15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасөспірім және заң. Заңды білу – заман талабы.
Тақырыбы: Жасөспірім және заң. Заңды білу – заман талабы.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын түсіндіру. Конституция және т.б құқықтық-нормативтік актілерді орындып, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру арқылы
адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Әдісі: Пікірталас. Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Заң бабтары. Құқық жайлы нақыл сөздер.
Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасындағы дау – жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Міне осыдан келе ру-тайпалар арасында көсемдер, бертін келе билер, хандар пайда болып,ереже,заң пайдалана бастады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін Төре тұқымдары шығарды. Ол «Төру» деп аталды. Атамекен,туған жер, оны жаудан қорғау, жер – суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау – жанжалдарды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау. Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы яссасы» 13 да, Қасым ханның «Қасқа жолы» 14 да, Есім ханның «Ескі жолы» 15 да, Тәукеханның «Жеті жарғысы» 16 да ел үшін қызмет етті.
Қазақ мемлекетінің тарихында 4 Конституция болды. Олар: КАССР – нің 1924ж Конституциясы, 1937 жылғы Конституциясы,Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының 1993, 1995 жылдардағы Конституциясы. Конституция деген сөз латын тілінен аударғанда «құрылғы» немесе «құрылым» , «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді. Кеңес дәуірінде біз Конституцияны Мәскеудің үлгісімен «Основной закон» Негізгі заң деп келдік. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын бірінші болып «Егемен Қазақстан» газеті Ата заң деп атады. Ойлап қарасақ , біздің табиғатымызда осы атау жақын сияқты, өйткені қазақта атадан үлкен адам жоқ, оның әрбір сөзі кейінгілер үшін заң болып есептелінеді. Ал, Конституция республикада қолданылатын барлық заңдардың атасы емеспе. Сондықтан Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін , олардың түзілу реттігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы, ұлттың ең маңызды заңды құжаты.
1995 жылы 30 тамызда Референдумда ұсынылған жаңа Ата заңымыз бір ауыздан қабылданды.
Дүние жүзінде 1948 ж 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассемблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады . Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді .
1.Табиғи құқық.
2.Азаматтыққа байланысты құқықтар.
3.Экономикалық әлеуметтік құқықтар.
Біздің соңғы Ата Заңымыздың басты құндылығы республиканың өзін демократиялық зайырлы, құқықтары және әлеуметтік деп жариялаумен қатар өзінің ең қымбат қазынасы халық екенін айқындап берді. Әр оқушы Отанын мақтаныш етіп, елін құрметтеу керек. Елінің өткенімен келешегін ой елегінен өткізе отырып келешек «Қазақстан – 2030» бағдарламасына қосатындай білім мен тәрбие алуы.
Адамның және азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымыздың толық, жан – жақты көрініс тапқан. Өйткені қазір Қазақстан Республикасы Конституциясы еліміздің барлық заңдарының қайнар көзі болып табылады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы ыКонститутциясында баяндалған. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрса, оның екінші бөлімі 30 – бабы құқыққа арналған. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 12 – бабы 1 тармағында құқық пен билік байланысты айтылған.
1.ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкіл.
2.Қоғамның бастапқы ұясы.
3.Алғашқы Конституциясының негізін қалаушы.
4.Адамдардың өмір сүру қалыптарын үйлесітіріп реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық.
5.Парламент қандай палаталардан тұрады.
6.Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын орган.
Тәуелсіздік жылдары біз талай жетістіктерге қол жеткізіп тұрақтылық әлеуметтік саласындағы табыстары халықаралық арнадағы қарым – қатынастары, тағысын - тағылар. Бірақ маңыздылығы олардан кем түспейтін бала тәрбиесі мәселесін ұмыт қалдырдық. Сонымен болашақтың тұтқасы жасөспірімдер өмірінің бірер қырына үңіліп кетер болсақ кез -келген құқық бұзушылықтық қылмысқа әкеп соғары белгілі. Статистикалық көрсеткіштер жасөспірім қылмыскердің заң бұзушылық саласындағы белсенділігі мықты екендігіне айғақтап отыр. Республикадағы әрбір бесінші қылмыстық іс кәмелеттік жасқа жетпеген балаусаның қолымен жасалуы ойланарлық жайт. Сондықтан осынау мәселе төңірегіндегіндегі ой қозғалу мүмкін емес. Дей отырып оқушыларға қойылатын сұрақтарым бар.
1.Заң , тәртіп сөздерін қалай түсінесіңдер?
