жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасөспірімдерді қылмысқа апарар жолдардан сақтандыру
Жасөспірімдерді қылмысқа апарар жолдардан сақтандыру
Әлемдік қоғамда , айрықша алаңдатып отырған түрлі қиындықтар, елдің ертеңіне қосатын елеулі үлес салмағын байқатуда . Соның бір саласы жастарды тәрбиелеу болып табылады . Халқымыздың міндеті қай заманда да – шыншыл, адал, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Соның ішінде қазақ халқы өзінің ұрпағының дені сау, ақыл -есі түзу, өз отанының патриоты отаным , елім деп еңірейтін ұл –қыз тәрбиелеген.
Қазақ халқы 7-атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Өкінішке орай жеті атасын білмейтіндер немере, шөбере жиен-нағашылардың өзі бірін-бірі түстеп танымайтындар көбейді. Жесірін тентіретпейтін қазақы қасиет кеміп, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілікті әркез таныта бермейтін болып барады. «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,құлағы мен жағын жер.»
деген халық даналығын ұмытпауымыз керек
Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген-жетесіз»деген?
себебі -Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен.Оны ғылым дәлелдеп отыр.Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген.
Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз.
Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы жасөспірімдерге көбірек мағлұмат берсек.
Ұлы ойшыл Сократқа кезіндем мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі – салауаттылықта.
1. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Ал кейбір жасөспірімдердің ойлары: « темекі шегу – ересек болып көріну», барып тұрған үлкен қателіктің бастауы.
Темекінің шығу тарихына көз жүгіртсек, Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылған. Ресейде темекі тарту – Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін
Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.
Л.Толстойдың
«Жастық» повесінде: «...Шылымның
иісі жағымды көрінді, аузымда қышқылтым
дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ
жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға
тырыстым, көп кешікпей бөлменің іші
көгілдір түтінге толды. Аздап басым
айналды. Мен әрекетімді тоқтатып,
қолымдағы түтікшемен айнаға қарау үшін
орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым
босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала
бастады, әрең деп айнаның алдына жеткенде,
одан мен өзімнің ақ шүберектей бозарған
өңімді көрдім. Мен шындап қорықтым...
және қатты бас аурумен әлсіреп төсекте
ұзақ жаттым...» деп
жазылған.)
Тіпті кейбір мемлекеттер темекімен күресу жолдарына әдейі заң шығарған. Мысалы: Англияда темекі шеккендерді дарға асқан, ал І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
ҚР – сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын – алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген.
2. Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі кем, ұмытшақ ауруға тап келеді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады.
Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын 4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен.
1)-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.
2)-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.
3)-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.
4)-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтайық.
3. Темекі – есірткіге апаратын бірден-бір жол.
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады» делінген.
Есірткі
- адамның санасын жаулап қана қоймай,
әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті
бар химиялық зат. Есірткі түрлері:
гераин, какаин, анаша, канапля және тағы
басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан
мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді.
Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу
немесе дәрі сияқты капсулаларда
қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант
пудрасы сияқты болып келуі оның бір
елден екінші елге тасымалдануына
мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі
немесе витаминдер сияқты шекарадан
тасымалдау оңайға түседі.
Есірткіні
қолданатын адамның түрі бозарып, тамаққа
тәбеті болмай, тез арықтау, қатты жөтелдер
сияқты өзгерістер байқала бастайды.
Ондай адамдардың есте сақтау қабілеттері
нашарлап, көңіл күйлері тез өзгеріп, әр
түрлі заттарға немқұрайлы қараулары
байқалады.
Есірткі
қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар
пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде
қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы
СПИД пен гепатит осылай тарайды. СПИД
біріншіде дұрыс білінбейді. Адам өзін
сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді.
ВИЧ адамның жасушасына жабысып, дамиды
екен. Дами
келе, СПИД-ке айналады. Ол басқа аурулардың
астарларына тығылады. Мысалы, грипп,
өкпе аурулары, т.б. Ол алғашқы 3-4 айдың
ішінде байқалмайды. Ал СПИД-ке қарсы
ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам
өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ СПИД
вирусы күшейіп алса, адамды аурулардан
қорғайтын иммунитетті істен шығарады.
Дәрі бұған төтеп бере алмайды. Ал бұл
адамның өліміне әкеледі. Бұл ауруға
күресті ұйымдастыру үшін мемлекет
жылына 66 млрд доллар керек етеді. Бұл
үшін Денсаулық сақтау ұйымы бәріне жыл
сайын ақша бөліп, алдын ала жұмыстарын
жасауда
Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
ЖИТС
– бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға
созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін
кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына
кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде
осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын
ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану,
алдын алу. Қарап отырсақ жаман жүріс,
жаман әдет бір –бірінен туындап, шырғалаң
түпсіз терең тұңғиыққа тарта береді
екен.
Еліміздің білім беру және тәрбиелеу ордасы мектептерге талап қойылған. Ол
жасөспірім жеткіншектерді өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Мысалға: жеткіншек спорт саласында жүріп жеңіліске кездессе «Менің өмірімдегі ең қиын сәт осы болды» дегенді айтады екен. Ал ҰБТ тапсыру да сіздердің өміріңіздегі проблема болып табыла ма? Өмір дегеніміз өзі қиындықтар сатысынан тұратынын үлкендер өзіміз біле бермейтін сияқтымыз. Осы қиындықтар деп отырғанымыздың өзі біздің өмір сүруіміз болып табылатынын жастарға дер кезінде түсіндірсек түрлі жағдайдың алдын алуға болады деп ойлаймын. Көпшілік басқаша ойлағанмен, барлық жасөспірімдер мен кішкентай балаларға құрбы-құрдастарынан гөрі ата-аналарының ықпалы басымырақ болады. Бұл талапты мектеппен ата-ана тығыз байланыста бола отырып, бүкіл халық болып тәуелсіз еліміздің болашағы үшін атсалысайық халайық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Кез-келген істе кездескен қиындық бұл мәңгілік емес. Шешуі жоқ түйін болмайды».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген