Материалдар / Жасөспірімдердің психикалық физикалық денсаулығын нығайту

Жасөспірімдердің психикалық физикалық денсаулығын нығайту

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2019
2642
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жасөспірімдердің психикалық физикалық денсаулығын нығайту

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан- 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтын алдын алу, нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы процесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр.Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығынан ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымындағы әлеуметтік, макроәлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбейуі   немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Соның ішінде жасөспірімдердің психикалық физикалық дамуындағы ақауы мен шығатынын атауға болады.Балалық шақтағы барлық ауытқулар, бейімделу немесе жеке тұлғалық өзгерістерде, осы айтылған себептердің көп факторлығын ашуға мүмкіндік беретін, солардың өзара әсерін зерттеу қажет. Психикалық денсаулықты нығайту, өсіп келе жатқан ұрпақтың жоғарғы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және үйлесімді психофизиологиялық пісіп жетілуін қамтамасыз ету - маңызды әлеуметтік міндеттерге жатады. Психикалық және тән саулықтарын бір-бірінен бөлуге болмайды. БДҰ беретін денсаулық анықтамасында бұл жағдай барынша нақты көрсетілген. Денсаулық ауру немесе жарымжандықтың (кемістіктің ) жоқтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ, толықтай әлеуметтік, рухани және физикалық аман-есендік. сонымен адам биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік ретінде қарастырылады.
  • Жасөспірімдер балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге өткен кезде өздерінің өмір сүру стилін таңдайды. Бұл балалардың қазіргі және олардың болашақтағы денсаулығына әсер етеді.
  • Қауіпті мінез-құлық және психикалық денсаулыққа қатысты қиын мәселелер жасөспірімдер арасында кең таралған.
  • Қауіпті іс-әрекет әдетте басқа да жағымсыз факторлармен бірге байқалады және ол денсаулық пен психикалық мәселелерге кері әсер етеді
  • Бала кезден бастап психологиялық денсаулық пен салауатты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ықпал ету қажет.
Балалық шақ және жастық кезең тұрақты психикалық денсаулық пен салауатты даму негіздерін қалыптастыратын негізгі кезең болып саналады.Ересектермен салыстырғанда жастар қатерге және психикалық бұзылыстарға бой алдырғыш келеді. Себебі олар күнделікті өмірде көптеген қиын мәселелермен және өмірдің жаңа талаптарымен кездеседі .Осы кезеңде жасөспірімдер денсаулыққа қауіпті өмір сүру стильдерін қабылдауы мүмкін және ол ересек шақта да жалғасын тауып, олардың алдағы өмірінде психикалық денсаулықтарына кері әсер етуі мүмкін. Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересек халқы денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының барлық перспективалары, халықтың өмір сүру жағдайының жоғары деңгейі, ғылым мен мәдениет дамуының жоғары деңгейі бүгінгі күнгі балалардың қол жеткізген денсаулығының қорытындысы. Соңғы жылдары байқалып отырған балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайындағы жағымсыз көріністер мемлекетке үлкен әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бұл мынадай себептерге байланысты:Балалар мен жасөспірімдер есірткі, темекі және алкогольдің әсерін өздерінде сынып көруге тырысатын қатерге барады, сөйтіп қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Бұрынғының жоғалып, жаңа идеология мен субмәдениетке сай жаңа ойын-сауық ұйымдарының шалқып дамуы, мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің нашар экономикалық базасы, балаларға (қызығушылығы бойынша) қосымша білім беру мен бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жұмсалатын шығындардың жоғарылығына сай халықтыңтөлем қабілетінің төмендігі сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты жағдайдың қиындығы. Бүгінгі таңда психикалық және тәртіптік ауытқуы барлардың әрбір төртіншісі – бала. Дегенмен, жасөспірімдер арасындағы осы патологияның өсу қарқыны ересектерге қарағанда 2 есе жоғары. Әрбір сегізінші жасөспірім психика және жүйке жүйесі тұрғысынан әртүрлі патологияларға ие. Мынадай фактіні белгілеуге тура келеді, есірткі мен алкоголь сияқты психоактивті заттарды қолдану нәтижесінде психо-тәртіптік бұзылулары бар аурулар жылдам қарқынмен дамып келеді. Көпшілік баланың тәртібіне көптеген факторлар әсер етеді, солардың әсерінен жеке тұлға ретінде қалыптасуы, оның денсаулығы, психикалық және физикалық саулығы сақталады не бұзылады. Жасөспірімдер денсаулығына жасалған талдаулар жасөспірім-қыздар денсаулығының индекс деңгейінің төмендігін куәландырды, әрбір екінші қыз бала (46,9 %) қандайда бір аураға ие. Қаралған 100 мың қыздың 1466-да гинекологиялық патология байқалды. Олардың жартысы өсімпаздық жүйеде дисфункциялық жағдайға ие.Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың әумесерлік мінез-құлық себептеріне жүргізілген талдаулар келесі жетекші факторларды анықтады:
  • жағымсыз отбасылық орта;
  • өзара түсінушіліктің және ата-аналар тарапынан қамқорлықтың жоқтығы;
  • тәрбиедегі кемшіліктер;
  • күйзелістермен, қоғамдық міндеттермен күресуге қабілетсіздігі;
  • өмірлік дағдының жоқтығы, соның ішінде айналасындағылармен қарым-қатынас жасау дағдысы, әсіресе құрдастарымен;
  • қысымға қ тұра алмауы және өз бетімен шешім қабылдай алмауы, сондай-ақ сыни ойлауының дамымауы;
  • психоактивті заттарға қолжетімділік;
  • агрессиялық жарнамалардың болуы;
  • мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар дамуы;
  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мәселелері.
  • Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың, жасөспірімдердің және жастардың мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін келесі қадамдар жасалуы тиіс:Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының тиімділігіне талдау жасау;- қауіпсіз тәртіпке дағдыландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларына қатысты қолда бар бағдарламаларды біріктіру;- әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың тәртібін түзету, осы топтың білім алуы мен бос уақытын тиімді өткізуінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы білім беру және басқа да бағдарламаларды жасау;- заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру;- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы негізінде осындай балаларға қоғамның шыдамды қарым-қатынасын жасау;- ата-аналармен мақсатты жұмыстар жүргізу, оларға арналған оқу бағдарламаларын жасау;





Психология пәнінің оқытушысы П. Акмурзина
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