Нұрдәулет: Меніңше бұл сөздер қарапайым тілмен айтқанда ереже деп түсінемін, мысалы жатақхана ішілік ережені алсақ болады.Тәртіп бұзу дегеніміз сабақта,жатақхананда тыныш отырмай өзгелерге кедергі келтіру. Мұғалімге,тәрбиешіге дөрекі сөз қайтару, сабақтан қалмау тағы басқа мектепке қатысты тәртіп бұзушылықтары. Ал мектептен тыс жағдайда біреуге өрескел қылық көрсету.Заң мемлекттік ереже,оған адамдар бағынуы тиіс.
2.Қылмыс неден туындайды ?
Нұрадан: Баланың бұндай қылмыстық істерге баруы баланың мектептегі немесе үйдегі сырластарының болмауы, ата – ананың ұрыс – керісі,қаражаттың жоқтығы себепші болуы мүмкін.
- Ата – ана баласын бақылаусыз жіберіп алса
- баланың жолдастары нашар болса
- баланың жанын түсінетін адам үйде де, мектепте де табылмаса
- баланың жас ерекшелік дамуына назар аудармаса деп ойлаймын
Біз ертеңгі елдің болашағымыз. Осы өлкенің дамуына, өркендеуіне үлес қосу біздің парызымыз, міндетіміз деп есептеймін.Қазіргі кезде көптеген қылмыстық істер тіркелуде. Қалада ауданда және де ауылдарда қылмыстық істердің дені көбейгені айдан анық Қылмыс жасаушылардың басым бөлігі кәмелеттік жасқа толмаған, әлі буыны қата қоймаған балауса бозбалалар. Әр түрлі дәрежедегі қылмыстық істер жасауда түрткі болып отырған негізгі себебі, отбасылық жағдайлардың балаға кері әсер етуінен туындайды. Ең әуелі отбасы болып құрылған соң , олар өз балаларын дұрыс тәрбиелеуде, еліне пайдасын тигізетін азамат етіп өсіруге міндетті.
3.Ауыр қылмысқа қандай іс - әрекеттер жатады ?
Бекзат:
терроризм
Мемлекеттің немесе жеке адамның меншігіне зиян келтіру.
Қасақана кісі өлтіру
- Өз -өзіне қол жұмсау
Атылатын қару жарақ оқ-дәріні, жарылғыш заттарды пайдалану.
4.Егер біреудің қылмыс жасағалы тұрғанын байқасаң не істер едің?
Мейіржан:Бұндай жағдай менің басымнан өткен жоқ немесе куә болған жоқпын. Алайда, көрген, куә болған жағдайда тоқтатуға тырысамын,қолымнан келмесе полицияға немесе 102 нөмеріне телефон соғамын..Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген тәртіп бұзушылар және қылмыстық істер тіркелуде.Басқа адамдарға зиян тигізбеу керек.
Бір істі тергеу кезінде тінту немесе бөлмелерді, адамды тінту кезінде шақырылатын адам?(Куәгер)
5. – Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында не істеуге болады ? Оған қандай тосқауыл қоюға болады ?
Ақберен:Негізінен бұл істің барлығы қызығушылықтан, еліктеуден туады.Шетелге, үлкен адамдарға еліктеймін деп жүріп сан соққандар өте көп. . Бұның бәрі елімізге кері әсерін тигізуде.Негізгі тәртіп бұзушылық ең алдымен шылым шегу, наша тарту, насыбай ату, ішімдік , алкагольге салыну - басты праблема . Ол үшін ақша қажет емес пе ? Ақшаны табу осыдан туады. Арақ ішкен адам есін білмейде қылмыс бұзушылықпен айналысуы мүмкін. Себебі зиянды нәрселер адамның ішкі ағзасын бұзады. Бұл организмге өте қауіпті құбылыс. Сондықтан барлық Қазақстан халқына айтарым еліктеймін деп, қолындағы заттың у екенін білмей, берілген қысқа ғұмырын өз қолдарымен құртып алып жүрмеңіздер. Қазақта «арақ ішкен-азар, темекі шеккен – тозар, наша тартқан өз көрін өзі қазар» деп бекер айтпаған. Сондықтан зиянды әдеттен аулақ болайық.
.Әкімшілік жаупкершілікке істеген тәртіпсіздігіне байланысты бала неше жасынан жазаға тартылады? (16 жас)
Қатысушыларға қойылатын сұрақтар.
1.Заңды кім шығарады? (Парламент)
2.Парламенттің жоғарғы палатасы қалай аталады?(Сенат)
3.Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс)
4.Қазақстандағы заң түрлерін атаңыз ?
