400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар – алға, Жастар – самға қалықтап

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез-келген балалар демалыс орнының баламен тығыз байланыста болып, бар күш жігерін сала жұмыс атқаратын педагогикалық тобы болады. Біздің «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымыздың ұйымдастырушы-ұстаздары «Жастар» педагогикалық тобы орталыққа келген әр баланың жол көрсетер шырақшысы секілді. «Жастар» педагогикалық тобы - орталығымыздың жүрегі деуге де болады. Уақытша құрылған балалар бірлестігімен тығыз байланыста болып, оқушыларға психологиялық ахуал мен жағымды жағдай жасап, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірдің негізгі құндылықтарын: адамгершілік, мейрімділік, жауапкершілік, патриоттық сезімдерін нығайтып, жеке тұлға болып қалыптасуларына жағдай жасауда. Балалардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануға жұмсайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1


ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы





Жастар – алға,

Жастар – самға қалықтап



Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,

- деп қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады. Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. 

Кез-келген балалар демалыс орнының баламен тығыз байланыста болып, бар күш жігерін сала жұмыс атқаратын педагогикалық тобы болады. Біздің «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымыздың ұйымдастырушы-ұстаздары «Жастар» педагогикалық тобы орталыққа келген әр баланың жол көрсетер шырақшысы секілді. «Жастар» педагогикалық тобы - орталығымыздың жүрегі деуге де болады. Уақытша құрылған балалар бірлестігімен тығыз байланыста болып, оқушыларға психологиялық ахуал мен жағымды жағдай жасап, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірдің негізгі құндылықтарын: адамгершілік, мейрімділік, жауапкершілік, патриоттық сезімдерін нығайтып, жеке тұлға болып қалыптасуларына жағдай жасауда. Балалардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануға жұмсайды.

Күнделікті күн тәртібінде міндетті түрде балалардың демалыстарының қызықты өтуі үшін әр түрлі бағыттағы іс-шаралар, көңілді кештер ұйымдастырып береді. «Жастар» педагогикалық тобы баланың орталықтағы әрбір өткен уақыты үшін жауапты жан. Өзіне берілген балаларға қамқор болып, үйдегі ата-ананың рөлін атқарады. Баламен бала болып ойнап, керек кезінде ата-ана, аға-әпке, дос, бауыр бола білетін әмбебаб – ұстаз, тұла бойы тұнып тұрған талант иелері. Өзінің бойындағы бар өнерін баланың бойына сіңдіруге барынша аянбай еңбек етеді. Біздің жастар 2019 жылы өткен "Үздік педагогикалық Жастар тобы-2019" 2 Республикалық байқауының Гран при иегерлері. Биыл «Жастар» педагогикалық тобының құрылғанына 20 жыл. 27-қараша «Жастар» педагогикалық тобының туылған күні. Жалпы «Балдәурен» РОСО-ның ұйымдастырушы-ұстаздарын төл мерекелері «Жастар» педагогикалық тобының туылған күнімен құттықтаймыз!


Құрметті «Жастар» педагогикалық тобы!

Ел ертеңі болар жас ұрпақты тәрбиелеуде қанаттарыңыз талмай, аянбай еңбек етіп, жаңа жетістіктер мен сенімді достық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Ата-аналарыңыздың абыройлы перзенті, еліміздің нағыз азаматы болыңыздар. Алар асуларыңыз бен, жетер жетістіктеріңіз көп болсын!

Орталығымызда әр ауысым сайын «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші болады. Бұл кеште балалар өз ұйымдастырушы-ұстаздарын жаңа бір қырынан танып, нағыз топтың қандай боларына көз жеткізеді. Орталыққа келген әр баланың жүрегінің төрінен орын ала білетін, мінезімен тәрбиесі, білімі ұштасқан «Жастар» педагогикалық тобына алдағы уақытта тек қана сәттілік тілеп, жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етулеріне тілектеспін! Болашақтың іргесі біз жастардың қолында. Жалынды жастарға тек қана сәттілік тілеймін. Қырандай ұшып қалықтар, педагогикалық топ - «New Zhastar»!

Бойларында жалындаған күші бар,

Осы кезде Жастарды сен есіңе ал.

Жастар – алға, Жастар – самға қалықтап,

Балдәуреннің жастарсыз осы несі бал!


Бұл жастарсыз ойын-сауық, кештердің,

Ешбірі де қызықты болып өте алмас.

Тек алға Балдәурендік «New Zhastar»,

Сіздердей өнерліні ешкім осал дей алмас.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі