Стресс дегеніміз не
Стресс-ағзаның
тітіргендіргішке қайтаратын жауабы.
Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда,
аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және
жабайы жануарлармен күрескенде, олардан
қашқанда алады. Бірақ жер бетінде
тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған,
миллиондаған жылдар болса да адам
ағзасының қиын және экстремальді
жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген.
Стресс биологиялық қабылдау және жауап
қайтаруға бейімделген.
Стресті
физикалық тұрғыда реакция бермеуіміз
керек.
Жұмыстағы
ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді,
жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің
сахнаға шығардағы қобалжуын еске
түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың
арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте
көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс
керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке
әсерінен адам ауруға шалдығады және
биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана
бұл жағдайларда ғана емес басқа
жағдайларда да стресс алуы мүмкін.
Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция
кезінде болады.Дамыған индустриальді
елдерде көбінесе негативті стресс
кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде
жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын
мұқият бақылауда сондай ақ, майда
жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін
жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт
стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға
шалдығуы мүмкін.Стресс бұл- тек ауру
мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен
шынығу құралы болып табылады. Стресс
адамның психикалық, физикалық тұрғыда
денсаулығына зиян келтіреді.Стресс
адамда ишемиялық аурулардың тууына
әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық
ауруы, диабет, асқазан жарасы және он
елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді
астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық
және аллергиялық бұзылыстар пайда
болады.Адам организмінің адаптациялық
мүмкіндігі шексіз емес.Стресс адамға
қайғы мен ауру әкелгенімен қоса
экономикалық және моральдық зиян
келтіреді. Стресс және прогресс соңғы
кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің
өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден
қоршаған орта әділетсіз болған кездері
болған шығар. Ондай кездерде адамдар
өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз
жағдайларға дейін баруы мүмкін. Стресс
ең күшті және ең әлсіздердің жолында
тұрады. Стресс кейбіреулерге қатты әсер
етуі мүмкін, ал кейбіреулер онымен тіпті
өмір сүреді.
«Менің
әлі тірі кеудеме тастай сөз түсті. Ештеңе
етпес, мен оған дайынмын ғой. Барлығымен
де күресе аламын.»(А.Ахматова)
Стресс
көпшілік тілдерде бірдей аударылып,
бірдей мағына береді. Г.Сельенің «стресс»
терминін ұсынғанына жарты ғасырдай
өтсе де көптеген медициналық анықтамаларға,
энциклопедияларға, әдебиеттерге
енгізілген. Стресс сөзі әрбір оқыған
адамның күнделікті лексиконына
енгізілген. Негізінен әрбір адам стрестен
өтеді. Соңғы кездерде стресс мәселесі
ыстық экстремальді цехтарда, Арктикада,
Антарктикада,жер астында, су астында,
космоста жұмыс жасайтын және оператор,
диспетчерлер, спортпен айналысатындар
қозғалып отыр. өйткені мұндай адамдар
стрессті көп алады. Стресті тіпті
жануарларда, соның ішінде балықтарда
бақыланады. Соңғы кездерде стрестік
реакцияны өсімдіктерде зерттеу жұмыстары
жүріп жатыр.Стрестің биологиялық
негізінің анализі, оның пайда болу
механизмі және таралуы біріншілік
маңызды мәселе болып табылады.Стрессті
оң және теріс жағын түсіне отырып, соған
байланысты оны жоюға әрекет ететін
болсақ еңбек ету қабілетіміз жоғарылап
, өз денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік
береді.Стресс сөзі ең алғаш ағылшын
жазушысы Роберт Маннинг қолдана отырып
былай жазған: «Бұл шөл далада 40 қыс
болған адамдарға құдайдың жіберген
азабы» Медицинада ең алғаш стресс(қысым)
сөзін Г.Селье қолданған.
Стресті
оқудың негізін қалаған Ганс Селье
(1907-1982)- білімі бойынша дәрігер, әлемдік
аты бойынша биолог, экспериментальді
медицина мен
хирургиялық
Институтының директоры,( 1976ж бастап
Халықаралық стресс институтында),
Монреальда елу жылдам астам уақыт жалпы
адаптациялық синдром мен стресті зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, сонда жұмыс жасаған.
Селье Прагадағы университеттің медицина
факультетінде оқыған, содан соң Римде,
Парижде оқуын ары қарай жалғастырған.
Европадан жер аударылып, Канадада
стрестің жан жақты концепциясының
негізін қалады. Ол стрестің механизмін
зерттей отырып стрестік реакцияда
гормондардың рөлін және эндокриндік
емес ауруларға қатысуын зерттеді.
Стрестік концепция Сельенің «дисстрестік
стресс» атты сүйікті кітабында толығымен
жазылған.
Ұлы
француз физиологы Клод Бернар 19 ғ II
жартысында стресс туралы ұғым шықпай
тұрып былай деген: «тірі организмнің
ішкі ортасы, ішкі жағдайы кез келген
сыртқы ортадағы болып жатқан келеңсіз
жағдайларда да сақталуы тиіс» Яғни
бұдан шығатын қорытынды адам әрқашанда
да стрестен сақтанып, тым уайымшыл
болмауы тиіс.