Қазақстанның кон-сы
Қазақстанның еңбек кодексі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс»
Балалар құқықтары туралы конвекция ( Қазақстан балаларының құқықтар заңы.)
Неке және отбасы туралы заңы
Қылмыстық кодекс
Білім заңы
Отбасының кері тәрбиесі баланың құқықтар туралы заңы
5.Қазақстанның егемен ел болғанына неше жыл? (20 жыл)
6.Президенттік лауазым қашан енгізілді? (1990 жылы 24 сәуір)
7.Атқарушы билікті ата?(Үкімет)
8. Үкіметті кім басқарады? (Премер-министр)
9.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде неге бағынады?(Конституция және заң)
9.Баланы жастай немесе,( баланы бесігінен түзе ) деген тәрбиелі сөздерге айтар ойыңыз қандай?
10.Бала тәрбиесінде отбасы ролі қандай болуы керек?
11.Балаға тәрбиенің қандай түрлері тиімді деп ойлайсын?
Мына нақыл сөздерді қалай түсіндірер едіңіздер?
1.Бір қазаға - екі жаза
2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар.
3.Би екеу болса , дау төртеу.
4.Әр елдің заңы басқа , иттері қара қасқа.
5.Тақыр жерге су төксең , тайғақ болар.
Жаманға сырыңды айтсаң , айғақ болар.
6.Ата-ананың қадірін , балалы болғанда білерсің.
Анық достың қадірін , жалалы болғанда білерсің.
7.Әділ істің – арты игі .
Кешіміздің негізгі мақсаты оқушылардың нағыз оз елінің азаматы болып өсуге,үлкен жауапкершілік иесі, ынталы, жігерлі, басқалардың құқығын құрметтейтін азамматтар болуға тәрбиелеу.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет.Әр Мемлекеттің өз заңы болады.Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының құқықтық білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы 21-маусым, 1995жылы №2347 қаулысын жариялады.Елбасы «Заңды білу заман талабы» екенін көрсетті.
Біздің ата Заңымыз Конституциясы, оның негізі заң деп аталу себебі: бүкіл мемлекеттің қоғамның ең маңызды басты мәселелерін адамзаттың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның экономикалық негізін мемлекеттің құрылуымен қарастырады.Конституция бүкіл заңдардың қайнары болады. Қ.Р-ның Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.
Қ.Р.Конституциясының 1-бабының 1-ші тармағында
Қ.Р. өзін демократиалық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары. делінген.
Бұл заңда балалар мен жасөспірімдерге ерекше қамқор жасау үшін балалардың құқықтарын қорғайтын конвенция 1989жылы 20-ы қарашада БҰҰ Бас Асомблеясында қабылданған.Яғни, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз анық көрсетілген. Конвенция 54 баптан 3 бөлімнен тұрады.
Конвенция деген не?
Конвенция дегеніміз- келісім шарт. Халқаралық келісімдердің кең тараған түрі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік ата-анасына жүктелетіндігі расталады. Конвекцияның бірінші бөлімінің 1 бабында бала сипаттамасы көрсетілген, яғни 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп аталады.
2. Баланың заңды өкілдері ата-анасы.
Балалар, Конституция туралы өзімізге қажетті жалпы ақпарат алдық. Ендеше ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы «деген нақыл сөзге» сүйене отырып Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары мен міндеттері туралы 3 тараудың баптарына тоқтала кетейік.
2 бап
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды.
24 бап
Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
28 бап
Ә рбір баланың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға құқығы бар.
24 бап
Әркімнің енбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.
21 бап
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбеленуге құқығы бар.
16 бап
Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
19 бап
Әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай демалуға және бос уақыттарын пайдалануға құқылы.
7 бап
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы.
13 бап
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР – ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты.Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Әрбір бала Қ,Р.-ның Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, \ар-ожданы мен қадір- қасиетін, Республиканың мемлекетік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
Адамның жаксы ұстаздан болады,адамшылығы, тәртібі- акыл, ғылым, жаксы ата, жақсы ана, жаксы құрбы. Қандайда бір қылмыстың алдын алу, бүгінгі күрделі әрі қиын кезеңде кез – келген тәртіпсіздікке қарсы тұру, біздің борышымыз десек артық болмас.Еліміздің болашағы жастар десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлейік. Қазақтың біртуар ұлы Б.Момышұлы атамыз «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген екен. Сондықтан балалар тәртіпке бағынайық. Ел қорғайтын азаматтар, өмірдің тұтқасы сендерсіңдер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген