеттілік»

  • Жасөспірімдердің мұндай қылықтары қауіпті ма?

  • Осындай жәйтқа тап болсаңыз не істер едіңіз?

  • Жасөспірімдер, кәмелеттік жасқа толмағандар қандай жауапкершілік немесе жазаға тартылады?

«Тәрбиесіз берілген білім адамның қас жауы» деп Әл Фараби айтқандай білім беруде тәрбиенің рөлі зор.

Еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Болашақ үшін салынған инвестицияның ең тиімділігі бұл жастардың білім алуы үшін салынған инвестиция» деп атап көрсеткен.

Бізге мемлекет тегін орта алу, еңбек ету, денсаулық сақтау тағы басқа құқықтарын берді. Сол мүмкіншіліктерімізді тоолық пайдаланып жүрміз бе?

Соған назар аударайық. 3 Көрініс.

Осы көріністегі оқиға бізде ғана емес барлық жерде кездескендіктен білім алушылар мұны жәй оқиға деп қарайды. Мектепте тәртіп орнату үшін әр оқушы мектеп ережесін сақтау керек.

Мектептің оқушы ережесімен таныстыру.

Қ.Р. «Білім туралы Заңы» 47 бап 18 тармағы.

Қорытынды сөз.

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиетті, бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті,білімді азамат болуымыз керек. Қылмыстың қоғам өміріндегі зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әр қайсымыз жете түсінуге тиіспіз.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті оқып, үйреніп бойымызға сіңіріп, өз құқығымызбен міндіттерімізді әрқашан естен шығармауымыз керек. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген Абай атамыздың өсиетіндей, еліміздің болашағын өркендететін азаматтардан болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
1343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі