Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жасөспірімдердің мінез акцентуациясы жайлы анықтама беріліп, оны жоүары оқу орындарында оқыту жүйесі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы ең ірі және беделді жоғары оқу орны. 1934 жылы құрылған бұл университет Халықаралық деңгейде танымал ғылыми-зерттеу орталығы, сонымен қатар, білім беру саласында көптеген жетістіктерге жеткен. Қазақстандағы білім беру мен ғылымды дамытуға, көптеген белгілі ғалымдар мен саясаткерлерді дайындауда үлесі зор білім ордасы. ҚазҰУ ғалымдары көптеген ғылыми жаңалықтар жасап, олардың нәтижелері дүниежүзілік ғылыми журналдарда жарияланған. Университет студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да көп көңіл бөледі, оларға халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады. ҚазҰУ - бұл әр түрлі ұлт өкілдерінің білім алуына мүмкіндік беретін, әлемдік стандарттарға сай білім беруді ұсынатын көпұлтты университет. 16 факультет пен 100-ден астам мамандық бойынша білім беретін ҚазҰУ студенттерге кең ауқымды білім алу мүмкіндігін береді.

Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафердрасы – Қазақстандағы психология саласындағы жетекші білім зерттеу орталықтарының бірі. Студенттер психологияның әртүрлі бағыттары бойынша білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады. Осындай нағыз білім ордасында 4 жыл психология туралы базалық білім қалыптастырып, ендігі кезекте сол білімді ғылыми жұмыс түрінде жетілдіру мәртебесі бұйырғалы тұр. Психология бойынша әртүрлі жеке бағыттар оқытылады, соның ішінде « даму психологиясы» саласы бойынша жасөспірімдер психологиясы,олардың мінез акцентуациясының ерекшеліктері зерттеліп, оқытылып жатыр.

Жасөспірім кезең - өмірдің ең күрделі және динамикалық кезеңдерінің бірі. Бұл уақытта адам өзін іздейді, өзін дүниеде табуға тырысады, ойлау қабілеті мен қарым-қатынас дағдылары қалыптасады. Алайда, осы өзгерістермен бірге, мінез-құлқында белгілі бір ерекшеліктер пайда болуы мүмкін, оларды мінез акцентуациясы деп атайды. Мінез акцентуациясы - бұл тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің шамадан тыс күшеюі, бірақ бұл патологиялық жағдайға жетпейді. Басқаша айтқанда, бұл психикалық ауру емес, бірақ ол жасөспірімнің әлеуметтік бейімделуіне, қарым-қатынас орнатуына, оқуына және өмір сүруіне әсер етуі мүмкін.Жасы жетіп келе жатқан адамның жаңа дүниемен, жаңа тәжірибелермен және жаңа мүмкіндіктермен кездесуі оның жеке тұлғасын қалыптастыруға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі басқаруға әсер етеді. Бұл кезеңде адамдар қоғамның әлеуметтік нормаларын қабылдауы керек, сонымен қатар өздерінің жеке тұлғалық қасиеттерін сақтауы керек. Ерте диагностика, дұрыс психологиялық көмек және ата-аналардың қолдауы жасөспірімнің өмір сүру сапасын жақсартады және оның сау және бақытты өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлық - оқытушы құрамы ұжымы даму психологиясы, соның ішінде, жасөспірімдермен жұмыс жасау және олардың мінез акцентуациясының ерекшеліктерін оқыту арқылы студенттерге кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл болашақ мамандардың дамуына жағымды ықпал етеді. Менің нағыз маман болып қалыптасуыма үлесін қосқан кафедра ұжымына мың алғыс білдіремін!!!


Суранша Жайна

4 курс студенті

Оқытушы: Болтаева А.М

психология ғылымдарының кандидаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі